Шығарма: ЕСТІР ҚҰЛАҚ БОЛСА...

Шығарма: ЕСТІР ҚҰЛАҚ БОЛСА...

Өз кезінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бабамыз: «Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын», - деп әдемі теңеумен дөп айтқан екен.
Сол секілді өмірімнің түрлі кезеңінде өзімнің тарапыма сөгіс, басқаша айтсам сырттымнан айтылатын жағымсыз әңгімелер легін естіп жатамын яки естіп те келемін. Бәлкім, бұл нәрсе бәрінің басында бар шығар. Десе де өзім аталмыш дүниеге салғырт қарай алмаймын. Артынан көп ойланып, уайымдап, себебін іздейтінім бар. Кейде ашуға қатты берілетін кездерім де болады. Менің не ішіп-жеп, не кигенімнен бастап не істеп, кіммен, қалай жүргеніме дейін талқыға салған қаншалықты қызықты екен. Оның арасында мен туралы ой-пікірлерін біреу арқылы маған жеткізетіндер де жоқ емес. Неге артымнан ащы тілмен пышақ сұқпай, өзіме келіп айтпасқа?! Ия, бірақ біз күнәһар пенделер анық - қанығына жетпей, білместен біреуді даттауға әрдайым дайынбыз ғой. Көпке топырақ шашқаным емес, бірақ ондай адамдар бар. Егер оларды "адам" деп атауға болса, әрине.
Алдыңызға танысыңыз екінші танысыңызды әңгіме етіп, жаман қырын айтып келсе, оған қосылып ере кетпей, керісінше тоқтау айтып, неге сабасына түсірмеске?! Жап жас болып ақылгөйсіпті демеңіздер. Жас болсам да, өз ортамда бас болып жүрген жайым бар. Есейгелі алған өмірлік жағдайлардан шығарған қорытындым деп білерсіздер.
Жақында осы тақырыпқа байланысты жақсы сөз оқыдым. «Құрт(шіркей) тек тәтті алмаға ғана жабысады» депті. Расында да дәл солай. Ендеше, менің де артымнан ерген жағымсыз сөздерді көреалмайтын сараң адамның қылығы деп білемін.
Сөз қай заманда да өз иесін тапқан. Кешірерсіздер, бұл менің өмірім!
Әйтсе де менің айналамда сыйлы да құрметті жандар қатары көберек. «Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын» деген жақсы мақал бар ғой, мына бес күндік фәниде бір біріміздің жақсылығымызды асырып, жамандығымызды жасырып бейбіт өмір сүрелік! Өмірде жамандық онсыз да көбейіп келеді. Ешкім де ештеңе де мәңгілік емес. Бәрі уақытша. Бастысы өзге үшін қуана білейік, себебі ол сирек кездесетін өзіне сенімді, мықты адамның құлқы.

Ақерке САБЫРҚЫЗЫ

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма ЕСТІР ҚҰЛАҚ БОЛСА... туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение ЕСТІР ҚҰЛАҚ БОЛСА... на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, ЕСТІР ҚҰЛАҚ БОЛСА...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]