Шығарма: Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?

Шығарма: Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?

Экономика және құқық факультетінің «Құқықтану» мамандығының
Ю-401 топ студенті Аманжол Жанаргуль Маделикызы
Ғылыми жетекшісі: Экономика және құқық факультетінің
«Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы
Мұрсалова Ләззат Аманғалиқызы
Жастар - елдің келешегі. Ата-бабадан мұра болып қалған, оны ұрпақтың бірнеше буыны сабақтаса дамытқан тілімізді, әдет-ғұрыпты, тарихты, мәдениетті, өнер, білім мен ғылымды алға апаратын солар. Сондықтан да олардың білімді, өнерлі, еңбекқор болғанын ғана емес, мәдениетті болғанын, жаны да тәні де сұлу болғанын, тіліміздің қадірін түсірмей, абыройын асқақтата түсуін қалаймын.

Президент ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса –ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.» Сондықтан жастар Елбасының сенімі мен үмітін ақтауымыз тиіс. Қазақ елін «Мәңгілік ел» қылатын біздер, жастар!»

Тар жол тайғақ кешумен келген Тәуелсіздік бізге шаттық пен бақыт сыйлады. Міне, егемендігімізді ту етіп, еңселі ел болғанымызға жиырма алты жыл толып отыр. Ұлт-азаттық көтелістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғасы, қатал сынақтан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біз өмір сүру бақытына ие болдық. Ел тізгінін ұстаған Елбасының сарабдал саясаты қазақ елін биіктетті. Қазақстан мелекетіндегі бейбітшілік пен тұрақтылық, ынтымақ пен бірлік-басты қағидаларының арқасында осындай жетістіктерге қол жеткіздік. Әрине, тәуелсіздік жылдары көп істер атқарылды. Жас мемлекетімізде саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім қалыптасып, Қазақ халқының береке, бірлігі артты. Білім мен ғылым, технология дамыған заманында мектептер мен жоғары білім беретін университеттер, балабақшалар салынып жатыр. Сан түрлі мамандықтар ашып, ел дамуына үлес қосатын азаматтар өсіп келеді. Алаш арысы Мағжанның

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін! – деп бүгінгі жастарға үміт артып кеткенін байқаймыз. Сондықтан мен ата-бабамыздың мұра еткен жерін одан әрі көркейту үшін қолымнан келгенінің барлығын жасауға тырысамын. Осындай ғажайып мемлекетте тұрып, бейбітшілік күннің астында өмір сүргеніміз – ең үлкен бақыт. Қаншама нағыз патриот қазақ аталарымыз армандаған, аңсаған бақыт. Сол бақытты бағалап, әрі қарай мемлекетіміздің өркендеуіне, гүлденуіне үлес қосу – біздің парызымыз. Отанға деген ыстық ықылас – мемлекеттің жарқын болуына септігін тигізер керемет сезім.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей »- деп қазақ атам айтқандай, бүгінгі жастарымыз еңбекқор, жаңашыл, ізденімпаз болып қалыптасуда. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында көптеген бағдарламалар іске асырылып жатыр. Бұлардың арасындағы «Болашақ» бағдарламасын ерекше айтып өтуге болады. Осы бағдарлама арқылы біздің көптеген жастарымыз сырт елдерге барып, білім алып, тәжірбие жинап қайтуда. Олар осы алған білімдерін еліміздің игілігіне жаратып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосып жүр. Бұдан бөлек, жастар саясатына қатысты басқа да бірқатар бағдарламалар қолға алынуда. Мәселен «Жасыл ел», «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға» сынды бағдарламалар бізге, яғни жастарға серпін беріп, алға қарай ұмтылуға ықпал етуде. Дегенмен қазіргі таңда жастар арасындағы мәселелер де жоқ емес. Біз қазақ жастары,есті де текті,көреген де кемеңгер басшының өзге мемлекеттер қазақ халқын көргенде таңғаларлық үлгі-өнеге тұтарлық ұлағаты зор айтулы елі, оның келел ұрпағы болуға міндетті. Ең қуатты, ең құнарлы, ең сауатты руханият тек жастарға ғана тән. Егер жастардың өздері білім алуға ұмтылмаса, ешкім де және ешнәрсе де, тіпті ең дамыған білім беру жүйесі де оларды ешнәрсеге үйрете алмайды.

Мемлекет деген ыстық атау жүректі елжіретіп, жанымызға жылулық береді. Ананың баласына дарытқан мейіріміндей. Егер ана баласының болашағын бүгіннен бастап ойламаса, баланың болашағы не болмақ? Біз де сол сенімді ұлтымыздың, еліміздің болашағын бүгіннен бастап ойлап, тарихымыздағы ата-бабаларымыздан үлгі өнеге алайық. «Жетім көрсең, жебей жүр» — деп дана халқымыз айтқандай, кейбір жастарымыз жетімдерге қолын ұшын беріп, рухани дүниесін байытып, нағыз қазақилыққа тәрбиелеуге өз үлестерін қосып жүр

«Мемлекеттің дамуы мен гүлденуі үшін басты ұлттық басылымдылықтар – бейбітшілік, тұрақтылық пен келісімнің төңірегінде топтасуымыз керек. Оларсыз ешқандай мәселені шешу мүмкін емес», деп мәлім етті – мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Еліміз тату болып, бірілігіміз тарасқан ел болсақ, мемлекетіміз тыныш өмір сүреді. Бүгінгі күнімізді ғана ойламай, әрқашанда ертеңімізді ойлап, еліміздің ахуалын түзетуіміз керек. Әрине, қазір де мемлекетіміздің ахуалы жаман емес. Бірақ, одан әрі гүлдендіріп, жаңарту біздің қолымызда. Мемлекетім менің баға жетпес байлығым. Аңсап, сағынып қауышқан шырайлы кең байтақ далам. Мен қазақ елінің болашағын ойлап көп алаңдаймын. Қолымнан келері — жастарды тәрбиелікке шақыру. Білімдіден бұрын тәрбиелі, иманды, адамгершілігі мол адам болса, елін, жерін, мәңгі сүйіп, қорғап өтері хақ. Өткен заманда өзінің ойлары мен жүрекке жылу сыйлар шешендік сөздерін, ақыл-кеңестерін ұрпаққа мәңгі өшпес мұра етіп қалдырған сенімді рухани тұрғысынан байытқым келеді.

Қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризм үлкен өзекті мәселе болып отыр. Айдың жарық күнінде жастарымыз түзу жолдан адасып, теріс ағымның жетегінде жүргендер көп. Мемлекетіміздің ең қорқынышты бейнесі де міне, осы. Қазақ қыздары қара жамылып, адам көрсе шошырлықтай хәлде жүруі – бейбіт жарық өміріміздің қараңғы бұлттары іспетті. Егер осылай жалғаса берсе, тағы да көп жастарымыз қара жамылып, бейбітшілікке, бірлігі жарасқан елдің тірлігін құрта ма деп қатты қорқамын. Жастарымыздың діни сауаттылығын арттыру ең басты мәселе болып отыр. Мемлекеттің жан-жақты гүлденуі дегеніміз – айналамыздағы бүкіл жамандықтан арылу. Тек қана биік-биік үйлер тұрғызып, атақ-даңққа бөленумен мемлекет гүлдемейді. Біз жастар ұжымы болып бірге атсалысып, еліміздегі түрлі қайырымдылық шараларға қатысып, жаралы жанға демеу болсаң, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрып, сапалы білім алып, болашақта қазақ елінің ар-намысын, қорғайтындай нағыз патриот болуымыз керек.

Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа кол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 26 жыл өтті. Қазақстанның жиырма алты жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған белестері бар.

Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдырып, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүниежүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан-2050» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін.

«Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен.

Бабаларымыздың үмітін ақтау мақсатымен қазір Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде сапалы білім алып, болашақта еліміздің дамуына өз үлесімді қосатыныма сенімдімін. Жүрегімнің қалауымен «Экономика және құқық» факультетінің құқықтану бөліміне оқуға түстім. Қазіргі таңда 4 курс студентімін. Университетте төрт жыл алған білімімнің бір кәдеге жарайтынына сенімдімін. Өйткені бойда өз мамандығыма деген сүйіспеншілігім бар, қуат пен жігер, болашаққа үміт пен сенім бар. Тізбектей келе айтқым келетіні, нағыз маман атану жолындағы алған білімімді кәдеге жарату, өз бетінше үздіксіз білім алу дағдыларын меңгеру, бәсекеге қабілетті болу, өз мамандығыма деген адалдық-отансүйгіштіктің құрамдас бөліктері деп түсінемін. Болашақта үлкен жетістіктерге жетіп, елім үшін бәрін істеуге дайынмын. Елдің әр азаматы өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып, шын ықыласымен еңбек ететін болса ғана біз Елбасы айқындағандай «Қазақстан-2050» Стратегиясына сай бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіретін боламыз.

Менің айтпағым, Қазақстан мелекетінің ертеңгі болашағы жастарға, яғни бізге тәуелді. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай, һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деп ойлаймын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын? туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын? на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын? жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]