Қазақша шығарма: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Қазақша шығарма: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Шадкам Сахила 10 сынып
№ 4 Қарғалы орта мектебі
Жамбыл ауданы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін-ақ,өзінің белсенділігін, өнерлі халық екендігін дәлелдей бастады. Ең бірінші жетістігін ауыз толтыралықтай айтар болсақ, әрине тәуелсіз мемлекет ретінде аталуы. Ал сол тәуелсіз мемлекеттің рәміздері құпия,таңғажайып мағыналарға толы асыл қазына. Рәміздер дегенде менің ең бірінші ойыма келетіні, халықтың салт-дәстүрі, ұлты, тілі, тари-хы бәрі-бәрі осы рәміздерде жыр болып, көркемделіп баяндалған. Мысалға алар болсақ:біздің көк аспандай желбіреген туымыз аспан күмбезін еске түсіреді және халқымыздың мәдени-этникалық біртұтастығы мен мемлекетіміздің мызғымастығын көрсетеді. Таза, ашық көгілдір аспан әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштықтың белгісі болған. Әрі көк түс менің ойымша Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолында ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.Туымызды көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек қазақтың дәстүрлі көркем өнерінің негізгі нақыштарымен үйлесім тапқан. Тудағы күннің нұры шұғылалы алтын бейнесі-байлықпен берекенің,тыныштықтың нышаны.Ал күннің астында шарқырап ұшып жатқан бүркіт қазақ халқының барлық ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін,көп ұлтты егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани ерекшелігін бейнелейді.Сонымен қатар дала қыраны қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын,ой-ниетінің биіктігін білдіреді.

Қазақстан Республикасы рәміздерінің тағы бірі оның елтаңбасы. Қазірде біз Елтаңбаның бейнесін теңгелерде,мөрлерде,туларда,қару-жарақтарда,киімдерде, қолжазбалармен кітаптардан көре аламыз.Елтаңбаның негізін салып арқау болып тұрған оның шаңырағы. Шаңырақ- Елтаңбамыздың жүрегі, қазақ халқының ежелден келе жатқан киіз үйінің күмбезі.Ол әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығымен беріктігін білдіреді.Уықтары одан тарап жатқан сәулелері секілді.Елтаңбадағы тұлпар-бостандыққа,ғажап шапшаңдықпен,айрықша күш-қуаттың дарыған ғажап қасиетінің иесі. Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз салынған.Мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып,әр азамат сол жарық сәулеге сеніп,күш-қуат жинап,сол жұлдыздан бағыт-бағдар алып,әрқашан жарқын болашақпен жақсы жолға жетелесін деген сеніммен белгіленген."Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін" деген асыл арманды осы елтаңбадағы бес бұрышты жұлдыз арқалап тұрғандай көрінеді.

Тағы бір рәмізіміз - мемелекеттік әнұран. Осы салтанатты әуенді естігенде қай Қазақстан азаматының жүрегі дір етпейді екен сірә? Әнұранымыз жүректің лүпілін арттырып,халықты патриоттық сезімге тәрбиелейді.Отанға деген сүйіспеншілік, бейбіт пейіл, досқа ашық құшағымызбен еркіндікке құштар көңіліміз жақсы көрініс тапқан.Бұл музыкалық бойтұмармен беттескен десекте артық емес.Себебі халықтың тарихы, ұлты, байлығымен еркіндігі ,бәрі-бәрі осы әнұранымызбен шырқалады.Мемлекеттік Әнұран- егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбасының сазды баламасы.

Осы рәміздерді ұлықтау арқылы елімізді гүлдендіріп жатқан "Гүлстан" ұжымының іс-шаралары дүниежүзілік мәселеге айналған елді көгалдандыру жобасы.Бұл бағдарламамен "Гүлстан" ұжымы көптеген жұмыстар атқарды. Соның ішінде маған қатты ұнағаны осы егемен мемлекетіміздің рәмізі еліміздің туы гүлдер арқылы өрнектеп егілгені. Бұл тек қана дизайн емес. Сонымен қатар экология, өскелең ұрпақты ел экологиясын қорғауға тәрбиелеу. Халықтың санасына Қазақстанды көгалдандыруға деген ынтаны арттыру. Сұлулықпен тазалыққа баулу. Кімге болмасын рәміздерімізді қала аймағынан көру ұнайды. Әсіресе оны ерекше өсімдіктермен жасап, ерекше күтімде баптаса....

Көптен күткен, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қанша қан төгіп жеттік.Енді міне егемен еліміздің қадір-қасиетін қастерлеп, оның мемлекеттік рәміздерінің салт-дәстүрін сақтау әр Қазақстан Республикасының азаматының міндеті,борышы.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
отан туралы шығарма қазақша, отан туралы шығарма 4 сынып, отан туралы шығарма 5 3 6 7 8 сынып, отан туралы шыгарма 2 сынып сочинение на тему отан туралы, рәміздер күніне арналған шығарма, рәміздер туралы шығарма, мемлекеттік рәміздер туралы шығарма, мемлекеттик рамиздер туралы шыгарма, Ту туралы шыгарма, Елтанба туралы шыгарма, Гимн туралы шыгарма, Ту туралы шығарма, Елтаңба туралы шығарма, Гимн туралы шығарма, 4 маусым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]