Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Наурыз мейрамының тарихи түп тамырына үңілсек

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Наурыз мейрамының тарихи түп тамырына үңілсек

Наурыз мейрамының тарихи түп - тамырына үңілсек...
Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. Адамзат баласының өзін қоршаған ортамен қарым - қатынасы негізінде туындаған халықтық салт - дәстүрлер, діни әдет - ғұрыптар, маусымдық халықтық мерекелер және отбасылық той – томалақтар деп үш топқа бөлінеді. Діни әдет - ғұрыптарға өте ертеден қалыптасқан түрлі ырым - сырым, наным - сенімдермен бірге зороастризм, будда, шаман, ислам діндерінен енген рәсімдер жатады. Ал маусымдық мерекелерге жалпыхалықтық тойлар - жыл басы тойы - Наурыз, жаз тойы - Қымызмұрындық, күз мейрамы - Мизам (шопандар тойы мен сабантой), қыс тойы - Соғым енеді.

Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап қартайып дүниеден өткенге дейінгі өмірі үнемі сан ғасырлық наным - сенімі, таным – түсінігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жинақталған салт - дәстүрлер аясында болады.

«Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, салт - дәстүрлерден ұлттың мінез – құлқы, үлгі - өнегесі, зейін - зердесі, даналығы мен даралығы, шешендігі мен тапқырлығы, ақыл - ойы, сондай - ақ, жаратушы мен жаратылысқа, өзін қоршаған жанды, жансыз әлемге деген моральдық, танымдық, этикалық көзқарастары көрінеді, яғни, салт - дәстүр дегеніміз - халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі болып саналады.

Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын.

Көшпелілердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір жыл алты ай жаз («йас») бен алты ай қысқа («қыш») бөлінген. Тіліміздегі «алты ай жаз бойы», « ала жаздай», «алты ай қыс бойы», «ала қыстай» секілді сөз оралымдарын осы бір түсініктің жаңғырығы десек болады. Жаз айларында дүние кеңіп, шаруадан мойын босап, жер бетін қуаныш, шаттық жайлайтындықтан - «жағымды», ал қыс айларында суық, аштық, жұт болатындықтан «жағымсыз» саналған. Әуелгі адамдардың жақсылық пен жамандыққа жан бітіріп, оларды адам бейнесінде айтыстырып, күрестіргені туралы қызықты мәліметтер көне жазбаларда сақталған. Мәселен, біздің жыл санауымыздан бұрын дүниеге келген қасиетті «Авеста» кітабында, ХІ ғасырдағы түркі тілдерінің энциклопедиясы - «Диуани лұғат – ат - түрк» сөздігінде, сондай - ақ қазақ халқының қиял - ғажайып ертегілерінде осындай ұқсас сюжеттер қайталанып отырады. Соғдылықтар жақсылыққа «Ахуромазда», жамандыққа «Ахирман» деп ат қойса, бұрынғы қазақтар жақсылықты «Кие», жамандықты «Кесір», қысты «Зымыстан», жазды «Табысқан» деп атаған. Қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған 5(6) күн - «бес қонақ» деп аталады. Бұны фарсылар «фэнджи», сотистік күнтізбеде «эпагоменай» (шолақ ай) дейді. Ежелгі сенім бойынша жақсылық пен жамандықтың жан алып, жан берісіп өмір үшін күресуі санатқа кірмей қалған осы уақыт аралығына сәйкес келеді. Осы бір «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер, өлінің әрі тартар, тірінің бері тартар» қиын, қысталаң кездері халық тілінде «өліара» деп аталады. Қазақтар осы бір 5 (6) күнді өткізіп жібермей жолаушы шықпайды, қоныс аудармайды, жиын - той жасамайды, мал сойып, қонақ шақырмайды. Ақсақалдар өліарада «апыр - ай, қайтер екен» деп ауыл иттерін де үргізбеген.

Қыс пен жаздың халық санасындағы осы бір көрінісі кейбір ғалымдардың Наурыз мейрамының шығу тегін дуалистік түсініктен іздеп, Жақсылық пен Жамандықтың, Қыс пен Жаздың, Суық пен Жылының, Қайырымдылық пен Қатыгездіктің күресінен туған деген ой қорытындылауына себеп болды. Алайда, «Екі жарты - бір бүтін», «бірлік болмай, тірлік болмас», «тіршілік көзі - бірлікте» деген халық даналығына үңілсек, ата - бабаларымыздың жаратылыс жайындағы түсінігі басқаша болғандығын байқаймыз. Бірінсіз бірі болмайтын, үнемі бірін екіншісі алмастырып отыратын тіршіліктің құралым бөлшектерінің үйлесімді бірлігінен бір тұтас жаратылыс, тіршілік туса керек. Көшпелілер жыл басын Наурыздан бастайды......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
гылыми Наурыз мейрамының тарихи түп тамырына үңілсек жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Тарих ғылыми жұмыстар пән, Наурыз мейрамының тарихи түп тамырына үңілсек

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]