Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Қазақтың ұлттық өлшем бірліктері тақырыбына ғылыми жоба

Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Қазақтың ұлттық өлшем бірліктері тақырыбына ғылыми жоба

Зерттеудің негізгі мақсаты:
1. Халқымыздың мәдени мұрасын, тілдік мұраларды зерттеп, зерделеу, оларды қоғам игілігіне айналдыру.
2. Халық тілінің сөз байлығын меңгерудегі байырғы өлшем бірліктерін, ондағы тіл ерекшеліктерін танып білу.
Міндеті:
1. Әдебиеттерді қарап шығып сұрыптау.
2. Аймақтық жазушылар шығармаларындағы байырғы өлшем бірліктерін табу.
3. Мектеп оқушылары арасында сауалнама алу.

Өзектілігі:
Байырғы өлшем бірліктерімен танысып, әдеби тіліміздің қалыптасуына өзек болып отырған халық тілінің сақталуына ұйтқы болу.
Ғылыми болжам:
Егер мен қазақтың байырғы өлшем бірліктерін зерттесем, қазақ тілінің тарихына, халықтың этнографиясына деген қызығушылығым оянып, пәнге деген ықыласым арта түседі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1 - кезең - "өлшем бірліктері ", "байырғы өлшем бірліктері"деген терминдермен жұмыс істеу. Аймақтық жазушылардың еңбегімен танысып, қосымша әдебиеттерді іздеп, зерттеу.
2 - кезең - мектеп оқушыларымен сұхбаттасу, сауалнама алу, алынған мәліметтерді сұрыптау, зерттеу, бір арнаға тоғыстыру.
3 - кезең - ұсынылатын зерттеу жұмысын дайындау, рәсімдеу.
Зерттеудің әдіс - тәсілдері: Материалдарды талдау, оларды салыстыру, жүйелеу, қорытындылау.
Жаңашылдығы: Байырғы өлшем бірліктерін зерттеу барысында аймақтық жазушылардың еңбектерінің қолданылуы.

Зерттеу нысаны: Байырғы өлшем бірліктері атаулары

I Кіріспе
1. 1. Өлшеу не үшін керек?
Елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» бағдарламасын ұстанып, «Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»- дей келіп, ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген байырғы өлшемдердің киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әр бірімізді қызықтырары сөзсіз.
Ежелгі адамдар бір нәрсені өлшейін деп ойлағанда емес, олар барлығын шамамен болжайтын. Олар тәуліктің уақытын немесе жыл мезгілін болжап білетін. Тіпті өз жастарын да шамамен ғана білетін. Бірақ уақыт өте келе адамдардың ақылына ақыл қосылды. Олар күн мен жұлдыздарды бақылау арқылы уақытты өлшеуді үйренді. Ұзындықты қалай өлшеу керектігін есептеп шығады. Осы білімдерін сарайларды, мазарларды салған кезде пайдаланды.
Өлшеген сайын адамзаттың ақылы арта түсті.
2000 жыл бұрын дүниежүзінің матемагтары ғажайып қалалар салды. Жердің көлемін өлшеумен шектелмей Жер мен Айдың ара қашықтығын да есептеп шығарды. Осының барлығы математиканың арқасында қол жеткізді.
Өлшеу тарихы мынадай:
Адамдарда сағат пайда болғаннан бұрын ежелгі бабаларымыз уақытты күн санау немесе Күнді, Айды не жұлдыздарды бақылау арқылы өлшеген. Уақыт адамдар өлшеп үйренген алғашқы ұғымдардың бірі.
Барлығымыз тәулік мезгілін шамамен анықтай аламыз. Бұрынғының адамдары күн мен түнді жұлдыздардың, оттың, су мен көлеңкенің көмегімен өлшеу тәсілдерін тапқан.

II Негізгі бөлім
2. 1. Адам денесімен неге өлшейді?
Адамның денесі дүниедегі алғашқы өлшеу құралы болған. “Адамдар сызғышты және бір нәрсенің көлемін өлшеуге арналған өзге де айла – бұйымдарды ойлар тапқанға дейін заттарды өз денесімен салыстыратын.”
Біз осы күнге дейін көлемді немесе қашықтықты өлшеу бірлігі ретінде адамның дене мүшелерінің атауларын пайдаланамыз.

Бүкіл тарих бойына адамдар саусақтарын санау үшін, ал қол - аяғын өлшеу үшін пайдаланып келеді. Адам тәнімен өлшеудің ең үлкен өлшем мөлшері – адам денесінің ұзындығы, ең кіші өлшем мөлшері - бір тал шаштың қалыңдығы.
Саусақтар оның ішінде бас бармақ та, барлығымызда әртүрлі болғандықтан, сенімді өлшеу құралы болып табылмайды. Сондықтан “бас бармақ қағидасы” “шамамен” дегенді білдіреді. Көптеген еуропалық тілдерде (соның ішінде француз, испан, итальян, швед, партугал) “дюйм” сөзі “бес бармақ” дегенді білдіреді.

2. 2. Халық өлшемдері ұлттың тұрмыс - тіршілігінің айнасы
Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар.

Мәселен, өлшем бірліктерін білдіретін қазақтың көне сөздері өте көп кездеседі. Адамзат дүниесі дән өлшейтін мысқалдан бастап, астық өлшейтін шойын таразыларға толы. Яғни, әлем қарама – қарсылықтан жаратылған.

Қазақтың байырғы өлшем сөздерінің өзін нақтылы, жобалы өлшемдер, жер арақашықтығын білдіретін, салмақты, ұзындықты, көлемді, уақытты, жас мөлшерін білдіретін, қатты және сұйық заттардың өлшем бірліктері бола алатын түрлерге іріктеуге, саралауға әбден болады. Біздің халқымыздың ауыз әдебиетінде татымдай, шынтақтай, қолдаяқтай, шейін, дейін, қарай, таман, салым, тарта, жуық, таяу, торсықтай, есе, рет, қиян – қырлы, қара – құрым, үш тұмша, найза бойы, баданадай, қарыс, қадақ, тұтам, тамам, уыс, күректей, қасықтай, астаудай, шымшым, шаршы, кез, елі, қырық құрау, қарыс, аршын, адым, таспа, сүйем, батпан, тамшы, титтей, шайнам, табан, шайқам, әммә, тарыдай, уыс, бір ауық, кесек, тақыр, мысқал, азды - көпті, айшылық, күншілік, жылшылық, ұдай, құлаш, ықылым, кешелі – бүгінді, шым – шымдап, тосат, пұт, қылаң, мүшел, барабар, қат, т. б. сөздер өлшем бірліктері ретінде қолданылып келген.

Қазақ халқының мақал – мәтелдерінде жоғарыдағы өлшем сөздер жиі кездеседі. Мәселен: «Екі елі ауызға, төрт елі қақпақ», «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады», «Көңіл азып, тон тозса, берген көйлек кез болар», «Біреудің мінінің бір елі артықтығы бар». Енді кейбір өлшем сөздердің мағынасына тоқталайық.

Халық ауыз әдебиетіндегі «Батырлар жырында» алып батырлардың күрзісі үнемі батпан өлшемімен көрсетіледі. Егер Бұхарада бір батпан 7 пұт 32 фунтқа тең болса, Талас өңірінде 12 пұтқа тең болған. Батпанға ұқсас қазақта «дыр» деген сөз бар. Дыр – үлкен, ірі, зор. Батпан да, дыр да - өлшем. Өлшем - өлшеу бірлігі мөлшер, шама. Заттың көлемін, салмағын, қысымын, ыстық – суықтығын, т. б. сапаларын белгілі өлшем арқылы анықтайды. «Батпан», «дыр» - көлемдік өлшемдер.

Көлем – белгілі бір заттың аумағы, мөлшері, бір нәрсенің шегі, аясы. Көлемдік өлшемдер деген – көлемге лайықты, аумақтық, мөлшерлік өлшемдер. Өте аз көлемдік өлшемді білдіретін өлшем сөздердің бірі«шынашақ», «шынашақтай». «Шынашақ» - саусақтың кішкентайы. Оның бұлай аталуы бітіміне байланысты туған. Түркі халықтарының бірі – құмық тілінде «шинчеки» сөзі қазақ тіліндегі «болмашы, өте кішкентай» мағынасында қолданылады. Осы «шинчеки» сөзі енді «шынашақ» тұлғасында өз тілімізде аталып жүр. Ал «Әшмүшке», «түйірдей», «тырнақтай», «кенедей», «тұрымтайдай», «тарыдай», «титімдей», «титтей», «уыстай», «тоқымдай», «мытым», «шымшым», «ұлтарақтай», «тілдей», «тістем», «пәмдә», «мысқал», т. б. сөздері кішкене деген өлшемді білдіреді. Дәлірек айтар болсақ, мысқал – жиырма бес грамға тең салмақ өлшемі, 1 қадақта 96 мысқал бар. Ал «қадақ» - екі жүз грамға тең салмақ өлшемі.

Ауыз әдебиетіндегі «Ер Тарғын» жырында:
Келген қалмақ көп еді,
Көп те болса қалмақтан,
Алты күн айғай салғанда,
Азғантай қалды қадақтай – деп жырлайды.
«Үш ғасыр жырлайды» еңбегінде:
Мысқалы мың теңгелік асыл заттар,
Барады арзан болып жылдан – жылға,
Жақсыны жау да болса, дұшпан тұтпа,
Жаманның басында тұр заман ақыр, -
делінсе, «Гауһарды мысқалдап өлшейді» - дейді қазақ мақалында.
Мысқалдау – аз, аздау, там – тұмдау, мысқалдай – болар, болмас, кішкентай, азғантай. Әш - мүшке – қадақтың сегізден бір бөлігі.
2. 3. Қашықтық, уақыт, салмақ, тереңдікке қатысты өлшемдер
Ертеректе Шығыс елдерінде ұзындық өлшемдері ретінде адамның дене бөліктерінің өлшемі негізге алынған. Ол өлшем бірліктерін елі, тұтам, қарыс, сүйем, кез, сай кез, құлаш, шақырым деп атаған.
Халық арасында әсіресе, ауылдық жерлерде жиі қолданылатын «бие сауым», «сүт пісірім», «әрі - беріден соң», «қас пен көздің арасында», «қадам», «қарға адым», «батпан», «пұт», «қадақ», «мысқыл» т. б қашықтық өлшемдер мен салмақ өлшемдері – халқымыздың ғасырлардан туындаған күнделікті тұрмыстарында қолданылған бірліктер......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
гылыми Қазақтың ұлттық өлшем бірліктері тақырыбына ғылыми жоба жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Математика ғылыми жұмыстар пән, Қазақтың ұлттық өлшем бірліктері тақырыбына ғылыми жоба

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]