Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастыру
Кіріспе................ 3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық негіздері....... 7
1. 2 Қазақ балалар фольклоры – мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыру құралы.................... 15
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалар дүниетанымын іс - әрекет үстінде әдебиеттің ұсақ жанрлары арқылы қалыптастырудың әдіс - тәсілдері.................................... 33
2. 2 Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және оның нәтижелері.................................................................... 46
Қорытынды........................................................................................................... 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................... 59
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық және саяси жаһандық өзгерістер жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне үлкен талаптар қойып отырғаны баршаға мәлім. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп жаңа қарқынмен дамуы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтап, өз ана тілімізді құрметтеп, оның қуат - қайнарын пайдалануға жол ашты.
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып, отбасының тәрбиелік потенциалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді. Қазір содан бері 20 жылдан аса уақыт өтіп, бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз[1].
Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңында:... жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіби тұрғыда жетілуі үшін жағдайлар жасау – қажеттілігі айтылса, осы Заңның І бөлімі 2 - бабында «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр - салтын оқып - үйрену үшін жағдайлар жасалуы қажет» - деп атап көрсетіліп, халықтық мәдениеттің маңызына ерекше көңіл бөлінді.
Білім мен тәрбие беру жүйесінің мәдени - этникалық мақсатын көздеген осындай мемлекеттік құжаттар аясында ұзақ жылдар бойы ескерусіз келген халықтық педагогика дәстүрлері қайта жаңғырып, тәрбие саласында ерекше маңызға ие бола бастады.
Мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық дамуы өз ұлтымызға тән рухани, мәдени өмірдің өркендеуінен көрініс тауып, жас ұрпақты салт - дәстүрге, тілге, ұлттық өнерге, өз елінің және әлем халықтанының тарихын құрметтеуге тәрбиелеу, жауапты да басты міндеттер ретінде саналып, жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының этникалық - мәдени білім тұжырымдамасында: «этникалық - мәдени және мемлекеттік сәйкестілікке білім беру жүйесі арқылы барынша тиімді қол жеткізуге болады. Білім беру – ұлттық сапаны қалыптастырудың, мәдени - тілдік мүдделерді жүзеге асырудың құралы есебінде мынадай басты төрт функцияны атқаруға тиіс:
- таратушылық (этникалық - ұлттық қоғамдастықтың тұтастығы мен жаңғыруын қамтамасыз ету);
- дамытушылық (ұлттық сананы қалыптастыру және дамыту);
- саралаушылық (адамның, этникалық топтардың ұлттық - мәдени қажеттіліктерін айқындау);
- ынтымақтастырушылық (мәдениеттердің өзара бірлігін, өзара кірігуін, өзара байытуын, жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесінде байлауын қамтамасыз ету)» – деп атап көрсетілген.
Білімді адам ғана тарихи және мәдени дәстүрлерді ұстана алады. Ол өзінің белгілі бір қауымдастық пен халыққа қатыстылығын сезінеді, оның бойында мәдени қажеттіліктер: адамгершілікке, ойлы іс - әрекетке, сұлулыққа, жоғары - рухани бастауларға құлшыныс қалыптасады[2].
Ұлттық тәлім - тәрбие берудің нәтижелілігі балабақша тәрбиешісінен бастап, бастауыш мектеп мұғалімнің педагогикалық қызметінің дәрежесімен айқындалады. Сондықтан болашақ балабақша тәрбиешісі мен бастауыш мектеп мұғалімдері халықтың ғасырлар бойы жинақталған тәлім - тәрбие тәжірибесін тиімді пайдалану мәселесін басты назарға алғаны дұрыс деп ойлаймыз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2007ж) 15 - бабында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары айқындалған. Онда:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іс - әрекет түрлерінің мектеп жасына дейінгі балалар үшін ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде әзірленетіндігі;
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларында «... әр баланың талабын, бейімділігін, қабілеттілігін, дарындылығын іске асыруға және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдіс негізінде оны бастауыш білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады» – деп айтылды[3].
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасының талаптарына сай және қазіргі кезең өзгерістеріне орай халыққа білім беру жүйесінде балаға өз ұлтының мәдениетін яғни, халықтың бағзы замандардан бері қолданып келе жатқан тәрбие құндылықтарын меңгерту талабы қойылып отыр. Аталмыш бағдарламада:
« - мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы елеулі түрде кеңейді: қазақ тілінде оқытатын балабақшалар - 1178 (2001 жылмен салыстырғанда 876 - ға өскен), мектептер - 3821 (2001 жылмен салыстырғанда 173 - ке артты), 101 мемлекеттік тілді оқыту орталығы құрылды;» делінеді[4].
Осы мемлекеттік құжаттармен қоса, 1999 жылы жарық көрген «Балбөбек» бағдарламасы да қазақ балабақшаларының бағдарламасын айқындап берді. Олай болса, қазақ балалар бақшасында халық ауыз әдебиеті ұсақ жанрлары санамақ, жаңылтпаш, мазақтамалардың балалардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудағы рөлі жайлы, оның тәлім - тәрбиелік маңызы туралы айту, оның тәрбие жүйесіндегі құндылықтарын зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып қала бермек. Ұлттық дүниетанымның арқауы болып табылатын халық тағылымының мән - маңызы мен шығармашылық мұрасын зерттеудің негізгі халық этнопедагогикасының тәлімдік тағылымдары, құнды идеялары, әдіс - тәсілдері, амал - жолдары, құралдары арқылы жүзеге асырылады. Зерттеліп отырған мәселенің әдістемелік негізін дәлелдеуде көптеген зерттеуші ғалымдардың еңбектері, балабақша тәрбиешілерінің озық тәжірибелері, соңғы ақпарат мәліметтері, ғаламтор материалдары пайдаланылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі алыс - жақын шетелдік ғалымдар тарапынан 20 - 30 жылдардан бастап - ақ зерттеле бастаған. Сол жылдары Е. И. Водовозова (1913), Н. К. Крупская (1917), Е. И. Тихеева (1928), Л. К. Шлегердің (1930) бірқатар педагогикалық еңбектері жарық көрген.
Ғылыми жұмыстарға шолу жасап, баланың дүниетанымын дамыту мәселесіне тоқталған кезде, негізінен ТМД елдері ғалымдарының еңбегіне жүгінуге тура келеді. Себебі соңғы жылдарға дейін (1950 - 60 жылдар) Қазақстанда тікелей бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар болмаған деуге болады. Оған себеп, одақ көлеміндегі барлық балабақшалар орыс балабақшаларының бағдарламаларын аударып, сондағы талап - тілектерді жүзеге асыру мақсатымен ғана шектеліп отырғандықтан, әдістемелік еңбектер де аударма қалпында қалып келді.
Десек те, қазақ мектептерінде халық ауыз әдебиеті жанрларының тәрбие құралына айналуы кеңес дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап - ақ қолға алынғанын білеміз. Оның айғағы біріншіден, 19918 - 29 жылдар аралығында балалар әдебиеті қалыптасқан болса, 1932 жылы С. Сейфуллин құрастырып, Қызылордада басылған Қазақ әдебиеті оқулығына «Қобыланды батыр» жырынан «Тайбурылдың шабысы» үзіндісі енгізілген.
Кеңестік дәуірдің соңғы жылдарына таяу балалар бақшасына арналып жазылған бірқатар қазақстандық ғалымдардың зерттеу еңбектері жарияланып, бой көрсете бастады. Олардың қатарында Ш. Ахметов, Қ. Шоназаров, А. Меңжанова, Б. Баймұратова, Ә. Әмірова, Т. Левченко, М. Сәтімбекова, Қ. Меңдаяқова т. б. еңбектері бар.
Зерттеу мәселесі саласында жарық көрген біршама зерттеулерге жасаған талдау барысы мектеп жасына дейінгі балалар дүниетанымын қалыптастыруда өз ұлтымыздың ұлттық құндылықтарымен толықтырудың әлі де болса олқы тұстары бар екенін байқатты. Біз соған байланысты өз зерттеуімізді « Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастыру» деп атадық.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ балабақшаларының балғындарына әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастырудың әдіс - тәсілдерін ғылыми тұрғыда негіздеу......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ғылыми жұмыс (жоба): Қазақ тілі | Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру
» Ғылыми жұмыс (жоба): 0 5 жасқа дейінгі балалардың ақыл ойының даму ерекшелігі мен физиологиялық, психологиялық көрсеткіштерінің диагностикалық маниторингісі
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері
» Ғылыми жоба: Этнопедагогика
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру

Іздеп көріңіз: