Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Бауыржан Момышұлының бата тілек мақал мәтел нақыл сөздері
Бауыржан Момышұлының бата - тілек, мақал - мәтел, нақыл сөздері
Бата (араб, фатиха – алғыс, ризашылық, тілек) – әлем халықтарының баршасында дерлік кездесетін, адамзат қоғамы сөздің магиялық құдіретіне күмәнсіз сенген қадым заманда қалыптасқан көне дәстүр. Батаны кім көрінген емес, елге сыйлы, абыройлы адам, ақсақалды қария беретін болған. Бата халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық турасындағы түсініктердің айғағы іспетті. Бата қысылғанда – қуат, қиналғанда – медет беріп, Әрбір іс - әрекетіне даңғыл жол ашып, бәле - жаладан қорғайды деп есептелген.
Бауыржан шығармашылығының бір саласы оның өлеңдері мен қанатты сөздері, мақал - мәтелдері. Батыр жазушының өсиет сөздері күні бүгінге дейін елдің аузында.
Біздер Бауыржан Момышұлын көбіне халқымыздың дара туған, тұлғасы, кешегі Ұлы Отан соғысының хас батыры, атақты қолбасшы, екі тілде бірдей жазған қаламы жүйрік жазушы ретінде білеміз. Ал нағыз қуатты ағысы тереңде жатқан дария – дарын иесі, рухани ұстаз ретінде Баукеңді әлі толық танып білгеніміз жоқ. Әсілі, қазақтың арқалы ақындарының бірі Хамит Ерғалиевтың «Баукеңнің телегей – теңіз тағылымы – болашақтың, таяу мыңжылдықтың әңгімесі» деуі тегіннен тегін болмаса керек.
«Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс оқыған ұстаздарымызды есіме түсіріп ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата - аналарымның бейнесі елестейді. Солардың уағызы басымырақ бола береді…», – дейді.
Жазушының рухани нәр алған қайнар көздерінің енді бірі – халқымыздың сарқылмас бай әдебиеті.
Бауыржанның «… мен әдебиетті жақсы көремін. Көзімді ашқаннан халықтың ауыз әдебиетімен ауыздандым, рухани тұшындым – деген сөздерінен оның қазақ халқының ертеден келе жатқан ауыз әдебиетін, сүйетіндігін, бала кезінен ауыз әдебиетінің озық үлгілері саналатын ертегі, аңыздар мен жырларды тыңдап өскендігін көреміз.
Халқымызда «Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген қасиетті сөз бар. Бала Бауыржанның елінің сүйіктісі, аты аңызға айналған батыр, әрі жазушы Б. Момышұлы болуына, дүние есігін ашқан алғашқы күндері атасы Имаштың берген батасының шарапаты тимеді деу қателік болар.
Атасы Имаштың немересіне өмірлік өнеге болсын деп берген батасы бар:
Алатаудың қыраны мол еді -
Қырағы болсын, құлыным.
Қойнауы суға толы еді -
Бұлағы болсын құлыным.
Елінің тілегі зор еді -
Шырағы болсын құлыным.
Ата тілегі он еді -
Құмары болсын құлыным.
Бұл жер батырлар төрі еді -
Сыңары болсын құлыным – деп, немересінің өркені өсіп, азамат болсын деген көзі қырағы, ойы ұшқыр Имаш атасы, немересі екі - үш ай толғанда, сәби Бауыржанды қолына алып, жас өркен бұтақты қолына ұстатып тұрып:
Құрық деп берсем – құл болма,
Шыбық деп берсем – берсем шіл болма,
Бәрінен де шырағым,
Баяны жоқ ұл болма – деп, немересінің мәнді де мағыналы өмір сүріп, туған еліне аянбай еңбек етіп, баянды ғұмыр сүруіне ақ батасын береді. Бауыржанның бата - тілектері де осы батадан өріс алып тұрғандай.
Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова атасы жайлы жазылған «Шуақты күндер» атты кітабында: «Мен атамның келінімін. Тұла бойы қайшылықтарға тұнып тұрған қайталанбас адамның биік шаңырағының кең дастарқанын ұстаған, шамам келгенше иіліп қызмет істеп, өнегелі өсиетін де, өңменімнен тесіп өтер айқайын да естіген маңдайлы келінімін. Атам деген – тірі тарих, шексіз шежіре еді… Ол – өз өмірінде сый - құрметке, қошеметке бөленген адам. Бірақ, Халқымыздың жақсы салттарын сақтап, әдеп пен ізет көрсетуім тіпті ұнап - ақ тұратынын білетін едім…» – дейді.
Мына бір батасы оқыған әрбір адамның жүрегіне терең ой салары анық. Бұл батада Бауыржан Момышұлы жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арамдықты ашып көрсете келіп, неден сақ болу керектігін ашық айтады.
Бауыржанның баталары өзінше бөлек әңгіме. Бата беру халқымыздың ежелден келе жатқан қасиетті дәстүрлерінің бірі. Ақ тілек айту, жылы пейіл - ықылас білдіру, шын жүрегінен шыққан лебізді жеткізу – ата - бабаларымыздың өсиетнамасы, адамгершілік аманаты. «Бата – сөздің анасы», «Атаңнан бота қалмаса да, бата қалсын» деген сөздер тегін емес. Баукең батаның қадір - қасиетін білген, мән - маңызын терең түсінген адам. Сондықтан бұрынғы ескі баталарды қайталамай, осы заман ауқымына сай, өмірдің өзекті мәселелерін қоса отырып, өз жанынан шығарған баталары ел ішінде кең тарап кеткен. Солардан аз ғана үзінді келтірейік:
Е, Жаратушы жасаған!
Тілегімізді қабыл ет.
Иманымызды кәміл ет.
Дозақтағы оттан сақта,
Қаңғыған оқтан сақта.
Парақор соттан сақта.
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Адалдықты арбаған ақыннан сақта – дей келіп, отбасы тәрбиесіне байланысты былай дейді:
Қарияны кемел, сыпайы ғып бер,
Ағаларды райлы ғып бер,
Апаларды мейірлі ғып бер,
Жезделерді зейінді ғып бер,
Құдағиды кеңпейілді ғып бер,
Қарындасты көрікті ғып бер,
Інілерді бөрікті ғып бер,
Әйелді ақ некелі ғып бер,
Баланы қаны толық, шекелі ғып бер,
Жиендерді жетелі ғып бер – деп айтып келіп, ары қарай барша еліне бақ пен бақыт, ынтымақ - ырыс тілеп, бүгінгі ұрпақты жақсы тәрбиеге шақырады. Қариясы кемел, апалары мейірлі, жезделері зейінді, қарындасы көрікті, әйелдері ақ некелі ел қашанда мәдениеті жағынан ең озық ел болмақ.
Мақал - мәтел – өмір тәжірибесі. Қиналған, қысылған сәттерін мен шақтарың, сол қысылшаң кезден қалай құтылғаныңды ойыңмен өрнектеп, сөзбен кестелесең, тұжырымдап қысқа бейнелесең, нақылға айналады. Қол астында пәлендей мың солдат болып, оның пәлендей отбасының тағдыры және сенің мойнында болса, ойланбай отыра алмайсың. Сонымен бірге солдатты өлімге жұмсау да оңай емес. Қарамағымдағы жауынгерлер маған тек бағынышты ғана болған жоқ. Олардың ішінде ақылгөйлері де көп болды.
Кейде солардың ауыздарынан маржандай асыл сөздер атқылап жатады. Мен елден естігендерімді оймен елеп - екшей бердім. Екшегенімді ерінбей қағазға түсірдім.
Опасызда Отан жоқ.
Табандылық – батылдықтың қорғаны.
Намысты нанға сатпа.
Өзін аяған – дұшпанға дос.
Өмір үшін өлгенше күрес.
Өлтірсең, өлімнен құтыласың,
Өлтірмесең, өлімге тұтыласың.
Тірескеннің тізесін бүктірген – ер,
Белдескеннің белін сындырған – ер,
Жағаласқанның жанын жаһанамға жіберген – ер.
Бауыржан Момышұлы – жалпы адам баласының абзал қасиеттері мен азамат тәрбиесін отыз ойланып, тоқсан толғанған, парасатты ойшыл. Ол, әсіресе ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Баукеңнің «Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта алмайды, ол сөз жоқ, арамза, әрі қаңғыбас»- деуі жайдан - жай емес.
Көп тұрған су сасиды,
Ойламаған ми сасиды.
Үмітсізден үміт қашады,
Үміт асқар таудан асады.
Тәртіпсіз ер болмайды,
Тәртіпке бас иген құл болмайды.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Ана тілің білмеген, ана сүтін татпаған.
Жалпы Бауыржан Момышұлы мақал - мәтелдері адам бойына күш - жігер, қайрат беріп, рухтандырады. Жерге тер төгіп, ал халыққа қан төгіп қызмет ету үшін, таяқтан тайсалма, семсерден сескенбе деген.
Қанатты сөздер – тұжырымды ой, әуезді ұйқасқа құрылған өрнекті сөз тіркестері. Кейде халық оны ауызекі тілде аталар сөзі, өсиет - нақыл деп те атайды. Қанатты сөздер – мақал - мәтелдерге өте ұқсас. Оларды ішкі мазмұны жағынан бірінен ажырату қиын. Қанатты сөздердің көбінесе авторлары белгілі болады. Өткір де тапқыр, ойлы, бейнелі қанатты сөздер ақын - жазушылардың тіл шеберлігін арттырады, суреттегелі отырған кейіпкерлердің айқын тұлғасын кескіндеуге септігін тигізеді.
Бауыржан Момышұлының нақылдары сан алуан тақырыпқа арналған: соғыс және бейбіт өмір, тәртіп пен тәрбие, парыз бен қарыз, тіл мен әдебиет, салт пен дәстүр тағы сол сияқты болып жалғаса береді. Бірақ көбі жас ұрпақты отанына деген махаббатқа тәрбиелейтін нақыл сөздер. Айтылған сөздерінің көбісі өз тағдырына байланысты. Баукеңнің нақыл сөздеріне айналған оның басынан кешкен жайттары ғана емес, өмірден көріп - білгені, көкірек көңіліне түйгені, жүрегіне ұялағаны, қоғамға, болашаққа деген ой - пікірлері. Ал бұл ойларды жинақтап, мақал - мәтел деңгейіне дейін көтеріп, болашаққа өсиет ретінде жазып қалдыру – тек Бауыржан Момышұлы сияқты талантты тұлғаның ғана қолынан келетін іс.
Тәртіптің өзі кейде тәртіпсіздік туғызады.
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,
Шындықтың уын ішіп өлген артық.
Ептілік пен батылдықты қосса, айлакерлік шығады.
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі.
Тарихи кесек тұлғалар тұғырында Бауыржан Момышұлы өнегесі баға жетпес байлыққа жол сілтейді. Жас ұрпақты жігерлендіреді. Батылдыққа баулиды. Адамдыққа тәрбиелейді. Бауыржан атамыздың ғибраты санаға сіңіп, көңіл көгіне жетті......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер
» Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Ғабиден Мұстафин тіліндегі мақал мәтелдік қолданыстар мен нақыл сөздер
» Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қырандар қанаттанған ұя Гурьев жаяу әскер училищесі
» Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Сыр сүлейлерінің шығармалары Нұртуған жырау
» Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Кеңес Одағының батыры Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнес батырлық тұлғасы

Іздеп көріңіз: