Шығарма: Менің әжем

Шығарма: Менің әжем

Қостанай облысы, Рудный қаласы
№19 орта мектебінің
3 «Б» сынып оқушысы: Жұмаш Арсен Мадиұлы
Жетекшісі: Ахбергенова Мария Тулесқызы
Кез-келген баланың жақсы көріп, құрметтейтін әжесі болады. Менің де әжем бар. Оның аты-жөні Мухамбетова Ақкенже. Ең қызығы әжемнің екі есімі бар. Шын аты - Таңсық. Әке-шешесінің ерке қызы болған соң Ақкенже деп атаған екен. Әжем өз атына сай адам. Өте ажарлы, мінезге бай, ақжарқын.

Ол мені кішкентайымнан өсіріп бағып келеді. Жасы 75-тен асса да анам мен әкем жұмыста болған соң, мені сабаққа дайындап, шығарып салады. Ол қарындасым Жанарға да қарайлайды. Бізді қатты жақсы көреді. Күн сайын тәттілер алып беріп еркелетеді.

Ол мен үшін өмірдегі ең қымбат жан. Оның дайындаған сүтке қосылған күріші тіл үйіреді. Тәп-тәтті. Қайта-қайта жей бергің келеді. Әжеме сол үшінде ризамын.

Жылдан-жылға әжем қартайып бара жатқан сияқты. Шашы ағарған. Көп жүрсе қатты шаршап қалады. Мен әжеме көп ауыртпалық түсірмеуге тырысамын. Сабағымды жақсы оқимын. Бос уақытымда қазақ ақындарының өлеңдерін жаттаймын. Әжем менің алғашқы тыңдаушым. Ол қателігімді түзеп, мақтап отырады.

Ақ әжем күн сайын ақыл–кеңес айтудан шаршамайды. Үнемі: «Сабағыңды жақсы оқы. Оқыған адам ғана өз арман-мақсатына жете алады. Жалқау болма, еңбекшіл бол. Өтірік айтпа. Қиянат жасама». Болашақта әжемнің айтқанын орындауға тырысамын.

Бұл өмірдегі үлкен арманым әжемнің денсаулығы мықты болып, жанымда жүре берсе екен. Мен өз әжеммен мақтанамын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Менің әжем туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Менің әжем на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар Менің әжем жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Менің әжем

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]