Шығарма: Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік
ШҚО, Өскемен қаласы
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінің
8 сынып оқушысы: Бейбіт Ботагөз Бейбітқызы
Жетекшісі: Қажыбаева Жадыра Кенжеханқызы

Тәуелсіздік! Иә, бұл кеудеңді көтере, мақтана айта алатын қасиетті ұғым. Жәй ғана ұғым емес, аса қадірлі ұғым. «Тәуелсіздік» дегенде әр адамның бойын мақтаныш кернейді. Менің бойымды осынау қасиетті ұғым жайлы сөз болғанда қуаныш пен қайғы, мақтаныш пен қасірет сезімі билейді.
Сан ғасырлар бойы небір қасіретті бастан кешсе де, ақын Ж.Молдағалиев жырлағандай, мың өліп, мың тірілсе де мойымаған қазақ халқы ұрпағының бас бостандығы, тәуелсіздігі үшін жан аямай күресті. Осы жолда ұлтымыздың аяулы тұлғалары, қайтпас қайсар батырлары жанын қиды. Әрине, олар бұл күнге жете алмаса да, өздерінің күрескерлік рухын, асқақ арманын болашақ ұрпақ жүрегіне жалғап, алғы күнге үміт артты. Міне, сол ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы көксеген арманына, аяулы мұратына ХХ ғасырдың соңына қарай қолымыз жетті десек, сол ақ түйенің қарны жарылған ақ жарылқап арманның жүзеге асқанына да бүгінде 25 жыл толып отыр. 25 жыл – тарих үшін қас-қағымдай ғана уақыт болғанымен, тәуелсіз Қазақ елі үшін ғасырдың жүгін арқалаған кезең болды. Иә, небәрі 20 жыл ішінде қазақ халқы бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген жетістіктерге жетті. Әрине, оның бәрі бізге оп-оңай келе салған жоқ. Тарихтың таңғажайып сыйы – Тәуелсіздікті баянды етуді басты мақсат санаған қазақстандықтардың еңбегінің, маңдай терінің арқасында ерен қиындық еңсерілді.
Бүгінде біз толайым табыстарымызды саралайтын, алдағы бағындырар биігімізді межелейтін кезеңге келіп отырмыз. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесі, сөз жоқ, бүкілхалықтық ұлы мереке, ұлы той және солай болуы заңды да.
Жеріміз қаншама қас батырлар қанымен шайылып, қаншама аяулы аналарымыз, асыл әжелеріміз, асқар таудай әкелеріміз өздерінің бауыр еті – балаларынан айырылып, тер төгіліп, ерең еңбекпен қол жеткізген Тәуелсіздік-ай! Еліміздегі ардақты да мәнді, құндылығы мол сөздің бастысы болып табылатын осы - «Тәуелсіздік». Азаттық жолындағы күресте зорлық-зомбылықты, әділсіздікті, ашаршылықты тәуір көрген жұртым үшін егемендік асыл қазына болып табылады.
Тарихқа бір үңіліп қарасақ, жұртымыз Тәуелсіздік аларға дейін басынан көп қиындық өткерді. Сонау 1465 жылдағы Керей мен Жәнібек сынды басшыларымыздан бастау алған тамырымызда соғыстан бет алмаппыз. Жоңғарлармен де, қытайлармен де, моңғолдармен де соғысқанда қазақ жұрты өзінің талай азаматтарынан айырылған. Осы соғыстарда кең байтақ даламызда қан-төгіс болып, батырларымыз өзін құрбандыққа шалған. Ерлеріміздің отбасыларының жасы төгіліп, мұңы шыққан. Жақындарын жоғалтқан халық күйзеліске де ұшыраған.
Дербес хандық құрып, әлемнің басқа хандықтарын жаулап, өзінің мықты саясатын енгізген, халықты бір орталыққа біріктіріп, бейбітшілікті ұстай білген хандар талай болды. Ал, Ресейге қосылу себебіміз : қанша болса да мықты ханның, амалсыздан Ресей Патшалығына қосылуы дұрыс болатын-ды деп санауы болып табылады. Ресей Патшалығына қосылғаннан кейін көптеген көтерілістер орын алды. Сырым Датұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы, Кеңесары Қасымұлы бастаған көтерілістер Ресей патшалығының зорлық-зомбылығына қарсы болып табылады. Бұл жерден тағы да азап көрген жұртымыздың халін байқай аламыз.
Ұлы Отан Соғысынан көрген қайғымыз – ең басты қайғы болып табылады. Шыбын жанын шүберекке түйген қайран жұртым, қиындықтын бәрін делік осы соғыстан көрді. Осы соғысқа қатысқан 1,5 миллион қазақтын 126 мыңнан астамы қаза тапқан. Ашаршылықтан, соғысқа кеткен жақындарын күтумен қиналған ел де бар. Ал ең қиыны-олардың соғыстан оралмауы.
Немістердің қатігездігіне, тас жүректігіне көз жұма қарау мүмкін емес қой. Мысалға айтататын болсам, менің әжем – тыл ардагері. Әрбір 7-мамыр сайын, кейде әрбір ай сайын айтып отыратын немістердің жүрексіздігі тыңдап отырған біздің жанымызды түршіктіріп жібереді. Әжемнің әңгімені бастар сөзі де, аяқтар сөзі де бір: «Аямады ғой, аямады ... Әр күніміз жылға, көз жасымызды көл қылып өткеретін түніміз ғасырға татитын еді. Жер жүзін тұмшалаған зілмауыр қара бұлттың етегі түріліп, таң атпастай көрінетін. Бірақ, үмітімізді үзген жоқпыз. Осы күні ел аман, жұрт тынышта өз-өзіне қол көтеретіндер көбейіп кетті деп естимін. Бәлкім осалдық, бәлкім жүйке ауруы, әйтпесе, адам баласы жарық дүниені қия алар ма еді. Біздің көргеніміз, арқалаған азабымыз адам баласы төзетін жағдай емес еді ғой» деп әжем соғыс туралы, концлагерь туралы көз-жасын жасырмай айтады.
Жасы он сегізде, тіпті он сегізге де жетпеген, келер ұрпақ бейбіт өмір сүрсін деген жастар соғысқа қатысқан адамдардың негізін құрайды. Мысал келтіретін болсам, қазағымның ерке де батыл қызы – Әлия апайымыз.
Он сегіз жасында бойы аласалау келген, түр-келбеті сүйкімді қыз соғысқа қатысатын адамдарды іріктеуге келеді. Жас кезінен сұңқардай мерген болған апайымыз елін қорғау үшін, жұрты үшін, жері үшін жанын беруге дайын болған апайымыз соғысқа аса дайындықпен келеді екен. Сапқа тұрғанда басын тік ұстап, «Молдагулова Алия» деп шақырғанда «Я!» деп сенімді жауап берген екен. «Сен бе? Әй, сен қыз өзі картоп аршуға келмедің бе?» деп күле қарап, қызықтап қойған генерал сұрағына Әлия: «жоқ, мен картоп аршуға емес, соғысқа қатысуға келдім. Азаттық үшін күреске келдім» – деп еркін жауап береді екен. «л, көрсет онда өнеріңді» - деп әлі сенбей тұрған генерал Әлияға мылтықты лақтырып жібереді. Мылтықты алып, он мишеньнің онына да тиіп, Әлия өзінің алғырлығын дәлелдеп шығып, генералды таң қалдырады. Соғысқа қатысар алдында бір күн бұрын, Әлияға өз есімі ойылып жазылған мылтық сыйға тартылады. Ал, келесі күні, соғыста, Әлия апайымыз өз ерлігін көрсетеді.
Апамның майын тамызып айтатын әңгімелерді тыңдап отырсаң, қалай жылап кететініңді аңғармай да қаласың.
Ал анам маған, тар жол, тайғақ кешудегі Желтоқсан оқиғасын баяндап береді.
Қара халықтың қамын ойлаған, КСРО үкіметінің әділетсіздігіне наразы болған студенттер Алматы қаласындағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға шығып, Колбиннің әділетсіздігіне қарсы көтеріліс бастайды. КСРО оны барлық тәсілдермен баспақшы болады. Қақаған аязда алаңға шыққан жастардың үстіне мұздай суық су төгіп қинайды. Ал желтоқсақнның ызғары оған «гүл үстіне гүл» болды. Осы себептен де бұл оқиғаны «Желтоқсан ызғары» деп атаған шығар, бәлкім. Мұндай азап көрген жастардың көтерілісін ақыр аяғында басып, кейбірін қамап, кейбірін ату жазасын кесті. Көтерілісте өзінің ерекше ерлігімен көзге түскен Ляззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова сынды азаматтарымыз бар.
Күнадан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар! - деп жырлайды Қайрат Рысқұлбеков.
Менің осымен не айтқым келді? Біріншіден, Тәуелсіз Қазақстан Республикасында тұратын әрбір азамат осы азаттық үшін күрестерді, соғыстарды, ірі де маңызды тұлағаларды білуі керек, білуі міндет. Тәуелсіздіктің дәмі қандай тәтті екенін сезінуі керек. Екіншіден, қазіргі таңда көптеген мемлекеттер басқа елдердің боданы болып, Тәуелсіздікке зар болып отыр. Осы себептен, біз Тәуелсіздік қадірін білуіміз керек, түсінуіміз керек, сезінуіміз керек және ең бастысы – сақтауымыз керек.
Болашақ – жастардың қолында деп бекер айтпаған ғой. Тәуелсіздікті ұстап қалу да өзімізге байланысты. Егер біз бір-бірімізбен тату болсақ, бейбітшілік, ынтымақтастықты ұстай алсақ, Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ. Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп сақтап қалған жер үшін, еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтауымыз біз үшін міндет.
Мен қазіргі кезде кең байтақ жерде, тыныш мемлекетте тұрып, сабағымды тыныштықта оқып, бейбіт елде тұрып жатқаныма қунаштымын. Осы үшін ата-баба рухына бас иемін және елімнің бақытын тербеткен еркіндігімізді сақтап, оны ұзарту үшін ат салысатын боламын!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сценарий: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!)
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ерлан Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі 1-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
» Шығарма: Менің тәуелсіз Қазақстаным!
» Шығарма: Арман жыры алаштың, азатық еді аңсаған.
» Тақпақ: Тәуелсіздік - тұғырым

Іздеп көріңіз: