Қазақша шығарма: 6 Шілде - Астана күні (Арайлы Астанамды мақтан тұтамын!)

Қазақша шығарма: 6 Шілде - Астана күні (Арайлы Астанамды мақтан тұтамын!)

...Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтан тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне, осындай.
Нұрсұлтан Назарбаев

Жоспар

I Кіріспе бөлім
Елбасының батыл қадамы.
II Негізгі бөлім
Есіл жағасындағы еңселі қала.
Әлем мойындаған арайлы Астана!
III Қорытынды бөлім

Жаңа Астанамен бірге – кемел болашақты сезіну.
Эйфель мұнарасы, Кремль... Бұл астаналық нышандар – әлем картасының ең үздік жолбасшылары. Олар бұл күнде солай жаратылған сияқты. Бірақ олар белгілі бір адамдардың дарынымен, еңбегімен салынған. «Астананы құру – ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазу. Мұндай мәртебе әр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген. Екі мыңжылдық тоғысында біз шешім қабылдап, Еуразияның жүрегінде іс жүзінде жаңа астана құрдық,»-деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан болатын. Иә, шынымен де, ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазып, астананы ауыстырып, осындай батыл қадамға барған - көсеміміз Н.Ә.Назарбаев. Сонымен, елбасымыз үлкен таңдау жасады: ел астанасы етіп Ақмола қаласын тағайындап, оны «Астана» деп атады. Бұл таңдаудың артында үкіметке екі міндет жүктеліп отыр:біріншісі – қаланың немесе астананың бірегей әрі қайталанбас ажарын қалыптастыру, екіншісі – қаланың осы бірегейлігі қаланың барлық азаматтарының астанада өздерін жайлы сезінуіне ықпал етуі тиіс.
«Елбасымыз!
Халқыңды бір сынадың!
Шырқаттың да келешектің ұлы әнін!
Көш шеруін бастап кеттің Арқаға,
Жүректерде жаңғырықты ұраның
Бірі қоштар,
Бірі мұны бекер ғып...-
Десті: - Бұған дәулет қайда жетерлік!...
«Тәуекелі тастай жігіт екен!»деп,
Басын шайқап, таңғалады шетелдік,»-деп Қайрат Жұмағалиев айтқандай, астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру кездерінде, әрине, оңай болған жоқ. Аз уақыттан соң-ақ жаңа Астана халықтың күдігін жоқ қылып, сенімсіздігін жойып, Еуразияның жүрегінде қарқынды дамып, бой көтерді. «Тәуекел түбі – жел қайық, Өтерсің де кетерсің,»-дегендей елбасының батыл қадамының нәтижесі ұшын көрсете бастады.
Жаңа әрі озық үлгідегі тамаша тұрғын-үй кешендері, еңселі әкімшілік ғимараттары, гүлзарлары мен субұрқақтары, әсем монументтері мен сәулет ескерткіштері бар Есіл жағасындағы еңселі қала бейне бір қауыз жарып келе жатқан көп гүлді, мол жапырақты өсімдік тәрізді, Сарыарқа төсіндегі жеке дара жап-жасыл жазирадай. Қаланың жасыл желегі көз қуантып, гүлзарлар көздің жауын алып, субұрқақтар жанға сая болуда. Көз алдымызға суретшінің күн сайын тынымсыз салған, кешке қарай жаңа бейнелер, түстер, бояулар қосып, әрлей түскен суреті елестейді. Иә, бас қаламыз Астананың сәулет ажарында ұдайы жаңа өрнектер пайда болуда, әрдайым өзгеше бір тың бояулармен көркемделуде. Міне, жапырағын жайып, жас қаланың жас ағашы Бәйтерек тұр. Ол жан-жағына нұрын төккен алып шарды – өмір мен бейбітшілік символын күллі әлемге паш етіп тұр. Ал Президент Ақордасының төбесінде ұлттық жалауымыз желбіреген, киіз үй сипатты зор күмбез баршамызды бейбітшілікке, ауызбіршілікке шақырып, қызбалықтан, өшпенділік сезімдерінен сақтандырып тұр. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, «Ел анасы» монументі, «Астана-Арена» спорт кешені, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің зәулім ғимараты, «Хан Шатыр», «Керуен», «Мега», тағы басқа ойын-сауық, сауда орталықтары, Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, «Конгресс Холл», Орталық концерт залдары, Оқушылар сарайы, ұлы тұлғалар Абай мен Пушкиннің, Сәкен Сейфуллиннің, ұлы үш биіміздің, батырларымыз Кенесарының, Бөгенбай батырдың, Әлия Молдағұлованың және басқада қайраткерлердің мүсіндері Астананың сәнін келтірген інжу-маржан,көне Есілдің жағалауына әр берген гауһар моншақтар іспетті.
Астана – тек біздің ғана емес,дүние жүзіне зиялылық нұрын төгетін тоғыз жолдың торабындағы Еуразияның, әлемнің сәулетті қаласына айналып отырған ғажайып шаһар. Тәуелсіз Қазақстан 22жылда әлемнің үздік елдері қатарына қосылса, Астанамыз 14жылда таңғаларлықтай көрсеткіш көрсетіп,әлемге Қазақстанның қандай мықты мемлекет екендігін дәлелдеді. «Елу жылда ел жаңа» демекші, іргетасы қаланғанына елу жыл емес, өте аз уақыт болса да, аққу қанат елордамыз ежелгі Есіл бойында қанатын кеңге жайып, сәулетті де сәнді Ордаға айналды. Осы Еуразия жүрегіндегі еңселі қала әлем назарында. Жан-жағымыздағы бауырлас елдермен қатар, өзіміз қазіргі уақытта теңескен «мүйізі қарағайдай» ірі мемлекеттер де астанамызға көз тігуде. Діні бірге діндестеріміздің,тілі бірге түркі туыстарымыздың, «Жер» деп аталатын ортақ мекеніміз бір барша мемлекеттердің достықты, татулықты, бірлікті сақтап отыратын елшіліктері бар. Келешекте, 2017жылы өткізілетін «Expo 2017» көрмесін өткізу құрметі де Астанаға берілді. Бұл – біз үшін ұлы жеңіс. Бір Астананың сұлулығына, мәдениетіне 103 мемлекет дауыс беріп, біздің қаламыз әлемнің ең көрікті де дамушы қаласына айналды. Астананың осы байқауда жеңіске жеткенінің екі себебі бар: бірі – елбасы мен қазақ халқының саяси батыл қадамы, екіншісі – сәулетшілер мен құрылысшылардың дарындылығы мен тәжірибелілігі, қаланы көркейту жолындағы ерен еңбегі. 15жыл ішінде жай ғана кішкентай қаладан алып арман қалаға айналған бұл шаһарды, мейлі, әлем мойындасын, мойындамасын, Астана – қазақ халқының тарихының жаңа парағы, рухани дүниесінің есігі.
Шығармашылық қиялыма әлі із тастап үлгермеген келешекті бағалай аламыз ба? Бағалай аламыз. Өйткені, болашақ бізге армандарымыз арқылы із тастап отырады. Яғни, Астананың болашағы айқын: көз алдыма сағат сайын өсіп-өркендеп, әлемнің ең озық ғимараттарынан асып түскен сәулеті асқан қала, экологиялық жағдайы мұнтаздай Астананы елестетемін, жаңа астанамен бірге кемел келешекті сезінемін!Астана туралы айтатын сөз де, арман да биік шыңды таудан жоғары, байлығымыздай алапат мол... Тек, Тұманбай Молдағалиевтің мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
«Аман бол, қазағымның арыстаны,
Жер соғып қала берсін алысқаны.
Бәрін ал, алам деген биігіңнің
Жарық ал жұлдыздардан алыстағы.
Үмітпен ертеңіне қарады ұл-қыз,
Бір нұрға жаңа толды жанарымыз.
Астана, жаңа Астана, жан Астана
Жерге кеп қона қалған дара жұлдыз.»

Армандай отырып, дара жұлдызымыздың болашағын өзіміз құрайық, келешек ұрпаққа мінсіз етіп қалдырайық. Тағы да 15жыл бұрын айтқан сөзіміз: «Есіл жағасында бой көтерген аққу қанат Астана – Ақ Орда құтты болсын, әлемдегі қалалардан асып, іші байлық пен ұл-қызға толсын!».

Автор: Шайхыслям Ақтолқын

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Астана туралы шығарма, Қазақша шығарма астана туралы казакша шыгарма, сочинения на казахском языке про город астана, сочинения на казахском про акмола астана, астана туралы қазақша шығарма, астана туралы казакша шыгарма, сочинение на казахском языке про астану, найти сочинение на казахском языке про астану, скачать сочинение на казахском языке на тему астана, астана туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, астана каласы туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, шыгарма шығарма сочинение на тему астана на казахском языке скачать, шыгарма шығарма сочинение казакша, казакша, шығарма, шыгарма, астана каласы, шыгарма сочинение на тему астана, астана қаласы туралы шығарма, астана туралы шығарма, Қазақша шығарма: астана, Қазақша шығарма: астана туралы казакша шыгарма, сочинения на казахском языке про астана город, Қазақша шығарма, астана туралы казакша шыгарма қазақша шығарма, астана туралы шыгарма, сочинение на казахском языке про город астана, на казахском языке скачать, на казахском языке, скачать, на тему астана, астана туралы, қазақстан қалалары туралы шыгарма шығарма сочинение, казакстан калалары туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, шыгарма шығарма сочинение на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, шыгарма шығарма сочинение на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, казакстан калалары каласы, шыгарма шығарма сочинение на тему казакстан калалары, на тему казакстан калалары, города казахстана шыгарма шығарма сочинение на казахском скачать, astana turaly shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, astana kalasy turaly shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, shygarma shyғarma sochinenie na temu astana na kazahskom yazyke skachat, shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, kazaksha, shyғarma, shygarma, astana kalasy, shygarma sochinenie na temu astana, astana қalasy turaly shyғarma, astana turaly shyғarma, Қazaқsha shyғarma: astana, Қazaқsha shyғarma: astana turaly kazaksha shygarma, sochineniya na kazahskom yazyke pro astana gorod, Қazaқsha shyғarma, astana turaly kazaksha shygarma қazaқsha shyғarma, astana turaly shygarma, sochinenie na kazahskom yazyke pro gorod astana, na kazahskom yazyke skachat, na kazahskom yazyke, skachat, na temu astana, astana turaly, қazaқstan қalalary turaly shygarma shyғarma sochinenie, kazakstan kalalary turaly shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, shygarma shyғarma sochinenie na temu kazakstan kalalary na kazahskom yazyke skachat, shygarma shyғarma sochinenie na temu goroda kazakstana na kazahskom yazyke skachat, kazakstan kalalary turaly, kazakstan kalalary kalasy, shygarma shyғarma sochinenie na temu kazakstan kalalary, na temu kazakstan kalalary, goroda kazahstana shygarma shyғarma sochinenie na kazahskom skachat

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]