Қазақша шығарма: Менің сүйікті қалам - Балқаш
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала және мектебім. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Балқаштан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтіп жатыр. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көшем мен үшін өте ыстық. Менің туған жерім, туған қалам қандай әдемі, қандай көрікті! Туған жерімнің әсем табиғаты, көкше көлі, бой түзеген әсем үйлері, тарихи ескерткіштері бәр-бәрі менің қалама көрік беріп тұр. Көгілдір көкше көлімнің өзі қандай, жанға сая, шипа десеңші! Бұл көкше көлге демалушылар жылдан – жылға көбейіп келеді. Қазір қаламның әрбір шағын аудандарында балаларға арналған демалыс орындары орнатылған. Осындай демалыс орындарында тек бақытты балалық шақтың үні ғана естіледі.
Мен де өз ата-анаммен, достарыммен осы жерде демалып, уақытымды көңілді өткіземін. Осы жаңа әлемде бар жақсылық балаларға жасалып жатқанына мен шексіз қуныштымын. Қаламыздың қақ төрінде орын алған білім ордасы мектебімнің өзі қандай жерде орналасқан?! Ағыбай бабамыз бастап келе жатқан көштен бір елі қалмай келе жатқандаймыз. Біздей бақытты балалары бар халық шексіз бақытты ғой деп ойлаймын. Міне, туған қаламның осындай көрікті де, көркем болып келе жатқаны мені толғандырмай қоймайды, еріксіз қолыма қалам алғызды. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Мен де туған қалама өз үлесімді қоссам деген үлкен арманым бар.Арман. Тілек. Менің алдымда үлкен мақсат бар. Сол мақсатқа жету үшін мектебімнің көшбасшысы болып, достарыммен бірге, ата-анамның, ұстазымның берген ақыл -кеңесін тыңдай отырып, зияткер оқушы болуға өзімді тәрбиелеймін. Әр бала зияткер болуға талпынса, өз туған жерінің нағыз патриоты болатынына сенемін.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: