Шығарма: Менің байлықтарым

Шығарма: Менің байлықтарым

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 мектеп лицейі
5-сынып оқушысы Шалқарбай Фариза Сержанқызы
Жетекшісі: Гүлнұр Боранбайқызы
Әр бала үшін дүниедегі ең қымбат жандар, әрине, ата-анасы. Олар біздің туғанымыздан бастап, қасымызда жүріп, қамқорлық жасап, қолындағы барын бізге берген. Мен ата-ананың алдындағы борышты өтеу мүмкін емес деп ойлаймын. Себебі, олардың бізге сыйлағаны баға жетпес сыйы - өмір. Бұл - өте қымбат нәрсе. Менің атым Фариза Шалқарбай. Жасым 12-де. № 5"Мектеп лицейінде" 5-сныпта оқимын. Біз үйде 2 баламыз. Мен үлкенімін. Меннен кейін бір інім бар. Үйде жанашырымыз, ақылшымыз - анамыз. Менің анамның аты - Гүлнұр Боранбайқызы. Анамның жасы толық 32-де. Анам қазір белгілі бір қызмет саласында қызмет атқарады. Анам жұмысын сүйіспеншілікпен атқарады. Арасында менде оған көмектесіп тұрамын. Дүниеде ең тәтті және ең жұмсақ не десе ол анамның ақ сүті, ең жұмсақ ол анамның аялы алақаны дер едім. Үйде анам тәтті тағамдар әзірлегенді ұнатады және анамның ол ісіне мақтанамын, үнемі анама ас әзірлеуге көмектесіп тұрамын. Үйдің тірегі -әкеміз. Менің әкемнің аты - Қарасаев Сержан. Ол қазір 34-те. Менің әкемнің сүйікті ісі спортпен шұғылдану. Ол бос уақытында кітап оқып бізбен бөліскенді ұнатады. Менің әкемнің сүйікті фильмі тарихи бағытта.

Мен ата-анама деген махаббатымды сөзбен жеткізіп айта алмаспын. Бұл сөздер менің оларға деген ыстық, шынайы сезіміммен салыстырғанда түкте емес. Ата-анамның көңілдеріне қаяу түсірмей, оларды бақытты ету үшін қолымнан келгенін істеймін. Оларға мың алғыс айтамын! Асқар тауым әкем ақ жаулықты анам – асыл жандарым.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Менің байлықтарым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Менің байлықтарым на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар Менің байлықтарым жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Менің байлықтарым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]