Ғылыми жұмыс (жоба): Қоғамға керек мамандық
Дінтану оқыту әдістемесі тұлғаның рухани болмысын жетілдіруге және мәдениетін қалыптастыруға, руханият жетістіктерін жан - жақты түсінуге, діни ілімдерді зерделеп, талдауға үйретумен қатар, жат діни ағымдарға сыни көзқарас қалыптастыру, басқаның мәдениетіне түсіністікпен қарауға, кешірімділік, діни толеранттылық дін аралық келісім ұстанымдарын сыйлауға тәрбиелеуі тиіс.
Дінтану білім беруді ізгілендіру үдерісінде өзіндік рөл атқарады. Діни мәдениет пен шынайы руханилық бұл маңызды гуманистік құндылық. Бүгінгі өмір дінтану пәнінің оқытушысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Дінтану пәнінің оқытушысы ақыл - парасатымен, жеке мәдениетімен, рухани дүниесінің байлығымен, шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілік сезімімен даралануы тиіс. Дінтану пәнінің ұстазы өзінің наным - сенімін және дінге қатысты көзқарасын оқушыларға танбауы тиіс. Әрбір дін өзінің тарихы және ілімі тұрғысынан берілуі тиіс. Оқытушының дінге көзқарасы оқыту барысында бейтарап болуы тиіс. Дінтану пәні жастарымыздың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, әдептілік, ибалылық, төзімділік сынды қасиеттерді артып, олардың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды толыққанды түсініп, зайырлы мәдениетті өмірлік жолдарында ұстануына септігін тигізеді деп ойлаймын.
Дінтанулық білім тарихы 1992 жылы алғаш рет Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінде «Дін және еркін ойлау» мамандығының ашылуынан бастау алады. Қазақстанда «дінтану» және «теология» мамандығы бойынша әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.), Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ.), Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.),, Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті (Түркістан қ.), «Нұр» Египет Ислам мәдениеті университеті (Алматы қ.) ғана мамандар даярлауда.
Дінтану мамандарын даярлау бойынша «дінтану пәнінің оқытушысы», «ислам теологиясы бойынша сарапшы», «христиан теологиясы бойынша сарапшы», «жаңа діни ағымдар бойынша сарапшы», «мемлекеттік дін қатынастары бойынша сарапшы» секілді бейіндік бағыттары қалыптасқан.
Аталған мамандану бейіндері әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде толығымен қамтылған. ҚазҰУ - де сонымен қатар дінтану магистранттары болашақта өндіріске жіберілетін бейіндік бағыт, ғылыми қызмет пен жоғарғы оқу орындарына оқытушылыққа жіберілетін ғылыми - педагогикалық бағыт бойынша да даярланады. Қазіргі таңда Республика бойынша білімі жоғарғы дәрежелі университеттердің бірі – әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Философия және саясаттану факультеті,
Дінтану мамандығының 4 курс студенті Майданов Санжар
Ғылыми жетекші: Борбасова Қарлығаш .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ғылыми жұмыс (жоба): Дінтану | Діни экстремизм
» Ғылыми жұмыс (жоба): Дінтану | Қазақстандағы діни бірлестіктер қызметі
» Ғылыми жоба: Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессионалды саясаты
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері
» Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Диалогтік оқыту

Іздеп көріңіз: