Қазақша шығарма: Кемеңгер елбасы - ырысы елімнің
Көшкінбаева Толғанай
10 сынып, № 15 орта мектебі Балхаш қаласы

1991 жыл - Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй-тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында Қазақ елінің өз жалауы желбіреді, елдігімізді танытар елтаңбамыз қабылданды. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап, қазақ халқы бар қажыр-жігерімізді жұмсап, жаңа, көк аспанда қалықтаған, еңсесі биік Қазақстан уақыт өткен сайын нық сеніммен алға басып келеді. Президент сөзі латын тілінен аударғанда алдыңғы қатардағы деген мағынаны береді. Осындай жолда көп еңбек сіңіріп, бүгінде бүкіл әлем таныған, тарихы қысқа мерзімдегі таңғажайып табыстарына таңқалып, тамсанған, ертеңінің батырларындай тез ержетіп, еркін Қазақстанның ертеңіне сенген қайталанбас тұлға, еліміздің тұңғыш басшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекеттігіміді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзінде, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ елі үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә.Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардан бері Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ, яғни, біз жақсы білуіміз керек. Түркия елінің премьер-министрі Т.Ердоған айтқандай, «Нұрсұлтан Назарбаев- түрік әлемінің лидері». Басшы басқарған ел- ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Ұлттық дәстүрде тәрбиеленген ел басшымыз- халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын , салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат. Қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы. Қорыққанға қорған, торыққанға пана, зарыққанға сана бола білетін өз елінің шын перзенті,ертеңгісін де оза ойлай білетін көсем. Таққа отырған күннен бастап атқарған, еліміздің болашағын көркейтуге арналған жүзеге асырған жобалар санында шек жоқ. Бірақ мұнымен тоқталмақ емес. Дегенмен де, абыроймен атқарған істерін мақтан етемін. Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елабсының «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы бұл күнде құс қанаты талатын кең-байтақ өлкемізді шарлап кетті.
Елбасы тәуелсіз елдің бұқаралық санасын өзгертуде, ұлттық дәстүрлерді қайта жаңғыртуда, тарихи сананы қалыптастыруда ерекше істер атқарды.
Нұрсұлтан атамыздың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабы ұлт пен мемлекеттің өткені мен келешегіне жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жаға көзқарас қалыптастыру ісіне қосылған қомақты үлес деп бағаланды. Ел тарихына көз жіберер болсақ, жасөспірім үшін дәл бүгінгідей, өздерін қай қырынан болсын көрсетіп, таныта білетін заман. Нұрсұлтан Әбішұлы: «Жастар мәселесіне жоспар өте ауқымды. Олар болашақтың қаруы , күні ертеңгі еліміздің көк туын қолдарында берік ұстайтын қарымды топ деп білемін. Біздің мемлекетіміз – жас мемлекет. Еліміздің гүлденуі жолында жастарымыздың толыққанды дамып жетілуіне, салауатты ұрпақ тәрбиелеу, жастар ұйымының қызметі үшін жағдай жасау жұмыстары мені қатты қуантады» деген еді. Мен осы елбасымыздың сөзін жиі есіме алып жүремін. Себебі, ол кісінің айтқан әрбір сөздеріне үлкен жауапкершілікпен қараймын.
«Ер мерейі- ел мерейі» демекші, басшысының мәртебесі биіктеген сайын, елдің абыройы да асқақтай береді. Ел ертеңін ойлаған кемеңгер Ұлт көшбасшысы: «Біз- алыс сапарға бел буып, кемемізді тәуекел дариясына түсірген елміз, елес үмітті емес, ерлік пен елдік мұратын кемеміздің тұғырына ту етіп байлаған елміз»,- деген болатын . Бүгінгі Қазақстан - әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде алдыңғы орындарда. Бүгінгі Қазақстан- әлем таныған егеменді, демократиялық және құқықтық мемлекет. Менің ойымша, 2030 жылдардағы Қазақ мемлекетін көз алдымызға елестетер болсақ, осы беттен таймай, көп ұлттың басын біріктірген, бәсекеге қабілетті 20 мемлекеттің алдыңғы қатарындағы ел есімі түседі. Мемлекет басқару ісі- машақатты да, мәртебелі міндет. Өзім 11 сыныпты аяқтап, елімнің өркендеуіне, биік белестерге жете беруіне үлесімді қосып, белді бір маман иесі боламын деген үміттемін.
«Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақты халқы бар. Қуатты экономикасы,сенімді саяси жүйесі бар.
Ең бастысы- бүгіннен нұрлы, бүгіннен жемісті болашағы бар» Елбасымыздың осы сөздері әрбір қазақстандықтың кеудесіне қуаныш пен шаттық әкеліп, жарқын болашаққа деген сенімін ұялатады! Ендеше, Қазақ елінің туымен тұғырлы, елтаңбасымен елеулі, әнұранымен айбатты, елбасымен қайратты екендігіне сенімдімін!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Шығарма: Нұрсұлтан Назарбаев- әлемнің тарихындағы кемеңгер тұлға
» Шығарма: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
» Шығарма: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің Елбасым)
» Қазақша шығарма: Мен қазақстандықпын
» Қазақша шығарма: Қазақстаным мен Елбасым

Іздеп көріңіз: