Қазақша шығарма: Менің елім - менің Қазақстаным

Қазақша шығарма: Менің елім - менің Қазақстаным

Бақытжанова Мейірім
10 сынып, физ-мат. Мектеп-интернаты
Жетекшісі: Өтеп Г.Ә.

Бұл құдіретті сөзді Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ. Өйткені біздер, жастар, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлттық ұл-қыздары қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, достық қарым-қатынаста, береке мен бірлікт, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз.
«Отан үшін отқа түс-күймейсің,»- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ата-бабаларымыз қанын төгіп, жанын беріп, басынан нелер кешпеді, нелер өткермеді десеңізші? Азаттық жолында құрбан болған, азап шегіп, қасірет тартқан бабаларымыздың ерлігін қалай ұмытармыз. Ұмытпаймыз да, ұмытылмайды да.

Біз бақытты ұрпақпыз! Біз осы жарасымды тыныс-тіршілігімізді Елбасымыз жан-жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтйжесі деп білемін.

Адамгершілік, ар-ұят, абырой, патриотизм жеңісті күндерді жақындатқан рухани құндылықтар . Бұл құндылықтардың әрқайсысы өте маңызды. Дегенмен, қазіргі қоғамда аса құнды рухани дәнекер – патриотизм – отаншылдық. Патриотизм – Отанды сүю. Патриотизмнің маңызды элементтері – ұлттық рух пен ұлттық патриотизм. Соның ішінде ұлттық рухты қазақ халқының тарихын жан-жақты сараптай отырып кеңейтуге , дамытуға болады. Бабаларымыз ел қорғау сезімін, туған жерді қастерлеуді, аялауды ұрпақтар бойына дарыта білген. Отансүйгіштік рух – халықтың әлемдік өркениетті елдер қатарына қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш.

Кейде, шіркін, бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттыртпай қалай аман сақтаған деп таңданамын...

Шынында да, талай зобалаң кезеңді бастан кешірген Қазақстан «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» өзінің жер көлемін сақтап қалған.

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: Көп ұлтты Қазақстанда ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол қазақ ұлтының біріктіруші ролі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамасыз ету, - деп жазған болатын. Осы орайда еліміздің егемендігі қалай келгендігі, тәуелсіздігін алған жас

мемлекеттердің алғашқы жылдардағы бастарына түскен ауыртпалықтар, олардан кімдер қандай жолмен өткен, соның ішінде біздің Қазақ елінің айналамыздағы кешегі одақтас, бүгінгі көршілес елдер арасында өз жолымызбен өркендеуіміздің арқасында қантөгіссіз, қақтығыссыз бүгінгі күнге жеткені және осының бәріне Тұңғыш Президентіміздің көрегендігі мен кемеңгерлік саясаты негіз қалағанын айтуға болады. Сонымен қатар көптеген елдердің тағдыры, халықтың тағдыры сынға түскен шақта Еуразияның жүрегінде орналасқан алып Отанымыз – Қазақстан елді есеңгіреткен оқиғалардың қанды қақтығыстардан аман шықты. Әрине, 130-ға тарта ұлт мекен еткен кең-байтақ еліміздің іргесінің берік, бірлігінің мықты болуы көп еңбектің нәтижесі деп білемін . Тарихи өлшеммен алғанда қас-қағым сәтке тең келетін осы уақыт ішінде еліміз талай жетістіктерге жетіп , өзіміз бен бір қоғамнан тараған елдердің алдыңғы легінде ілгеріге қарқынды қадам басып келеміз. Еліміздің экономикасы нығайып, әлеуметтік тұрмыс жағдайымыз шүкір, күн санап жақсарып келеміз.

Айналаға барлай көз жіберсем, өзгелермен салыстырғанда әлдеқайда мол табыстарға жеткенімізді аңғарамын. Мысалы: Өзге елдердің арасындағы татулықтың қаймағы бұзылып, алауыздық етек жайып жатыр емес пе? (Украинадағы жағдай) Егемендік алған еліміздің еркін тыныстап, тәуелсіздігімізді түбегейлі етудеміз. Н. Назарбаев елімізде әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына қосу міндетін алға тартқалы бері, ол мақсатқа о баста көздеген мерзімінен бұрын қол жеткелі бері, әсіресе мемлекетіміздің алдына ең озық отыздықтың арасынан арын алу міндеті қойылғалы бері бізде көп нәрсе өзгеруі керек. Даланың өзгеруінің де, қаланың өзгеруінің де басты шарты – сананың өзгеруі.

Кейінгі ұрпақ, біздер, халқымыздың ерлік дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз.

Сен үшін, Отан, сертім сол – Неден де болса тайынбан!

Киелі менің өрісім, Барлығы – дағы сен үшін,

-деген М.Мақатаевтың өлең жолдары осының айғағы болса керек. Бүгінгі жас ұрпа – болашақ Қазақстан азаматы. Сол себепті жастықтың жалынымен, бойдағы күш-қуат, қарым-қабілетпен, ойдағы ұшқынмен Отан-Ананың тірегі болуымыз керек. ХХІ ғасыр – білім, ғылым, бәсеке ғасыры болғандақтан, рухымыз мықты, ұжданымыз күшті, елге, жерге деген адалдық керек. Әрбір жас ұрпақ өзін мемлекетінің өткеніне, бүгініне және ертеңіне тікелей қатысты екенін сезініп, Отан тағдыры үшін өзіне жеке жауапкершілік жүктелетінін терең білуі керек деп ойлаймын. Тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Қазақстан – Тәуелсіз!

Қазір біз ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған, кең байтақ, халқы ынтымақты, болашағы жарқын мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Бұл ақиқатты өзіміздің негізгі рәміздеріміз-ақ дәлелдейді.

«Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы»,
деп басталатын әнұранымыздың алғашқы жолдарының өзі-ақ Қазақ елінің кеңдігін, бейбіт өмірін айқын көрсетіп тұр.

Шынымен де, «Малым – жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деп ар-намысын жоғары қойған халық екеніміз анық. Ежелден елдігімізді түзетумен келе жатқандықтан біз әр бір атаулы күндер мен әр бір қабылданған заңның, ардақты рәмізіміздің қадірін жақсы түсінеміз, қастер тұтамыз.

Кез келген елдің тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерін бөліп алып қарауға болмайды. Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің қасиетті нышандарын қадірлеу – Қазақстанды Отаным дейтін, өз тағдырын және ұрпақтарының келешегін қазақ жерімен байланыстыратын барша қазақстандықтың отан алдындағы қасиетті міндеттерінің бірі. Кез келген өркениетті елге тән ортақ ұқсастықтар мен рухани құндылықтар болады. Рәміздер солардың бірегей нышандары. Өйткені рәміздер әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдіруімен қатар, елдікке шақыратын, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін, жүректегі патриоттық сезімді оятатын, Отанды, жерді сүюге жетелейтін, ерлік дәстүрлер мен сабақтастық рухында тәрбиелеуге жұмылдыратын айшықты белгілер болып саналады. Еркіндігіміздің Көк байрағы көкте желбіреп, Елтаңба төрде орын алып, Әнұран шырқай орындалғанда, ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсаған елдік қалпымыз бен сүттей ұйыған тірлігімізге, дербес саяси және экономикалық даму жолына түскенімізге щүкіршілік айтып, толқымайтын жан, езілмейтін жүрек, селт етпейтін көңіл болмас, сірә!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
менің елім - менің қазақстаным туралы шығарма, менын елым - менын казахстаным туралы шыгарма казакша, менің елім қазақстан шығарма, менің елім шығарма, менің қазақстаным, менын казахстаным, менің казахстаным шығарма, менің казахстаным шыгарма

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]