Қазақша шығарма: Бақытты елдің ұланымыз!

Қазақша шығарма: Бақытты елдің ұланымыз!

Бүгінгі таңда әрбір мектеп есі­гін ашқан бүлдіршін өзінің әй­бат Әліппесімен бірге Ел­ба­сымыздың осынау әкелік ме­йі­рім­ге толы ақ батасын арқалап алаң­сыз, білім атты үлкен өмір­дің табалдырығын именбей ат­тай­ды. Білім алу тегін әрі әр ба­ланың абыройлы міндеті. Оқу­лық мәселесі де мемлекет мой­нында. Тек ерінбей ең­бек­те­ніп, талмай ізденіп, аяулы ұс­таз­дардың жалықпай үйреткен бі­лі­мін жүрекке сіңіру ғана біздің бо­рыш.

Баласы мектеп жасына тол­ған ата-ана ешқандай ма­те­риалдық тәуелділіксіз өзінің сүп-сүйкімді ұлын немесе тұ­лым­шағына ақ бантик байлаған қы­зын 1-қыркүйекте алаңсыз мек­тепке қарай жетелеп келе жа­тады. Шаттықтан бал-бұл жан­ған сәби жүзі құшағындағы ал­қызыл шоқ гүлдей жайнап ана­сы­ның қолынан ұстап немесе әке­сінің мойнына мініп еңселі Бі­лім ордасына қарай адымдап ба­рады. Бұл не деген ұмытылмас ба­қытты шақ. Осындай қай­та­ланбас сәтті басымыздан ке­шу­ге жағдай жасап отырған мем­лекетіміз не деген қамқор, не деген мейірімді.

Мен биыл Алматы қа­ла­сындағы Ма­ман­дан­ды­рыл­ған ер балаларға арналған Қазақ-тү­рік лицейін бітіруші түлекпін. Осы­дан 11 жыл бұрын анамның же­тегінде құшағыма бір шоқ ал­қызыл раушан гүлдерін қы­сып, әйбат Әліппемді арқалап мек­теп табалдырығын аттаған едім. Алғаш рет мектеп пар­та­сына отырып, алғашқы ұс­тазым Шақабаева Әлия Қы­рық­бай­қызына құшағымдағы шоқ гүл­ді ұяла тұрып ұсынғаным әлі есімде. Бүгінде сүйікті мек­те­бім­ді бітіргелі отырмын. ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып, әл-Фа­ра­би атындағы Қазақ Ұлттық Уни­верситетінің журналистика фа­культетіне түсу арманым.

Таяуда бір журналдан Се­рік­бол Хасан деген журналист да­­йындаған «Ерте солған ба­ла­лық» атты материалына көзім түс­ті. Материалда келтірілген, «рес­ми мәлімет бойынша ин­дуст­риясы дамыған елдердің өзін­де 15 жасқа дейінгі 2,5 млн. ба­ла жұмысқа жегілген» деген ақ­парат кез келген адамды бей-жай қалдырмайды. Сөзім дәйекті бо­лу үшін материалдан сөзбе-сөз үзінділер келтіре кетейін:

«Бангладеште балалар таң­ғы сағат 5-тен бастап базарға ағы­лады» делінген. Крокон есім­ді бүлдіршінге әрқайсысы 10-20 келі тартатын балық са­лын­ған қораптарды көтерме ба­зардан бөлшек базарға та­су міндеттелген. Сол еңбегі үшін қаршадай бала 0,01484 дол­лар(біздің ақшамен 2-3теңге бо­лар) табыс табады екен. Мөл­шер­мен күндік азығын айыру үшін Крокон күніне осындай қо­рап­тың 12-сін тасуға мәжбүр.

Қытайда мектеп жа­сын­дағы балалар шахта ең­бе­гі­не мәжбүрленіп барады. 14 сағат тоқтаусыз еңбек етіп күніне бір рет болар-бол­мас тамақтанып отырған. Қо­жа­йындары соққыға жығып, ауы­рып жұмысқа шамасы жет­пеген сәбилерді тірідей кө­міп тастағаны анықталған. Ал, қашуға тырысқандардың аяқ­та­рын сындырып, арқаларын ыс­тық кірпішке күйдірген. Ал, кейбір балалар ұзақ уақыт жуын­бағандықтан тері ауруына ұшы­раған.

Ауғанстанда орташа өмір жа­сы 40 жыл. Бүлдіршіндердің 26 пайызы 5 жасқа толмай қыр­шынынан қиылады екен. Ел­дің 70 пайызға жуығы аштық құр­сауында, ал 13 пайызы ауыз­су­сыз отыр.

Бізге іргелес Өзбек елінде де тұрмыс төмен. Мектеп жа­сын­дағы жеткіншектер қара жұ­мысқа жалданып ақша та­бу­дың көзін іздейді. Осындай адам жаны түршігетін мә­лі­мет­терді оқи отыра сүйікті «Пре­зидент және Халық» га­зе­ті арқылы мемлекетіміздегі бей­біт те бақытты балалық ша­ғымызды қамтамасыз етіп отыр­ған Елбасымызға, ол кі­сі­ге көмектесіп, жұмысына жәр­дем беріп жүрген Үкімет ба­сында отырған ағалар мен апай­ларға барша Қазақстанның бүл­діршіндері атынан сәбилік жү­рек­жарды алғысымды білдіргім ке­леді.

Ал, республикамыздың бар­­лық бақытты балаларын Ба­ла­ларды қорғау күнімен шын жү­рек­тен құттықтаймын. Еліміздің бо­лашағы бүлдіршіндеріміздің был­дырлаған бал тілі мен сың­ғыр­лаған күлкісі үзілмесін!

Әрбір мектеп бітіруші тү­лек­терге ҰБТ-ны ойдағыдай тап­сырып, жоғары балл иеленіп, қа­лаған оқуларына түсулеріне жә­не өздері таңдаған мамандық ая­сында сүйікті Отанымыздың бұ­дан әрі гүлденуіне елеулі үлес­терін қосуына тілектеспін. Ота­ны­мыздың патриоты болайық, дос­тар!

Селеубай СЕРІКБОЛ,
Қазақ-түрік лицейінің 11 «ж» сынып оқушысы
Алматы қаласы

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мен казак елинин уланымын шыгарма казакша, мен казак елинин уланымын эссе казакша, мен тәуелсіз елдің ұланымын тақырыбына шығарма, мен казак елінің ұланымын эссе қазақша, мен казак елінің ұланымын шығарма қазақша, мен қазақ елінің ұланымын эссе, Бақытты елдің ұланымыз шығарма қазақша, Бақытты елдің ұланымыз эссе, бакытты елдин уланымыз эссе қазақша, бакытты елдин уланымыз эссе казакша, бакытты елдин уланымыз шыгарма казакша, бакытты елдин уланымыз сочинение на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]