Шығарма: Бала - ата-ана бейнесінің айнасы
Барлық ата-аналар сыпайы, тілалғыш және ақылды балалар армандайды, олар бақытты, ашық балалық шағы бар. Онда отбасындағы кішкентай және тілазар,бұзық балалар қайдан пайда болады? Айта кету керек, ата-анасына бағынбайтын бала жоқ, тек ата-ана баласын тыңдап үйрену керек. Себебі ата-ананың бала сөзін түсінбеуі бүлдіршіннің қырсықтығына алып келеді. Ата-анасы тәрбие беруде қателіктер жасайтын немесе олармен ешқандай қарым-қатынас жасамайтын балалар,көбінесе қырсық әрі айтқанынан қайтпайтын болып өседі,себебі,олар тек өзінікінің дұрыс деп біледі,оларды ешкім түзетуге тырыспаған.. «Ата-анасын білгіңіз келсе, олардың баласына көз салыңыз» деген ой дұрыс айтылған деп ойлаймын. Бала жетілгеннен кейін,ата-ананың мінез-құлқы мен өмір салтын көрсетеді. Адам отбасында қандай тәрбие көрсе,баласын да сондай тәрбиемен өсіретіні көптеген отбасыларда байқалады. Сондықтан психологтар: балалар қандай тәрбие көрмесін, олар бәрібір ата-анасына ұқсайтын болады , сондықтан ең алдымен өзіңізді тәрбиелеуіңіз керек,-деген ой ұсынады. Өйткені, балалар ерте езден тез байқағыш әрі есте сақтағыш келеді: олар мінез-құлықты, интонацияны, ересектердің реакциясын, бет-әлпетін, қимылдарын, сөздерін және эмоцияларын өз санасына көшіріп алады. Және бұл еріксіз жұмыс атқарады , себебі бала ата-анаға ұқсас болуға ұмтылады. Жұмыспен айналысатын , үй шаруашылығындағы істерді жасай отырып, өмірдегі маңызды мәселелерді шеше отырып, бұл кейде ата-ана назарынан тыс қалады. Бала - ата-ананың ішкі дүниесін көрсететін айна. Оның көзіне қарап, сіз өзіңіздің көрінісіңізді көресіз. Сондықтан,сол айнаға қарағанда ұялмай, басыңызды тік ұстап тұратындай етіп өз перзентіңізді өсіріңіз.
Асем Кабирова
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: