Қазақша шығарма: Менің Отаным – Қазақстан
Қайдарова Жансая
8 сынып, М. Арын атындағы №24 лицейі
Талдықорған қаласы
8 сынып, М. Арын атындағы №24 лицейі
Талдықорған қаласы
Менің Отаным – егеменді, тәуелсіз Алтаймен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын ен жайлап, еркін көсілген Қазақстан мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері мекендеген, төрт түлігі маңыраған, өндірісі өркендеген кең байтақ Қазақстан елінде тұрғаным – мен үшін мақтаныш! Қазақстанымның айта кететін ерекшелігі ол - дүние жүзінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орын алады және пайдалы қазбаларға бай.
Мен үшін және басқа да отандастарым үшін халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік ұстанымын биікке көтеретін Тәуелсіздік күні – қастерлі мереке. Өйткені бұл Тәуелсіздік күні бізге оңай жеткен жоқ. Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмтылмас оқиғалар – ұлт-азаттық көтерілістер, соғыстар бұлардың бәрі ел жүрегінде өлмес мұра ретінде сақталып қалуы керек. Елімнің тәуелсіздігін алып беру үшін барын салған хан-сұлтандарды, батырларды, ірі тұлғаларды тарихқа өлшеусіз үлес қосқаны үшін ардақтап, олар жүрегімізде ұлт мақтаныштары ретінде сақталуы керек. Қазағымыздың ежелгі шежірелері
– бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілуі керек. “Қазақстанның болашағы жастарда” демекші әрбір қазақ жастарының сана-сезімінде отансүйгіштік, елжандылық сезім болуы тиіс. Сондықтан жастарға артылатын талаптар да көп. Қазақ жастары яғни, біздер мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздан қалған алтындай қымбат салт-дәтүрлерімізді бағалауларымыз, ежелгі шежіремізді білуіміз, ірі тұлғаларымызды ұмытпауымыз керек. Ата-бабамыз ежелден “нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра”,- деп домбыраны ерекше бағалап, тіпті әрбір үйде домбыра ілініп тұруы керек және ол осы үйге тек бақыт алып келеді деп те санаған. Қазақтарда сол кезде суырып-салмы ақындар қатысуымен өткізілетін айтыс дамыған. Және қазақта мағынасы өте терең, жүрекке жылы бірнеше күйлер бар.
Менің ойымша, осындай күйлерді естіп өскен балада міндетті түрде отансүйгіштік сезім қалыптасады. Еліміздің ары қарай өркендеуіне ат салысқымыз келсе, алдымен тарихымызды білуіміз тиіс. Бізді қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған осы күнімізге жеткізген ірі тұлғаларымызды өлді деуге келмейді. Өйткені олардың өзі өлгенімен, олардың есімі біздің жүрегімізден ешқашан өлмейді. Сондай ата-бабаларымыздың жолын біз де жалғауымыз керек. Бірлік береке – біздің басты байлығымыз, құн жетпес қазынамыз, тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз татулық болса еліміздің тарихы төрінен табылады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: