Шығарма: Туған жер – алтын бесігім
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы
«Шал ақын ауданының Алқаағаш негізгі мектебі» КММ
7 сынып оқушысы: Абияким Ақбота
Жетекшісі: Жакина Гүлмира Жолаушықызы

Қыс мезгілі... Қатты аяз болғандықтан терезенің әйнектері әдемі ою-өрнекпен қырауланыпты. Суретшінің суреті іспеттес. Әйнектен көзімді алмай біраз отырдым. Санамды шырмаған біраз ойлар еріксіз ақ қағаз бен қалам алғызды. Ақ қағаз бетіне менің жүрегімнен шыққан сөздер маржандай төгілді. Ол қысы суық, жазы ыстық менің туған жерім-алтын бесігім - Алқаағаш ауылы туралы. Менің ауылымның табиғаты өте көркем, сұлу. Ауылым шағын болса да, жері құнарлы, өсіп шыққан шүйгін шөбі, сап-сары алтындай болып, қаулап өскен бидайы, қатар-қатар тізілген ағаштары, осы ағаштардың ішінде шапқылап жүрген жануарлары, еркін ұшқан аққу-қазы да бар. Осының барлығы баға жетпес сұлулық қой! Балдырған шағымның қызықты да, әрі көңілді кездері осы туған өлкемде өтті. Мен осы ауылда көбелек қуып ойнап өстім. Сондықтан да өз жерім маған қатты ыстық.
Әрине, әр адамға өзінің кіндік қаны тамған, бақытты балалық шағын өткізген жері қымбат. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп бекер айтылмаған сөз. Туған жердің ауасы-шипа, жусаны-жұпар – дегендей, оның қадірін шетте жүргенде терең түсінесің деп үлкендер айтып жатқанын құлағым шалатын. Сол айтқандары есіме түсті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы бойынша туған жеріңе, өскен ауылыңа, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты. Осы мақала аясында өнегелі өмірімен көпке үлгі болған азаматтар жайында соңғы кезде мақалалар жазылып жүр. Бұл, әрине, қуанышты жайт. Өйткені, туған жерге туын қадап, оның көркейіп, дамуына үлес қосып жүрген адамдар бар. Солардың бірі - осы мектептің түлектері Жұмабаевтар, Қыдырминдер, Дауленовтар, Ерсаиновтар отбасы. Мектепке түрлі-түсті принтер, волейбол ойнайтын сетка, доптар сыйлады.
Қызмет бабымен туған жерден жырақта жүргендердің ішінде елін аңсамайтыны жоқ шығар. Әр нәрсенің қадірі бар. Адамдардың барлығы өз елінің қадірін жақсы түсінеді. Сол сияқты елге үлгі боларлық осындай жаны жайсаң адамдар бар. Мен кітаптарды оқыған кезде көп жазушылардың шығармаларында өзінің туған жерін сипаттап жазатынын байқадым. Әр адам жазушы болсын, өте дүние жүзіне атақты адам болсын олардың барлығы өз туған жеріне деген ыстық сезімі ешқашан таусылмайды.
Рухани жаңғыру - ұлт болашағы. Ұлт болашағы, яғни халық ертеңі. Халықтың ертеңін жас ұрпақ жасайды. Ендеше мен оқуымды жақсы аяқтап, өскенде өз елімді гүлдендіруге ат салысамын.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: