Шығарма: Ынтымағы жарасқан ел

Шығарма: Ынтымағы жарасқан ел

«Білеміз ынтымақсыз іс оңбайды,
Тартынып шу-шулеткен кісі оңбайды».
(С.Торайғыров)


Мен 2 сыныпта оқимын. Ұлтым қазақ. Танымдық дүнием әлі де толмағанымен, айналадағы болмыста орын алып жатқан оқиғаларға басымды бұрып отырамын. Отбасымда үлкендердің әңгімесіне жиі құлақ салып отырамын. Одан сомдағаным, біршама елдерде тыныштық күйі жоғалып, халықтың тыныштығы бұзылды. Бір-біріне қол көтерген бауырластар, басшының сөзін далаға тастап, елдің шырқын шығаруда. Себептері қандай? Менің ойымша, ең алдымен адамдардың бірін-бірі тыңдамауы, жеке ойларын құрметтемеуі. Былайша айтқанда ауыз бірлігінің болмауы...
Осы орайда, біз үшін маңызды міндет - ел тұрғындарының бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін сіңдіру, Қазақстан халықтарының өзара татулық, түсіністік, ынтымақтастық рухта өмір сүруге ынталандыру болып табылады. Қазіргі уақытта еліміздің құрамына 100-ден астам ұлттар мен ұлыстар кіреді, олар бірнеше діни бірлестіктерге біріккен. Осындай әртектілік жағдайында әлемді алаңдатып отырған ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарға ұшырамай, халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне мүмкіндік беретін күш қандай? Ол - ұлтаралық келісім.
Ұлтаралық келісім - бұл адамның өнегелік тәрбиелігінің, жоғары мәдениеттілігінің, барлық ұлттардың ортақ мүдделері деңгейлерінің көрсеткіші. Осыған байланысты этникалық қауымдастықтардың дамуының құрамдас бөлігі ретіндегі тәрбие процесін тікелей ұйымдастыруға қатысты бірқатар келеңсіз жайттар туындайды. Біздің әрқайсысымыз іс жүзінде күн сайын барлық адамдармен араласу барысында оның мәдениет деңгейін бағымдайтын және салыстырмалы түрде өз мәдениеттілігімізді де өзіміз бағалайтын тәрбие нысаны болып табыламыз. Біздің бағалауымыз әділ ме әділ емес пе, тәрбиелік күші әсерлі ме, әсерсіз бе, бұл біздің пайымдауларымыздың күштілігіне, олардың ғылыми негізділігіне және оларды іс жүзінде пайдалану дәрежесіне тәуелді. Өйткені, менің көзқарасым бойынша, ұлтаралық келісімнің күнделікті өмірде нақты тұлғалар арасындағы қатынаста көрініс беретіндігінің жағдайы әрдайым ескеріле бермейді. Бірақ, әлі де болса біздегі жүйелі тәрбие жұмысының шынайы адамға, алуан түрлі ұлттық ортадағы әрбір азаматтың қажетті қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталуы өте нашар. Бұл мәселе арнайы зерттеуді талап етеді. Сонымен бірге, адамдарға ұлтаралық келісімге байланысты тәрбие беру ісін «өмірдің нақты мысалдарымен жүргізудің рөлі өте зор».
Қазіргі мемлекеттер көп этносты болуына байланысты этносаралық қатынастардың әр алуандығымен ерекшеленеді. Қазақстан әлемдегі полиэтникалық мемлекеттердің бірі. Тәуелсіздікті жарияласымен осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып табылатын қазақтардың тілін, мәдениетін қайта жаңғыртуға қол жеткіздік. Сонымен қатар Қазақстанды мекендейтін әрбір этностың мәдени, тілдік құндылықтарын қамтамасыз етуді мақсат етті.
Қазақстан – Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермей отырған бірден бір ел. Бүгінгі күнгі полиэтникалық Қазақстандағы татулық пен келісімнің болуы да қазақ халқының дархан мінезінің арқасы.
Осы күні, Елбасымыз өзі бас болып жүргізіп отырған көреген саясатының арқасында тәуелсіз елімізде сенімі мен көзқарасы әралуан сан ұлт пен ұлыстың, мақсат-мүдделері ортақ, тату-тәтті, береке бірлікте өмір сүруде. Сондықтан болар, елдегі этникалық үйлесімділікті әлемнің жетекші мемлекеттері жоғары бағалап, әрі тәжірибе алар алаңға айналдырып отыр.
Ұлтаралық келісім этникалық қауымдастықтардың және жаңа, жалпы адамзаттық өркениеттің дамуын айқындайтын маңызды белгілердің бірі болып келеді. Сонымен бірге ұлтаралық келісім – адамның өнегелі тәрбиелілігінің, жоғары мәдениеттілігінің барлық халықтардың баға жетпес құндылығы. Сондықтан да біздің тәрбие жұмыстарымыздың бүгінгі міндеті – ұлтаралық келісімді әрбір азаматтың өмірлік серігі ету. Сонда аспанымыз ашық болады, өзге елдердің қатесін қайталамайтын боламыз!
Менің ойымша, бүгiнгi қоғамдағы өзгерiстер халқымыздың ауыз бiрлiгiн, белсендiлiгiн, әр азаматтың жеке басының жауапкершiлiгiн талап етедi. Қоғамдағы келiсiм мен бейбiт өмiр, саяси тұрақтылық үшiн жан аямай қызмет ету, өз Отанына, отбасына, елi мен жерiне деген сүйiспеншiлiктен ғана туады.

автор: Рзабек Көркем Саянқызы

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Ынтымағы жарасқан ел туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение ынтымагы жараскан ел на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Ынтымағы жарасқан ел, 1 мамыр ынтымақ бірлік күні шығарма

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]