Қазақша шығарма: Жаһандану үрдісінде менің тілімнің мәдениеті, тағдыры қалай болмақ?
Заиргельдинова Аружан
7 сынып, №3 ЖББОМ Жезқазған қаласы
Жетекшісі: Оспанова Б.Ж.
7 сынып, №3 ЖББОМ Жезқазған қаласы
Жетекшісі: Оспанова Б.Ж.
Білектің күші, найзаның ұшымен келіп, Абылай хан арман еткен тәуелсіз, еркін елдікке қол жеткіздік. Мемлекеттік тіліміз, дініміз, ұлттық нақыштарымыз бар. «Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі-тәуелсіздік». Бұл сөзді бойымызға сіңіре отырып, халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, дінін, қасиет тұтуымыз керек.
Алайда, ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған осы құнды дүниелерді кейінгі ұрпақ, қазіргі жастар көздің қарашығындай сақтай алып отыр ма? «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» -деп Елбасының айтқан сөздері саналы жас ұрпаққа ой салып, үлкен үміт артып, міндет жүктейді. Бұл дегеніміз халқымыздың мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұғым-түсініктері ата-бабалардан қалған мирас болып келе жатқан бай тарихи-рухани, материалдық-мәдени мұраларымызды сақтап, өркен жаюы әр қазақ азаматының парызы, мойнындағы міндеті. Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта- оның ұлттық мектебі. Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары, мұны әрқашан ескертіп отырған. Ұлттық тілді, ұлттық тарихты, салт-дәстүрді бойына сіңірмеген адам елге тірек бола алмайды, ұлттық мүддені қорғай алмайды. Сондықтан, Елбасы ескертіп отырғандай өз келбетінен айырылып қалмау мәселесі-өзекті де өткір. Жаһандану аясында ұлт ретінде жойылып кетуге апарып соқтыруы мүмкін, рухани мәңгүрттіктен сақтану, алдын-алу шараларын бүгінгі күннен бастаған жөн. Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты,-деп атап көрсетті.
Ғаламдану үрдісінде өз құндылықтарын сақтаған ұлт ретінде қалыптасуымыз негізгі мақсат болуы керек. Ұлттың сақталуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Тіл байлығы-әр халықтың ұлттық мақтанышы. Тіл-халықтың жан жүрегі, оның рухани-имандылық, тарихи-құқықтық ырыс-игіліктерінің негізі. Тіл- атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес асыл мұра, көненің көзі, бабалар сөзі ғана емес халықтың өзі.
Халықтың дүниетанымын, көзқарасын ана тілінен, әдебиетінен танимыз. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның түп төркіні сонау VI-VIII ғасырлардағы Орхон-Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама әл- Фараби бабамыздан бастап, түркі тілдес халықтарға өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Яссауи хикметтері, Дулати, Хорезми еңбектері –ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ асыл қазыналар. Ал Асан Қайғы, Ақтамберді, Шалкиіз, Махамбет, Майлықожа ақын – жыраулардың өмір құбылыстары, адам мен қоғам, тіршілік туралы толғаныстары мен өсиеттерінің қазіргі жастарға берер пайдасы мен тәрбиесі қаншама. Адамзат тудырған алыптардың қатарындағы ұлы Абай мұрасының алар орны бір бөлек. Озық мәдениеттің жарық жұлдыздары-Шоқан, Ыбырайлармен қатар XX ғасырдың басында тәлімдік ой-пікірлермен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Міржақыптар ұлттық дәстүрді өз туындыларының арқауы еткен. Осы асылдардан нәр алып, халық намысын ту етіп, әрбір қазақ баласы өз ана тілінде білім алар.
Халқымыз ерте заманнан тіл шеберлігіне , сөйлеу мәдениетіне айрықша мән беріп, ұқыпты қараған. Сөз қадірін білуге баланы тілі шыққан кезден-ақ тәрбиелеген. Оның айғағы-сан ғасыр бойы жасаған ауыз әдебиетіміз. Сөздің айтулы шеберлерін «от тілді, орақ ауызды », «сөзден жығылды», «сөзі мірдің оғындай» деп мадақтаған. Ел ішіндегі қарапайым адамдардың жатық, тартымды сөйлейтіндері сый-құрметке ие болған. Өзге ұлт тілін білмегенді ешкім сөкпейді, ана тілін білмеу ұяттың үлкені. Ойы шолақ, тілі өшкен халықтың басқаның жетегінде кетуі оңай, сондықтан ана тілін меңгеруді өзімізден, келешек жастардан бастаған абзал. Ана тілін бойына дарытып, санасы, намысы, қажыр-қайраты бар ұрпақ тәрбиелесек, еліміз көркейіп, ұлттық мүддемізді жоғалтпаймыз.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: