Шығарма: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздігім - мақтанышым)

Шығарма: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздігім - мақтанышым)

Дряхлова Юлия
9 сынып, «№21 ЖББОМ» КММ
Теміртау қаласы
Жетекші: Жунусов К.М.

Тәуелсіздік-қазақ елі үшінжарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. ХХI ғасырдың ұлы жетістігі – қазақ халқы үшін егемендік алып, көк туымыз желбіреп, ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сондықтан да, біз үшін Тәуелсіздік күні-ең қастерлі күн.«Тәуелсіз елім» деген жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Тәуелсіздік-қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Айта берсе жалғаса берер еліміздің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарымыздың ерен ерлігінің арқасы деп білемін.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.Міне, Қазақстан осы 23 жыл ішінде зор жетістіктерге қол жеткізіп отырған мемлекет. Көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктеріміз, асқан асуларымыз мен бағындырған жаңа белестеріміз аз емес. Біздің еліміз саяси, әлеуметтік және де халықаралық тұрғыдан Орта Азияның көшбасшысына айналды деп санаймын. Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алатын орны ерекше.Елдегі бірлік пен Елбасының жолын ұстанушылық Қазақстанның қазіргі және болашақ жетістіктерінің кепілі болатыны даусыз. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын.

Біздің бүгінге дейінгі барлық жетістіктеріміз - Тәуелсіздіктің арқасы. Осындай берекелі елде тұру мен үшін үлкен бақыт. Қазақ халқы берекелі! Кең байтақ Қазақ елі ынтымағы жарасқан, бай – қуатты, берекелі ел. Еліміздің әсем де көрікті -Астанадай елордасы мен білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Қазіргі таңда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуроодақ, Халықаралық Валюта Қоры және ЮНЕСКО сияқты аса беделді халықаралық ұйымдарының толық құқылы және белсенді мүшесі болып отыр.

Біз Тәуелсіздіктің аз ғана жылдар ішінде халықаралық дәрежедегі Қысқы Азия ойындарын, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының форумын жоғары деңгейде өткізіп, ел мерейін асқақтатқан болатыңбыз. Сонымен қатар, еліміз 2017 жылы «Еxpo» көрмесін өткізуге үлкен дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын білеміз. Яғни, қазақ елі бұдан да танымал болмақшы. Бұл, біз үшін куаңтарлық жаңалық. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алағанын мақтанышпен айтсам, артық айтқаным болмас.

«Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» - дейтін даналықтың шындығында,еліміздегі барлық ұлттардың достық пен татулықта, келісімде тұрып жатқаны бәрімізге аян. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың осыншалықты тамыр тартуы мемлекет құрушы қазақхалықның мейірбандығы мен қонақжайлығына үйренген басқа ұлттардың өзара татулығының нәтижесі деу орынды. Қазақстан достық пен ынтымақтың жерұйығы деуге әбден лайық. Меніңойымша, қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығы - елдегі барлық ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуының теңдігі мен теңестіріуі,тәуелсіз еліміздің жетістігі деп білемін.

Міне, бүгінгі күнде еліміз бақытты күн кешуде. «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп атауымыздың астарында үлкен мән бар. Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиялық жолдауы осынау мәңгілік жолдағы ұрпақтар бірлігінің, сабақтастығының көрінісі. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті Қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Мың жаса тәуелсіз Қазақ Елі! Тәуелсіз елім-гүлденіп, өсе бер!-деп тілеймін.

Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Елімізді әрі қарай көркейтетін мына біз болашақ жастар боламыз! Біздер, жас ұрпақ , тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі болашақ ұрпақ – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің ертеңі екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. Мен осындай бейбіт және тату елде тұрып жатқанымды мақтан тұтамын. Мен – егеменді елімнің ертеңімін. Мен де тәуелсіздік елімнің табысына мақтана отырып, ортақ мақсатқа бір кісідей жұмыла түсуім, менің болашақтағы міндетті парызым. «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін!» - деп өршіл ақын Мағжан Жұмабаев атамыз болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Болашақта Қазақстанды дамыған өркениетті отыз елдің қатарына енгізетін – ол бүгінгі біздер жастармыз. Біз жастар – елдің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу, ел ертеңі бүгінгі және келешек ұрпақ үшін ортақ отанымызды дамыту мен көркейту – біздің мүдделі мұратымыз.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
тәуелсіздік туралы шығарма, тауелсиздик туралы шыгарма казакша, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы шығарма, 16 желтоқсан шығарма, 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне шығарма, тауелсиздик туралы шыгарма жоспарымен, тәуелсіздік туралы шығарма жоспарымен жоспар, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы шығарма жоспарымен жоспар, 16 желтоксан тауелсиздик куни туралы шыгарма жоспарымен жоспар, сочинение на тему 16 декабря день независимости на казахском языке, сочинение день независимости казахстана на казахском языке, сочинение на тему 16 декабря на казахском языке, тауелсиздик 25 жыл шыгарма жоспарымен, тәуелсіздікке 25 жыл эссе, 25 летие независимости казахстана эссе, независимость казахстана 25 лет сочинение на казахском, 25 летие независимости казахстана эссе на казахском, тауелсиздик мактанышым шыгарма казакша, тәуелсіздік мақтанышым шығарма, тәуелсіздік туралы шығарма, тауелсиздик туралы шыгарма, тауелсиздик туралы шыгарма 9 сынып, сочинение на казахском языке о независимости казахстана

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]