Қазақша шығарма: Көктем - өмір бастауы
Жанары бал-бұл жанып бір бозбала темір жол вокзалына қарай асығып келеді. Қолында қызыл гүл шоғы. Кырсыкканда кымыран іриді, демекші Москва-Актобе жүйрік пойызы да үш сағатқа кешігіп келмек. Бұлқынған жүрегін қоярға жер таппай безектеп, үш сағатты қалай өткізерін білмей дал болды. Вокзал жанындағы кафеде бір аяқ кофе алып, шеттегі үстелге жайғасқан оның есіне интернет арқылы танысқан Сымбаттың суреттегі әсем жүзі мен телефон арқылы естіген балдай тәтті сөздері орала берді. Неткен керемет, әрі ақылды, ибалы, көркем және түсінігі мол жан десеңші. Міне көптен күттірген Сымбат та үш сагаттан сон Актобе бекетіне ат басын тіремек.
Үш жылға созылғандай, жанды жегідей жеп, сабырдың дегбірін алған үш сағат та өтті-ау әйтеуір. Алқынған жүрегін қолына ұстап, 5-ші вагонның алдына құстай ұшып жетті. Вагоннан түскен адамдардың ішінен жазбай танып, сөмкелерін алып, алға жетелей жөнелді. "Қалай жеттің", "ел-жұрт аман ба" деген секілді қысыр әңгіменің жетегінде келе жатып, таксимен қонақ үйге де жетіп үлгерді. Қонақ үйге жайғасып болғаннан соң, кешке дейін ару қаланың көрікті жерлерімен танысып, біраз серуен құрды. Кеш бата екеуі "Республика" атты түнгі клубқа келіп, көңіл сергітті. Бозбалада ес жоқ, бақыттан басы айналған. Барлығы да тамаша болатын. Қайтар жолда "суреттегі бейнемнен алшақтығым қалай екен" деп сұраған бозбаланың алған жауабы су түбіне жібергендей болды. "Суретте сен біршама әдемі боп көрінесің", деп - сыпайы ғана жауап қайтарған Сымбаттың осы бір сөзі бозбала жүрегін қарып өткені айдан анық еді. Жанардағы мұңын жасыра отырып, алыс армандай боп келген аруын еліне шығарып салды. Арада апта өтпей ұялы телефон арқылы бірнеше байланысқан бозбала, Сымбат сезімінің алдамшы екеніне көзі жетіп, Сымбаттың екі жыл бұрын түскен суреттегі бейнесін мен сырлы сөздеріне ғана ғашық боп келіп, жан дүниесі сақтаулы, сәл қуаң тартқан тән бейнесіне бола айнығана кәміл сенімді еді. Налыған көңілі ақпанның ызғарлы аязын да сезінер емес. Беті - қолын қарыған аяздан да Сымбат жауабы суықтау болып көрінген бозбала жалпақ әлемде бір өзі қалғандай сезінген болатын.
Айбарлы аязы бар ақпан да өтті. Таңертеңгі көк мұз бетінде шылқыған суға айналып, кешкісін қайта қатып, әбігерге түсетін кез де келіп жетті. Күн жылынып кетпегенімен ызғардың зәрі сынып, жылымық кезге айналған шақ. Қылышын сүйреткен қыстың да мұртын балта шапқан кез. Кешкі самалмен тынысын кере тартып, күнұзақ жұмыстан шаршаған бойын сергітіп келе жатқан бозбала ой құшағында болатын. Кенет алдында аяғы тайғанап, құлағалы жатқан аруды қолтығынан сүйей бере өзі де құлаудың алдында шақ қалды. Сал бүлінген киімін қағып жатып, ризашылығын білдіріп тұрған арумен көз жанары тоғыса кетті. Бота көздері жәудіреген арудың көзқарас мөлдірлігі сонша, естен танғандай күйге түскен бозбала өзінің қайда тұрғандығын ұмытқандай. Өмірге деген махаббаты бейне сол арудың жанарында тұрғандай оянып сала берді. Атын сұрауға атқарған қызметімді бәлсінгендей болармын деп кідірген бозбала жанын сергітіп, қаяулы көңіліне жайдарлы күй сыйлаған көктмеге аса риза еді. Күнделікті сол жолмен көктемгі аруын есіне ап, жұмыстан жадырап қайту бозбаланың бақытты күндеріне айналды.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: