Шығарма: Қарасаз құшағындағы күндер

Шығарма: Қарасаз құшағындағы күндер

Жамбыл облысы
Меркі ауданы
№17 И.И.Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясының
9 "ә" сынып оқушысы
Қадырқұлова Жанеля Ерболқызы
Тәуелсіз қазақ елінің жері кең екені бәрімізге мәлім. Осындай байтақ жердің әр мекенінің топырағы киелі. Солардың бірі қазақ халқы үшін қасиетті болып саналатын Қарасаз ауылы. Қасиетті Қарасаз аталу себебі бұл жерде ақиық ақын, қазақ әдебиетінің өр тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың кіндік қаны тамған жер.

Мұқағали Мақатаевтың туып-өскен жерін өз көзіңмен көріп қайту кез-келген адамға беріле бермейтін мүмкіндік. Сол себепті мен үшін Қарасаз ауылына бару үлкен бір бақыт десем артық болмас. Қазақ халқының ұлы тұлғасын көзі тірі кезінде елемегенімен, қазіргі уақытта қазақ әдебиетінде алар орны бір бөлек. Поэзия әлеміне жүрегі жақын мен секілді өскелең ұрпақ үшін ақынның әрбір өлеңі ерекше ықпал ететініне күмәнім жоқ. Шынайы поэзия өкілінің оқулары әрбір жыл сайын үлкен көлемде өткізіліп тұрады. Сондай байқаулардың бірін Республикалық көлемде «Ғұмырдария» балалар продюсерлік орталығы ұйымдастырып, жас ұрпаққа өз өнерлерін көрсетуі үшін мүмкіндік жасауда.

Бәрімізге белгілі биыл ақынның 85 жылдық мерей тойы аталып өтілуде. Соған орай ұйымдастырылып отырған іс-шаралар саны өте көп. Солардың бірі «Жырлайды жүрек» атты Республикалық ән-жыр фестивальі. Бұл фестивальде өз өнерімді көрсету мәртебесі мағанда бұйырған екен. Фестиваль жиырма екінші маусым мен жиырма бесінші маусым аралығында өтті. Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты жас таланттар жиналды. Фестиваль бірнеше кезеңнен тұрған еді. Олар: музейге саяхат, ауылдың сыйы, жас таланттар концерті, табиғат аясына серуен жасау.

Музейге саяхат кезеңінде біз Қарасаз ауылындағы әдеби-мемориалды музейіне шолу жасадық. Бір ерекшелігі мүзейді өлеңмен бірге таныстырып шықты. Және таныстырған мен қатарлы мектеп оқушылары. Музейдегі әрбір заттың өзіндік ерекшелігі мен мағынасы зор.

Ауылдың таланттары өз өнерлерін бізге көрсетіп үлкен бір сый жасаған да болатын. Қарасазда еңбектеген баладан, үлкен қария ата-әжелерімізге дейін өлеңін білетіні, сонымен қатар өте өнерлі болғанына мен шын мінінде тәнті болдым. Олардың өнерлері тап бір білікті өнер иелерінен артық болмаса кем болмас.

Ауыл тұрғындары үшін жас жұлдыздардың өнерлерін паш етуі екі кезеңнен тұрды. Біздің өнерлеріміз олардың көңілдерінен шыққанына еш күмәнім жоқ.

Қарасаз жерінің көзді баурап алар әсем табиғатына қарап–ақ бұл жерден өнер иесі шықпауы мүмкін емес екенін түсіндім. Төрт күннің ішінде шабытыма шабыт қосылып, әсерім өлең болып өріле бастады. Сол себепті бұл жер мен үшін де өте ерекше мекендердің бірі.

Аспандағы мамық ақ бұлтпен шектелген заңғар таулары, құлпырған гүлдері, қаулап өскен шөп шалғыны ауылды әсемдеп тұрады. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын ескермей кету мүмкін емес. Олар бізді ауылға келгеннен-ақ жылы жүзбен қарсы алды. Тұрғындардың қонақжай екеніне анық көзім жетті.

Қасиетті Қарасаз жерінен алған әсерім осылайша өздігінен-ақ теріле бастады. Қанша алыс кетсемде алған әсерім әлі де көз алдымнан кетер емес. Менің ойымша қазақтың әрбір адамы сол жерге бір рет болсын баруы тиіс. Ол жерге барған әрбір адам үшін тек жақсы нәтиже беретіні айдан-анық. Керемет жерден, керемет әсер алып келу мүмкіндігін берген продюсер Б.Есіркепов пен жоба авторы А.Тоқтарбекқызына айтар алғысым шексіз.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Қарасаз құшағындағы күндер туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Қарасаз құшағындағы күндер на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар Қарасаз құшағындағы күндер жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Қарасаз құшағындағы күндер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]