Шығарма: Мәңгілік сағыныш
Атырау облысы
Исатай ауданы
Исатай селосы
Исатай орта мектебі
Қайырлы Дана 10-сынып оқушысы
Оқушы шығармашылығы
Мәңгілік сағыныш
Исатай ауданы
Исатай селосы
Исатай орта мектебі
Қайырлы Дана 10-сынып оқушысы
Оқушы шығармашылығы
Мәңгілік сағыныш
Қымбатты менің анашым! Қайда барсам да, қандай көңіл күйде болсам да сен менің жанымдасың. Сенімен сырласу, сенімен ақылдасып жүру менің дағдыма айналғалы қашан?! Жаңа бір киім киіп айнаға қараған сәттерімде немесе ас уйде жаңа бір тәтті тағамды әзірлеген кезде Сіз менің сыртымнан бақылап, сүйсіне қарап тұрғандай сезінемін. Кейде іштей сөйлесіп тұрғанымда өз қуанышымды жасыра алмай бас изеп, қалай күлімсіреп тұрғанымды өзіім де байқамай қаламын.
Қымбатты менің анашым! Мен Сізден қол үзіп қалғанымда оң-солын танымаған сәби едім. Бірақ Сіздің жарқын бейнеңіз бен әсем үніңіз менің жүрегімде кешегідей сақтаулы.
Әлі есімде, көрші үйдің ауласынан әдемі гүлді жұлып алып Сізге алып келгенім. Сонда Сіз жай ғана үнмен:
‒ Күнім менің, бұл әдемі гүл ғой. Оны жұлуға болмайды. Гүл өсіп тұрғанда ғана құлпырады, жан-жағына қуаныш сыйлайды. Есіңде болсын, барлық дүниедегі тіршілік атаулыны жұлуға, қорлауға болмайды. Мен сенің оларды аялап, қорғағаныңды қалаймын, -дегенің.
Содан бері қаншама жаз, қанша күз, көктем өтті. Сіз тұтынған заттар мен өз үйімнің әрбір бұрышынан Сізді іздеген кездерім артта қалып, ержетіп, есейдім. Сіз сыйлаған өмірімді мәнді де сәнді ету өз қолымда екенін ұғыну маған оңай соқпады.
Өмірдің тек қуаныш пен сағыныштан тұрмайтынын ұғындым. Бала күннен бірге ойнап, бірге жүрген достарымның теріс айналған тұстарын көру мен үшін өмірдің үлкен сынағы болғаны анық. Тіпті күйректікке салынып, бұл дүниеде жалғыз қалғандай кездерім де болды. Сол сәттерімдегі әлсіздігімді кешіріп, менің ішкі мұң-шерімді тыңдағаның үшін, мың алғыс айтамын, Анашым!
Өмір деген тұрмайды қап-қарадан
Өмір деген тұрады ақ-қарадан
Ақ-қара екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам,-деген сөздің мәнін енді түсініп келемін.
Қазір өзіме жаңа достар таптым, ескі досыммен де табыстым. Көңілімді қылау шалса кітап оқуды, ғаламтор арқылы өз ойымды өзгелермен бөлісуді үйрендім. Өмірде жақсы адамдар көп екенін түсіндім...( Поэзияға жиі қол созамын. Ішінен өзімді, сені іздеймін. Бірде күлемін, бірде жылаймын...)
Бірде маған ұстазымның былай дегені есімде: “Сіздің үйдің терезесі мамаң барда ерекше жарқырап тұратын, үйдің қасынан өткенде ерекше көзге ұрып, мөлдіреп тұрушы еді. Сен енді үлкен қыз болдың, сен де жарқыратып сүртіп қой, ол терезеде сенің мамаңның қолының табы бар” дегені. Содан бері Сізді еске алғанда бірден терезеге қараймын. Қараймын да қолыма сүлгіні аламын...
Кейін есейе келе бұл сөздің астарында үлкен сыр жатқанын, тағлым мен тәрбие барын түсіндім. Көңілім құлазып, рухым жүдеп жүрген кездерімді айтпай танып, еңсе көтеруіме күш берген қайырымды жандарға шексіз ризамын, анашым.
Анашым, мен Сіздің жалғыз тал гүлің болғандықтан ба мені еркелетіп өсірдіңіз. Менің ақылды да сұлу болып ер жеткенімді қалағаныңды білемін.
Бірде менің қолыма сіздің күнделігіңіз түсті. (Жалпы анам туралы маған көп адам айта бермейтін) Сіздің қасиетті мекен Қызылордада туылып, арман қуып Алматыға барып, ЖенПИ бітіргеніңіз, дос қыздарыңызбен болашақты армандап жоспар құрғаныңызды оқығанда, мен Сізді жаңа қырыңыздан таныдым. Сіз өткерген студенттік өмірдің қызығы мен шыжығы, Сіз жоспарлаған болашақ Армандар мен мұраттар менің өміріме жаңа сілкініс әкелді. Сан саққа жүгірген балалық қиялым мен жастық көңілім жаңа арнаға бұрылды. Мен алдыма мақсат қойдым. Анам жоспарлаған биікке шығып, анам қол созған арманды жүзеге асырсам деген талап пайда болды.
Анашым, мен сізді өмір бойы сүйіп өтемін!
Маған ең мейірімді де қомқор әке сыйлағаның үшін, мені ешқашан жалғыз қалдырмағаның үшін, мені өмірге әкелгенің үшін ризамын!
Өмір деген тұрады таң мен кештен
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия, сырлы жұмбақ дүниеге
Адамдар Армен келіп, Армен кеткен
Бұл‒менің ендігі өмірдегі кредом болмақ!
...Анашым, мен сізге тағы да тіл қатамын.
‒ Сіз мені осы жолда қорғап, қолдайсыз ба?
‒ Әрине, жарығым! Сен қандай мамандықты таңдасаң да сенің Адам болғаныңды, білікті маман болғаныңды көргім келеді. Ешқашан ұмытпа, мен сенімен біргемін!
‒ Анашым, сіз маған өмір сыйладыңыз, мейірім мен махаббат, үміт пен арман сыйладыңыз. Мен ол сезімдерді өмір бойы аялап өтемін! Анашым...

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Шығарма: Менің анашым
» Шығарма: Ана
» Шығарма: Менің анам
» Шығарма: Менің қарындасым
» Шығарма: Менің отбасым
» Шығарма: Менің анашым
» Шығарма: Ана
» Шығарма: Менің анам
» Шығарма: Менің қарындасым
» Шығарма: Менің отбасым
Іздеп көріңіз: