Шығарма: Болашақта кім болам
Оңтүстік Қазақстан облысы, Асықата кенті
«№121ЖОМ» коммуналдық мемлекетттік мекемесінің
10 «Б» сынып оқушысы Қадырхан Дана
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Турмаханбетова Ғалия Қалдыбайқызы

Бала күнімде арманымда шек болмаушы еді. Көрген де, көрмеген де нәрсемді армандай алушы едім. Өсе келе, адамның ақыл-ойы толысып, өмірді шынайы бейнесінде қабылдай бастайтындықтан, арманыңның бағыты да өзгеруі мүмкін.
Арман - сәттілікке бастар жолдың алғашқы баспалдағы. Менің де арманым бар. Армандар орындалады.Үкілеген үміттің рахатына бөленіп өмірдің тәттілігін сезіндіретінін “арман” атты құндылықтың нарқын біліп, аппақ арманның иесіне айналудан қорықпаймын. Өйткені, біз қайталанбас жарқын сәтке толығымен лайықтымыз!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ - жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау - өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам екі нәрседен қателеспеу керек. Біріншісі - жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдауда қателесуге болмайды, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына байланысты болмақ. Болашағымды таңдаған мамандығыммен байланыстырамын. Ол үшін мен ең алдымен сабағымды жақсы оқып, медициналық университетке түсуім қажет.
Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер - ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар! Сондықтан «Ақ халатты абзал жандар!» -деп халқымыз жәй айтпаған. Адам өміріне деген жауапкершілік, адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз. Адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жанмын деп бағалар едім.
Ең бастысы, адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзін қоршаған ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, мамандығын сүйіп таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуаныш таба білсе ғана, шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат. Мен өзімнің қалаған маман иесі боламын! Әрине, бұл жолда талай қиындықтар туындайтынын білсем де мен өз мақсатыма жететініме сенімдімін. Осы орайда ойымды жүзеге асыруда қазіргі күннен бастап алға қарай қадам басудамын. Барлық жігерімді білімге,сабаққа салу керек.
Ойымды қорытындылайтын болсам, мен де қоғамға пайдамды тигізгім келеді. Мамандық таңдауда қателеспеген сияқтымын.
Ата-ана баланың көз қуанышы, бірақ қыз бала үшін ананың орны өте зор,сол үшін анамды қуантқым келеді. Арманымыз биікте болсын! Әрқашанда арманымызға ұмтылып, талпынып, шарықтау шегіне жетейік достар дегім келеді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: