Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Жеті санның құпиясы

Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Жеті санның құпиясы

КІРІСПЕ
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт - санасы мен ата - бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
Қазақтардың таным - түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден - ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған.

Математиканың ең негізгі ұғымдарының бірі – (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7,......) натурал сандар. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері, тіпті тарихы да бар. Соның ішінде оқырмандардың қаперінде жүрсін дей отырып 7 санының кейбір қырлары мен сырларына тоқталмақпыз
Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз

Жеті санының құпиясы
Қазақ ұғымында жетінің киелі сипатқа ие екендігін ерте байқаған және оның себебін түсіндіруге тырысқан ғалымдар көптеп саналады. Олардың басым көпшілігі қазақ ұғымындағы 7 - нің киелі мән алу себебін өзге халықтар мәдениетінен іздейді, атап айтсақ, араб - парсы мәдениетінің әсерінен деп қарау орын алған. 7 санының киелі сипат беруі дүниедегі көптеген халықтарға тән құбылыс. Мысалы, ол Ислам дінінде де киелі сан болып есептелінеді. Ислам дінінің қасиетті кітабы “Құран”- да “жер бетіндегі нәрсенің бәрін сендер үшін жаратты. Оған жеті қат аспанды үлестірді”, - деген сөз бар. Яғни,”аспан – жеті қабат” деген ұғым ислаи дінінде де бар. Сол Құранда, “Мұхаммед пайғамбард жыл санауымыздың 621 - жылы 7 - айдың 27 - күні түнде елшімен бірге жеті қабат аспанды аралайды. Соңынан ол осы түнді ислам дінінің Мереке күні – Мирад деп белгілейді. Ислам дінінің қасиетті мекені Меккеге барғанда, ел сағат тіліне қарсы бағытта жүріп Сафа тауынан Маруа тауына жеті барып, жеті келеді; онан соң Минаға барып, бір тас діңгекке жеті тас лақтырады”. Христиан дінінде де “Христос жетінші күні аспанға ұшып барып, жетінші күні қайта дүниеге келеді” деген уағыз бар. Үнді Мәдениетінде де “жеті” киелі сипат алған сандар қатарына жатады. “Жеті жан”, “жеті мүше” ұғымын көне Үнділер таратқан. Будда дінінің ертедегі әдебиет нұсқаларында “жеті”- ге байланысты құбылыстар көп кезігуде. Бұл туралы Француз ғалымы Лев Болер “Алғашқы адамдардың ойлауы” деген еңбегінде былай дейді: “Біз сонау ертедегі Үнді мәдениетінің қиял - ғажайып ертегілерінен жеті ана, жеті мұхит, жеті рихи, жеті адитя, жеті данава, күннің жеті мініс аты сынды осы бір сырлы санның басқа да бірқыдыру қоспаларын жолықтырдық”. Парсы мәдениетінен түркі халықтары қабылдаған “жетілік - апта” деген календарлық ұғым ертеден бері жалғасып келеді. Шындығында жеті күнді бір апта деп белгілеуді вавилондықтар тапқан. Жұлдызшы – астрономдар бір аптадан жеті күннің әр күнін сол кез киелі санап, жеті аспан шырағының санына сәйкес етіп, апта күндерін белгілеген және “аптадағы әрбір күнді аспан тәңірлері басқарады” деген ұғым қалыптастырған. Олардың осы сөзі дүние жүзіне тарап, жетілік апта календарлық мәдениеті қалыптасқан. Жетілі апта мәдениеті, жалпы Шығыс халықтарының, олардың ішінде парсылардың әсерімен XI - XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерлерінде де тараған. Парсылардың дүние танымында әлемде жеті аспан шырағы, жеті теңіз, жердің жеті қабаты, жеті қабат аспан әлемі бар делінеді. Қытай мәдениетінде де “жеті” саны – киелі сан. Мәселен, қытайлар адамы қайтыс болғаннан соң 7 - ші, 21 - ші күні, 49 - күндері оған арналған аза білдіру салтын өткізеді. Бұл күндері олар “жетісі”, “үш жетісі”, “жеті айы” деп атап “аруақтар күндері” деп есептейді. Басқаларға сыйлық ұсынғанда жеті саны қатысты зат беруге болмайды. Жапондықтар да “жеті санын” санайды, олардың ойынша “жеті” саны адамға жақсылық әкеледі. Осы сияқты “жетінің” киелі ұғымы, немесе басқа да жоғарыдағыдай мағыналық көріністері орыс, корей, монғол т. б. халықтарда да бар. Демек “жеті”- нің киелі мән алуы түркі халықтарына ғана тән болып қана қоймай, дүниедегі көптеген басқа халықтарға да тән құбылыс.

ХІХ ғасырдың ескерткіші саналатын Күлтегін жырындағы кейбір сандық цифрларды «жеті»- нің киелі мәніне бірлестіріп қарау керек. Онда: «Әкем Елтеріс қағанды, шешем Елбілге қатынды Тәңірі төбесіне ұстап, жоғары көтерген екен. Әкем қағанға он жеті ер еріпті. Шетте жортып жүр дегенді естіп, қаладағылар өрлепті, таудағылар індепті, жиылып жетпіс ер болыпты. Тәңірі қуат берген соң әкем қағанның әскері бөрідей бопты, ілгері - кейін аттанып жинапты, көтеріпті, қолы жеті жүз ер болыпты...», «әкем қырық жеті рет аттанды», «Күлтегін қой жылы он жетінші күні өлді; тоғызыншы айдың жиырма жетісінде жерледік, мазарын, ою - өрнегін, жазба тасын бөшін жылы жетінші айдың жиырма жетісінде тегіс аяқтадық. Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста еді». «Әкем қырық жеті рет аттанды». Байқасаң, ескерткіштегі адам жасы, оқиғалардың жыл көрсеткіштері көбінде «жеті»- ге байланысты болып тұр. Халқымыз өреге жайып қойған құрт, ірімшікті қарға сияқты құстардың алып кетпеуінен қорғау үшін, жалған адам бейнесін жасап өренің өзіне іліп қоятын болған да, мұны «қарақшы» деп атаған. Мұндай «қарақшыны» әдетте, қора маңына да малды ит - құстан қорғау үшін пайдаланады.

Қазақ халқында “жеті шелпек” деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан – жеті шелпек айтады. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады. Алушы: “Қабыл болсын”, - дейді, таратушы: “Әумин!” – деп жауап береді. Жеті нанды таратып болғаннан кейін: “ата - бабаларға тие берсін” деп ауыз тиіп, әруақтарға арнап аят оқып, бата қылады. Сонда әруақтардың мұрнына нанның иісі тиеді. Сосын “Жеті нан әрқашанда әруақ болып желеп - жебеп, бәле - жаладан қорғап жүреді”, - дейді. Бұл жеті санының киелі - қасиеттілігінен болар. Әйтпесе, алты немесе сегіз нан пісіруге де болады ғой......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
гылыми Жеті санның құпиясы жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Математика ғылыми жұмыстар пән, Жеті санның құпиясы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]