Шығарма: Есірткі - өлімге апарар жол!

Шығарма: Есірткі - өлімге апарар жол!

Қазақтың біртуар азаматы, ұлтым деп шырылдап жүрген Мұхтар Шаханов жастарға, батыстың цивилизациясын аламын деп, канализациясына түсіп кетпеңіздер деп ескерткен болатын. Иә, бұл сөздер қазіргі заманның мұңы да, шыны да. Адамзат баласының дертіне айналған есірткінің қазақ даласына да әлдеқашан келіп үлгергені бәрімізге мәлім. Бойымызға сіңген батырлығымыз, анамыздың сүтімен сіңген адалдығымыз, сонау дәуірлерден бері тамырымызда тулап жатқан таза қанымыз осы бір аждаһаның алдында дәрменсіз күйге түсті. Осынша азғанымыз ба?! Бүкіл жер шарын, адамзат баласын құртып жіберуге шақ қалған бұл кеселге неге дәрменіміз жетер емес? Адамзат бірігіп, қарсы тұра алмайтындай бұл қандай апат болғаны? Әлде жеткілікті деңгейде санамызға сіңіріп, қорғана алмай жүрміз бе?

Қош, енді бұл аждаһаның неліктен қазақ даласына да суырлай еніп, меңдеп бара жатқанын түсініп көрелік. Мүмкін, рухтың әлсіздігінен, мүмкін, өмірге деген құштарлықтың жоқтығынан, мейірімнің, назардың жетіспеуінен болар. Расында, әркімнің басында әртүрлі жағдай. Әркімнің бұл қасіретке келу жолы да сан қилы. Бірақ, бәрін де алып баратын жер түбі – өлім. Иә, өлім!

Соңғы мәліметтерге сенсек, ғаламның 7 млрд адамының ішінде 21 млн адам есірткі пайдаланатын көрінеді. Ал елордамыз Астанада 2008 жылы есірткі қолданғаннан 19-30 жас шамасында 48 адам көз жұмған екен. Қазір бұл көрсеткіштің қаншаға жетіп жығылғанын білмеймін, бірақ көбеймесе азая қоймасы анық. Шыны керек, сұмдық көрсеткіш! Бір отбасының тізгінін ұстайтын азаматтарымыз бен бір отбасының түтінін түзу ұшырады-ау деп сеніп отырған қаракөздерімізден көз алдымызда айрылып жатырмыз. Әдеттегідей қоғамнан көрер едік, қоғам күресіп-ақ жатыр. Жанға батары сол, күресіп жатырмыз деп жүргенде, іштен шыққан шұбар жыландай есірткінің сойылын соғып жүрген сойқандардың азаймауы. Енді ғана еңсемізді тіктеп, ел боламыз дегенде бұл кеселдің де бізге ауыртпашылығы оңай тимесі анық. Қолымыздан келетіні, жанымызда жүрген жандарға барынша қамқорлығымызды аямау. Қазақтың жолынан адасқан бір перзентін болсын, туған бауырымызға жанымыз ашығандай, қорғаштайық, еңсесін тіктеп жүруге септігімізді тигізейік. Бұл кеселге ұрынғанын білсек дер кезінде көмек беріп үлгеруге тырысайық.

Айтарым, кез келген қиындықтан шығатын жол әрқашан табылады. Сағың сынса, еңсең түссе, қиындықтардан арыла алмай жүрсең есірткі шипа болмайды, керісінше одан бетер тоздырмаса. Есесіне, салауатты өмір салтын ұстан. Қысқасы, әркімді өз денсаулығы толғандырсын. Көзді ашып-жұмғанша өте шығатын бес-ақ күндік ғұмырды есірткімен улап, ұрпағыңның азғанын көзіңмен көрген ұнамайтыны анық қой. Ендеше, ессіз дүниелермен уланған ғаламда өзіңді сақтап қал!



Адасқан әр перзентіне қапа боп,

Жер-ананың жанарына жас толған.

Бар бақытты Алла берген қайырып

Адамзат-ай, өзіне-өзі қас болған.



Бірер секундт ләззат үшін түбінде,

Шарасыздық шеңберіне шырмалған.

Басың қаңғып, тентіредің бүгінде

Адамзат-ай, ессіздікпен уланған.



Кідіре тұр, бағамдап көр алдыңды

Қол-аяғың бұғаулаулы қаларсың.

Алла берген көпсіндің бе ғұмырды?

Ей, Адамзат! Қайда кетіп барасың?

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Есірткі - өлімге апарар жол! туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Есірткі - өлімге апарар жол! на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар Есірткі - өлімге апарар жол! жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Есірткі - өлімге апарар жол!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]