Қазақша шығарма: Аяулы Отаным - Қазақстан
Абзал Еркежан
8 сынып, № 3 орта мектебі
Іле ауданы, Жетіген ауылы
Жетекшісі: Бақтиярова Ғ.Ю.
8 сынып, № 3 орта мектебі
Іле ауданы, Жетіген ауылы
Жетекшісі: Бақтиярова Ғ.Ю.
Кез келген адам баласын өзінің Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі, ыстық махаббаты кішкентай ғана жүректі кернеп, лүпілдетіп тұрады. Әрбір адамның туған жеріне деген сүйіспеншілігі соншалық, алысқа кетсе, Отанын сағынып, қайтқысы келеді. Туған жеріңде бір түйір құм да ыстық. Отан десе әрбір адам жанын беруге дайын тұрады. Патриоттық сезім-туған жеріңе, еліңе, Отаныңа деген сүйіспеншілік, ыстық махаббат.
Менің Отаным - Қазақстан. Мен осы жерде дүние есігінің кілтін тауып, дүниеге келдім. Алғаш рет көзімді ашып, отбасымды көрдім. Кіндік кесіп, сөйлеген жерім. Осы жерде мектеп табалдырығын аттап, қолыма қалам алып, әліппені ұстадым. Ал қазір осы жерде білім алып жатырмын. Мен өзімді бақытты сезінемін!...
Соғыс кезінде немесе аштық жылдары басқа елдерге кеткен отандастарымыздың көбісі Қазақстанға оралуды армандайды. Талай қазақтар Отанымызға оралып жатыр. Олар әлі де қазақтың салт-дәстүрлерін сақтап, қазақша сөйлеп, мақал-мәтел, нақыл сөздерін ұстанады.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Оларға Гимн, ту және елтаңба жатады.
Әр қазақ Гимнді айтқанда көзіне ыстық жас алып, жүрегі дүрсілдеп, елжіреп тұрады. Қазақстан Республикасының Гимні-рәміздердің бірі және тәуелсіздігіміздің әні! Гимннің авторлары: Ш.Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев. Біз үшін Гимннің әрбір сөзі қымбат. Гимнді әндеткенде көз алдыңа тәуелсіздік, ерлік, достық, бауырмалдық, еңбек және бақыт елестейді! Себебі Гимнді біз сөзбен емес, дауыспен емес, жүрекпен айтамыз.
Енді осы Гимннің авторын білмеу әр адам үшін ұят! Ол адамды адамдар қатарына қосудың өзі үлкен күнә!
2012 жылы Лондон олимпиадасында жеті рет туымыз жоғары көтеріліп, Гимн орындалды. Осы кезде бір адамның жеңісі бүкіл қазақ жеңісі болды. Қазақстан жеңді деп, әрбір қазақтың жүрегінде тыныштық болмай, қуаныштарында шек жоқ болды. Қазақстанға жанкүйерлер өте көп болып жиналды . Жеңімпаздардың табандарын жерге тигізбей қарсы алып жатты. Аспанда желбіреген көк туымыз... Сол туды аспанға желбірете ұстап тұрған адам үшін де бұл үлкен құрмет. Осы көк туыңды сүйгенде, патриоттық сезімің күшейе түседі. Ту да осындай рәміздеріміздің бірі. Тудың түсі көгілдір, аспан түстес. Бұл түс не себепті берілгенін де әр қазақ жақсы біледі. Аспанымыз осы көгілдір тудай ашық, күніміз алтын түстес болып жарқырап, сол аспанда қыран құсымыз қалықтасын, ұлтымыздың береке -бірлігі күшейсін деген ниетпен Шәкен Ниязбеков осы туымызды салған. Ал ою-өрнек қазақтың оюы. Салт-дәстүрі ұмытылмасын деп салған. Аспанымызды ешқашан қара бұлт баспай , қыран құсы аспанда шарықтай берсін, ал күн әр адамға ерекшелене нұрын шашып, шуақ төге берсін!
Осы туымыз желбірегенде әр қазақтың жүрегін ыстық сезімнің билейтіні сөзсіз.
Елтаңба - осы қазақ халқының белгісі. Елтаңбада шаңырақ, қанатты екі ат, жұлдыз, қару-жарақтар, күн сәулесі секілді қазақ үйдің уықтары бейнеленген. Ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазуы бар.
Бұл белгілер – береке - бірлігіміз мықты, берік , биік белестерден көрінсін, биіктей берсін дегенді білдіреді. Ал екі қанатты атты салған себебі, қазақтың киелі жануары-ат. Әр аттың қанатында бидай өрнектеліп салынған. Бұл-астық мол болсын дегенді білдіреді. Төменгі жақтағы қару-жарақтар қазақ елін қорғасын деп берілген.
Елтаңбадағы әрбір суретті қолмен емес жүрекпен салғандай...
Отанында әрбір адам бір-бірін жақының сияқты сезінеді. Отанның, туған жердің ыстықтығын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес... Отанға деген ыстық махаббатың жаныңды өртеп бара жатқандай.
Әр адамның жүрегіне ұя салған от сезім, Лүпілдеген әр жүректе соғып тұрған шоқ сезім. Қазақстаным, туған жерім, елім менің, Отаным, Сенде жүріп сезінемін бақыт нұрын төккенін.
Қазақстаным, туған жерім, сені мәңгі сүйемін, Мен қай жерде жүрсем-дағы сені ойлап жүремін. Қымбат маған әрбір тасың, қымбат маған Отаным, Әрбір адам Отанының мың жасарын тілесін!
Қымбат маған Отанымда әрбір судың тамшысы, Құн жетпейді, ыстық маған әр жәндігі аң-құсы. Туған жерден не бар артық? Атап берші біреуін?
Сөз жетпестей құнды екен, ыстық екен әр тұсы.
Әр таң нұрын маған арнап ерекше бір шашқандай, Ақша бұлттар тербетіліп, мөлдіреген аспанды-ай. Әрбір түнін маған арнап, жарқыратып жұлдызын, Туған жерде әрбір гүлін маған арнап ашқандай.
Осы сезім жүрегіңде мәңгі бақи қадаулы, Жұдырықтай жүрегіңді өртеп оты алаулы.
Ыстық сезім «Отан»-деген өшпес мәңгі жүректен Қадірлейік туған жерді, мұнда әр уақытың санаулы.
Ыстық маған сағындырар сәби кезгі бесігім, Осы жерде көзімді ашып, дүниенің есігін.
Алаш жұртым, анамдайсың, шаңырағым-Қазақстан! Ешқашан да жүрегімнен өшпес сенің есімің!
Туған жерің - туған анаңдай! Туған жерді кеудеңде ақ демің қалғанша көзіміздің қарашығындай қорғап, қадірлеп өтейік! Өйткені, екінші Отанды сен ғұмыр бойы іздесең де таппайсың!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: