Шығарма: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Тұңғыш Президент күні құтты болсын!)
«Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, қуанған.
Бұл даланы көріп алғаш қуанған,
Бұл далада өскен жанда арман жоқ !»
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, қуанған.
Бұл даланы көріп алғаш қуанған,
Бұл далада өскен жанда арман жоқ !»
- деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай. Қасым ағамыз айтқандай, неткен керемет елім! Далам қандай , қалам қандай, шексіз, шетсіз даладай. Елім менің, жерім менің сен неткен бақытты едің! Осындай елде туған менде арман жоқ шығар. Мен бақыттымын! Бақытымның түбі шексіз. Мені мәңгілікке бақытты қылған ол кім десеңдер, мен айтар едім Ол –Нұрсұлтан Аға, Ол- Нұрсұлтан Ата.
Нұрсұлтандай ұл тудырған қасиетті туған елге, қасиетті ата-анаға деген алғысым шексіз. Мен ертең ержетем Отаным үшін, өзім үшін аянбай еңбек етуге әзірмін. Қазір мен мектеп қабырғасындамын, менің үлесім ол жақсы оқу, тәртіпті болу болашақ үшін күресу жаман әдеттерден аулақ болу. Қазіргі заманымызда бізге қойылған басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеп шығару. Бізге ол үшін барлық мүмкіндіктер жасалған .
Нұрсұлтан атам сияқты өз елімді сүйіп, өз жерімді шексіз бағалап, Отан алдындағы борышымды орындауды азаматтық парызым деп түсінемін. Біз, Президентпен бақыттымыз.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: