Қазақша шығарма: Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзия, ақындық өнер жайлы ой-толғамдары
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын зерттеу мәселелеріне шолу жасай отырып ақынның адам, қоғам, дінтану мәселесі жүйелі түрде жеке зерттелмегенінің куәсі боламыз. Ақын шығармашылығында Адам – Қоғам – Дін мәселелері ең өзекті тақырыптар. Бұл мәселелер оның поэзиясының дүниетанымдық және идеялық күретамырлары болып табылады. Ақын мақсаты адамды жөңдеу, қоғамды түзету және Жаратушыны тану. Осы құндылықтарды поэзиялық сипаттау, талдау, түсіндіру, уағыздау арқылы ақын қазақ халқына дұрыс өмір сүруді үйретуге ұмтылады. Ақын поэзиясының осындай терең тақырыптық, идеялық маңызы оның бүгінгі күн үшін, қазіргі халық үшін қажеттілігін анықтайды. Сол себепті, Шәкәрім шығармашылығындағы Адам – Қоғам – Жар – Жаратушы, және дінтану мәселелерінің поэзиялық бейленелуін, көркемдік шешім табуын дара зерттеу қазақ әдебиеті үшін кезек күттірмейтін қажеттілік деп білеміз. Қазақ әдебиеттануында Шәкәрім мұрасына байланысты бұл мәселелер жеке зерттелген жоқ.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының поэтикалық ерекшеліктерін ашу үшін оның дүниетанымына бойлау, ақыл-ойын қалыптастырған негіздерді саралау, сол арқылы қазақтың өлең өрнегіндегі өзіндік нақышын, даралық стилін сараптау міндет болып табылады.
Сөз зергерінің көркемдік жүйесінің қалыптасуындағы дәстүрдің ролін ұлттық фольклор мен жыраулар поэзиясының, сондай-ақ батыс пен шығыс мәдениетінің әсер ықпалын талдау арқылы оның шығармашылық жолының өсу, көркемдік поэтикасының сапалық белгілерінің қалыптасу бағыттарын сараптау.
Ең алдымен қаламгердің Абай шығармаларымен тақырыптық және поэтикалық үндестігін сараптау арқылы ұлы ұстазынан үйрене отырып, өзгеше көркемдік әлем қалыптастырған даралық сипатын анықтау. Екі шығармашылық тұлғаның тақырыптық, мазмұндық, идеялық, ұстанымдық және дүниетанымдық сабақтастығынан туындайтын сөз кестелері мен көркемдік амал-тәсілдерінде, өлең өрнектерінде бедерленетін ерекше қолтаңбаларын айқындау.
Адам образын бейнелеуде Шәкәрім поэзиясындағы психологизм сипатын, адамның ішкі жан дүние сапаларын тірілту, жандандыру арқылы ерекше мәнде суреттеу тәсілін қалыптастырғандығы, сол арқылы «адамды түзету» идеясын көздегені, ал жеке адамның ішкі сапасының артуы бүкіл қоғамның болмысын айқындайтындығын шығармалары арқылы баян еткендігі талданады.
Мәңгілік тақырып махаббатты жырлаудағы ой-сезімнің поэтикалық бітімі мен терең сезімі, психологизм мен трагизмнің өзгешелігін сопылық поэзия сарындарын шебер пайдалана білген қаламгерлік ерекшеліктерін саралау арқылы белгілі тақырыпты толғаудағы өзіндік өрнегін айшықтау. Ақын қозғаған махаббат мәселесінің мәні жеке адамдар арасындағы сезім сипатынан асып, адам мен жаратылыс арасындағы үйлесім табиғатымен бірлікте алынуы арқылы өмірдің түпкі мән-маңызын ұқтыруға бағытталатынын айқындау.
Шәкәрім поэзиясындағы қоғам мен әлеуметтің өзекті тақырыптарын саралау арқылы оның поэтикасындағы сыншылдық пен реализм белгілерінің көрінісін тауып, өлең өнерін қоғамды оң бағытқа бұру жолындағы аса маңызды құрал ретінде пайдаланғандығын тұжырымдау. Шәкәрім қалыптастырған осы үрдістің қазақ қоғамындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі маңызын сараптау.
Ақынның көркемдік жүйесіндегі елеулі ерекшелік: оның өлең жүйесіне Жар, Жаратушы ұғымдарын енгізіп, жаратылыс сырын жырға қосуымен сол арқылы ғаламдық дәрежеде ой айта білгендігін дәйектеу. Ақын түсінігіндегі рухани бастау Алладан, жаратушыдан негіз алады, Алланы сүйген, жаратушысын танып шын жүрекпен сезінген адам жаңа сапаға жетуге ұмтылады, сол арқылы адам да, қоғам да түзеледі дейтін ой толғамдары қазақ поэзиясының мазмұндық та тақырыптық та көркемдік кестесінде де жаңа бір түзіліс тудырды. Зерттеуде осы мәселені анықтауға назар аударылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеудің қол жеткізген ғылыми жаңалығын былайша сипаттауға болады:
Ең алдымен Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиялық шығармаларының поэтикасы кешенді түрде алғаш рет қарастырылады.
Ақынның поэзиялық мұрасы оның дүниетанымымен сабақтас алынып, адами тұрғыдағы өсіп-жетілу жолының өлең өрнегіндегі іздері алғаш сараланады.
Шәкәрімнің өзіне дейінгі рухани қайнардан үйрену әдісінің ерекшелігі ашылып, олардың ақын болмысындағы көріністері поэзия мысалдары негізінде дәлелденеді. Мысалы, халық ауыз әдебиетінің үлгілері, шығыс пен батыс әдебиетінің ықпалы.
Абай мен Шәкәрімнің рухани үндестігі алғаш рет терең әрі жан-жақты сарапталып, ортақ белгілерімен ерекшелік, даралық сипаттары: «түзу адам» қалыптастыру, адамды түзеу, махаббатты жырлау, табиғатпен, жаратылыспен үйлесім, гуманизм мен сыншылдық т.б. мәселелер деңгейінде айқындалады.
Ақынның шағын көлемді лирикалық өлеңдері мен кең құлашты эпикалық туындыларындағы тақырып жалғастығы, көркемдік амал- тәсілдердің күрделену жолдары алғаш рет жүйелі түрде зерделенеді.
Шәкәрімнің «түзу адам» қалыптастырудағы психологиялық ішкі сапаны дамытудың мән-маңызын жоғары қойғандығы өлеңдеріндегі көркем жүйе арқылы дәлелденеді. Ақыл, жүрек, сезім сипаттарын жеріне жеткізе әсірелей суреттеу арқылы әрқайсысының жеке-жеке және тұтас қызметінің адам өміріндегі маңызын ұқтырудағы поэзиясының көркемдік қуаты алғаш рет сарапталады.
Ақындық табиғатындағы бөлекше болмысының айқын белгісі ретінде адам мен тылсымның арақатынасына бойлау, сол арқылы адамзаттың көнеден бүгінге дейінгі мәңгілік тақырыптары: өмір мен өлім, жан мен тән мәселелерін қозғау екендігі анықталады. Осы мақсаттағы «Жар», «Жаратушы» ұғымдарының мәнін ашып көрсететін өлеңдері көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет зерттеу назарына алынады. Осы мәселенің ықпал әсерінен махаббат ұғымының да аясы кеңіп, ол адамзатты, жалпы өмірді сүю ұғымына ұласатындығы дәйектеледі.
Ойшыл ақынның күрделі мәселелерді қалың жұртшылыққа ұғынықты, жатық тілде ұқтыра білудегі көркемдік амал тәсілдерді (диолог, монолог, автор сөзі, кейіпкер сөзі, баяндау, т.б.) шебер қолданудағы өрнегі айқындалады. Ақынның тың поэтикалық ізденістерінен туған «жүрек көзі», «көңіл көзі», «ішкі көз», «ақ жүрек», «таза жүрек», «кіршіксіз ақыл», «шын ақыл» секілді эпитеттік қолданыстардың мәні ашылып, олардың қазақ әдебиетінің көркемдік келбетін көркейтудегі рөлі анықталады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: – Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық поэтикасы өзіндік ерекшелігі бар күрделі көркем жүйе.
Ақын туындыларының көркемдік келбетін құрайтын компоненттер оның күрделі дүниетанымымен ғаламдық сипаттағы ой-танымымен тамырлас. Өйткені ұлттық құндылықтарды ғана емес, адамзаттық ақыл-ой жетістіктерін еркін игерген ғұлама ойшыл қазақ өлеңінің көркемдік деңгейін де биікке көтере білген.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: