Ғылыми жобалар

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қыз Жібектің тұмары

Ғылыми жобаның мақсаты: Халқымыздың көне қиссасы жайлы деректерге тоқтала отырып ой қозғау. Ұлттық құндылығымызды дәріптеу, насихаттау.
Ғылыми жобаның міндеті: Сыры ашылмаған мәліметтермен таныстыруда әр түрлі саналы ұғымдардың құндылығын тану ізденуге ұмтылдыру.
Ғылыми жобаның өзектілігі: Әдеби мәдениетті насихаттау арқылы жоғары сауаттылықты қалыптастыру.
Ғылыми жобаның маңыздылығы: Әдеби кейіпкер есімімен байланысты ұғымдарды қалыптастыруға ықпалы зор екенін зерттеуде қол жеткізген.
Ғылыми жобаның нәтижелілігі: Жоба соңында өз ұсынысын қарапайым түрде жеткізу қажеттілігін түсіну. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Мүшелде бар жұмбақ сыр

Қазақ халқының жыл санау үлгісіне терең бойлап, мүшел жас жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату, Ата - бабамыз мүшел жасты ерекше тәрбие көзі ретінде пайдаланғанын, астрономиялық және математикалық теория тұрғысында ұтымды екенін дәлелдеу.
Міндеттері:
Жыл санау мен мүшел жасты жіптей білу, жасқа сипаттама беру
Өзектілігі:
Заман өзгергенмен халықтың сенімі құпиялыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Мүшел жас ұғымына үңіліп, құпиясын түсіне білу, қашанда өзекті мәселенің бірі болмақ.
Болжам:
Егер мүшел жас туралы неғұрлым көп білсек, адам өміріне тигізер әсері мен ықпалының сырларын ашар едік.
Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену – сенбеу әркімнің өз еркінде дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңызы бар екенін жоққа шығара алмаспыз. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): География | Координаталық жазықтықта ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу

Бізге барлық пәндер ұнайды, бірақ математика пәніне деген қызығушылығымыз көбірек болды. Математика пәні туралы көп білгіміз келеді. Маған математика және математикамен байланысының бәрі ұнайды. Біз не істесек те, барлығы математика мен сабақтасады. Математика грек тілінен қазақшаға аударсақ, «білім», «ғылым» деген мағынаны білдіреді. Математика бізге ғаламның көптеген құпияларын ашуға көмектеседі. Біз математика дегенде тек сандар ғана емес мұнда басқа да керемет нәрселер аз емес. Бұрынғы кезден - ақ математиканың көмегімен көптеген небір кереметтер жасаған: дұрыс жолды тапқан және күнді, ай мен жұлдыздарды бақылау арқылы жыл мезгілдердің ауысатын уақытын болжаған. Сонымен қатар Галилейдің «Әлем математика тілімен бейнеленген» деген сөздерінен математиканың құдіреттілігін көруге болады. Математиканың әр түрлі қыр - сырларымен таныса отырып, мен координаталық жазықтық тақырыбына тоқталып отырмын. Координаталар бойында нүкте салу арқылы сурет шығару қызығушылығымды тудырды. Менің бұл тақырыпты алып отырған бірден - бір себебім координаталар бойында өзіміздің ұлттық нақыштағы қазақ халқының баспанасы киіз үйді және ою өрнектерін кескіндеу. Сонымен қатар оларды басқа да көптеген елдерге танытып, қазақ елінің мәртебесін көтеру. Еліме өз үлесімді қосу. Екіншіден біз тек математика пәнінде есеп шығарып ғана қоймай халқымыздың салт - дәстүрін әдеп ғұрпын үйрету. Сонымен қатар математика сабағында ұлттық салт - дәстүрге, нақышқа келтірілген педагогика – психологиялық тұрғыда жазылған есептерді қолдануымызға болады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері

Ќазіргі кезде білім беру мекемелерініѕ алдында тўрєан міндеттердіѕ бірі - жас ўрпаќтыѕ салауатты ґмір сїруге кґзќарасын ќалыптастыру, олардыѕ денсаулыєын саќтауєа, ќоршаєан ортасын таза ўстауєа жјне жоєары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі ґмірінде пайдалана білуге тјрбиелеу.
Елбасымыз алдыєа міндет етіп ќойєандай ґзіндік ґмір ґрнегін жасай алатын, ґзіндік даму арнасын белгілеп, ґмірдіѕ ќиыр кґкжиегіне батыл ќадам басатын бїгінгі бјсекеніѕ ќатал заѕына икемді ўрпаќтыѕ тўєыры мектептен басталады. Оныѕ алєы шарты оќушы бойында ґмірлік бейінділіктерді ќалыптастыру мен денсаулыєын саќтаумен орындалады - дейді. Ќазаќ елініѕ Ата заѕына сјйкес јрбір азаматтыѕ саулыєы - мемлекетіміздіѕ саулыєы деп есептелінеді. Халыќ даналыєы «Елім бай болсын десеѕ - деніѕ сау болсын» деп денсаулыќтыѕ елдік, халыќтыќ, ўлттыќ, отандыќ маєынасына айрыќша кґѕіл аударады. Сондыќтан да јр адам «Меніѕ саулыєым - ўрпаєымныѕ саулыєы» деп тїсінгені абзал. [№8, 3 - 4бет]
Мектепте оќушыныѕ салауатты ґмір сїру мјдениетін ќалыптастыру бўл:
- Біріншіден, жеке тўлєаныѕ ґзін ќоршаєан жансыз жјне жанды табиєи ортамен жан - жаќты їйлесім тауып, ґз єўмырын Отаны, елі, отбасы жјне ґзі їшін барынша пайдалы ґткізу даєдысын ќалыптастыру; .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Балықты көлінің орналасуы мен тарихы

Балықты көлінің орналасуы мен тарихы
Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық паркі Батыс Тянь - Шаньның солтүстік бөлімінде Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдай тау жоталарында орналасқан. Парк Қазақстан Үкіметінің 2006 жылғы, 26 - қаңтарындағы №52 қаулысына сәйкес Балықты көлі аумағындағы орман мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік орын болып табылады. Жалпы ауданы 30 гектар. Көлдің тереңдегі 16 - 17 метр. Балықты көлінің Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы, Жаскешу елді мекенінде орналасқан.
Аудан орталығы Т. Рысқұлов ауылынан батысқа қарай 20 шақырым, Састөбе темір жол стансиясынан 12 шақырым жерде, Арыс өзенінің оң жақ жағалауында Жібек жолында орналасқан. Балықты көлі ғалымдардың болжамы бойынша Мезозой эрасында пайда болған деген дерек бар.
Біздің ата - бабаларымыз бұл жерді қазақ халқының басына түскен қасіретті оқиға «Ақтабан шұбырынды» кезінде жоңғар шапқыншылығында туған жерді азат етуде көрсеткен ерліктері үшін еншіге алған екен......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Технология | Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы

I. Кіріспе
Қамыстың биологиялық ерекшеліктері.

II. Негізгі бөлім
2. 1 Қамыс өсімдігінің морфологиясы
2. 2 Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы
2. 3 Қамыс қантының пайдасы
2. 4 Қамыстан шиті тоқу технологиясы

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі
Аңдау хат
Зерттеу мақсаты:
Астық тұқымдасына жататын көпжылдық су өсімдігі қамыстың шаруашылықта және адам өміріндегі маңызын анықтау
Міндеттері:
- Қамыс өсімдігі туралы мәліметтерді іздестіру.
- Керексіз болып келген су өсімдігінің шаруашылықта және тұрмыста қолданылуын сипаттау.
- Қамыс өсімдігінен қант дайындаудағы тиімділікті дәлелдеп, көз жеткізу.
- Қамысты басқа да салаларда пайдалану туралы болжамдар айту.
Зерттеу нысаны:.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Ұмытуға болмайтын оқиғалар

Тәуелсіздікті нығайту жолындағы ғасырға бергісіз өміріміз жылжып өтуде. Талай-талай мазмұнды оқиғалар тізбегі көз алдымызда. «Қазақстан»- деген ел атын естісе, таңдана қайран қалатын әлем жұртшылығы, бүгінгі таңда біздің еліміздің әрбір аяқ алысына, аршынды қадамына қуана қол соғатын болды.
Ата бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыз, әрқашанда халық өмірімен тарихын, ұлттық болмысымызбен рухани жанымызды танытатын халықтың тарихи мұрасы болғаны да және болатыны да анық.
Халқымыздың елдікке, егемендікке, ерлікке, жарқын болашаққа, адамгершілікпен парасаттылыққа шақырып, жетелейтін әдеби, мәдени мұралары, сонау ежелгі дәуірден бері келе жатқан шежіреміз бұдан әрі жалғасуда.
Біздің бүгінгі елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлтымыздың рухын асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.
Бірақ, осы елтаңбамыздың авторы туралы мәліметтер өте аз. Жандарбек Мәлібеков сәулетшінің осы уақытқа дейін қандай идеялары болғаны туралы деректердің жоқтың қасы.
Жандарбек Мәлібеков сәулетшінің көптеген ерен еңбектерін зерттей келе, тек қана сәулетші емес, қазір қандай тұлға???.
Міне осы ағамыздың көптеген еңбектері, өмір баяны, әзілдері туралы мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргіздім. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Жаяу Мұса әнші ақындар тобының көрнекті өкілі

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.
Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс - салтымен, наным - сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): | Боранқұлдың шаруашылығы

Боранқұл — Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы ауыл, Боранқұл ауылдық округінің орталығы, темір жол станциясы.
Географиялық орналасуы: аудан орталығы — Бейнеу кентінен солтүстік - батысқа қарай 108 км жерде, Каспий маңы ойпатындағы Қарақұмның оңтүстік - шығысында шөлді белдемде орналасқан. (Қосымша 1)
Халқы:
5700 адам (1997);
4913 адам (2406 ер және 2507 әйел адам) (1999);
6310 адам (3116 ер және 3194 әйел адам) (2009);
7335 адам (2016).
Боранқұл селолық округі бойынша 2016 жылы 197 сәби дүниеге келіп, тұрғындар саны 7335 жетті. 40 жас отау шаңырақ көтеріп, отбасы саны 1280 - ді құрады. Мектеп жасындағы балалар саны – 1824, мектепке дейінгі балалар саны – 1038, балабақшадағы бала саны – 301, зейнеткерлер саны – м424, оның ішінде 1 – еуі Ұлы Отан соғысы ардагері, оған теңестірілгендері – 2, ауған соғысының ардагерлері – 4, тылда еңбек еткендері – 10, мүгедектер саны – 142 адам. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты

Кіріспе
Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу - білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.
Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру – қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі.
Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді. «Отан - от басынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі - Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті, тілі мен салт - дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0