Шығарма: Наурыз

Шығарма: Наурыз

5 сынып оқушысы Харахад Жұлдыз
жетекші: Саяхат Нургайм

Наурыз-көне иран сөзі,қазақша мағынасы "жаңа күн" дегенді білдіреді. Наурыздың 8-і аналар күні. Ал 22-сі қазақтар үшін жыл басы-жаңа жыл,күн мен түннің теңелетін күні. Сондықтан да Наурыз тойын - Ұлыстың ұлы күні деп атаған. "Ұлыс" деген сөз мемлекет,ел деген мағнаны білдіреді. Жер беті бусанып, қар еріп, көк шыға бастайтын бұл уақытты "жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер" шағы деп текке айтпаған. Мал төлдеп, қыстан шыққан халықтың аузы аққа тиіп, бір жасап қалады.

Наурыз күнін жұрт бар жақсыларын киіп, үлкен қуанышпен қарсы алған. Бір-біріне өкпелі адамдар барлық реніштерін ұмытып, құшақтасып, төс қағысып, көрісетін болған. Бір-біріне жақсы, игі тілектер айтып, ақ ниетпен бата беріскен. Тіпті, осы наурыз күні Орта Азия билеушілері зындандағы тұтқындарына да бостандық берген деседі. "Самарқанның көк тасы жібиді" деген сөз содан қалса керек.

Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Әр үйдің дастарханы ұлттық тағамдарға толады. Ұлттық ойындар ұйцымдастырылып, түрлі мерекелік шаралар өткізіледі. Ақындар көпшілікке айтыс көрсетсе, биші,жырау, термешілер әуелете ән салады. Киіз үйдер құрылып, ұлттық бұйымдар қойылады. Қазақ халқында той ұлттық ойынсыз, сайыстарсыз өтпейді. Бәйге, күрес, көкпар, қыз қуу,асық ату сияқты сайыстар өтеді.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Наурыз туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Наурыз на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар Наурыз жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Наурыз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]