Ғылыми жұмыс (жоба): Музыка | Бесік жыры
«Бесік жыры - тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында жазған ғылыми жобасына
Пікір
Оқушының «Бесік жыры - тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында жазған ғылыми жобасы қазіргі таңда өмірде қолданыла бермейтін тың тақырыптардың бірі.
Ол бұл ғылыми жұмысында тәлім - тәрбиенің бүгінгі көрінісі өз халқының өткені мен бүгініне байланысты екендігін түсіндіре алған. Сәбиіне баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі, бесік жырының тәрбиелік мәнін және қазіргі таңдағы бесік жырын айта алмайтын аналар туралы айтылған. Бесік жырының басты қызметі мен тәрбиелік мәнін ашып көрсеткен.
Жұмысында ауыл әжелерінің айтқан бесік жырлары енгізілген. Бір - біріне сазы да, сөздері де ұқсай бермейтін, бірінен - бірі асып түсетін осы бір «әлди әндерді» жазып алып, жинақ етіп шығару қолға алынса нұр үстіне нұр болар еді – деп қорытындылаған.
Мектеп директоры: Р. Рысбаева.
Ғылыми жетекшісі: Г. Тулегенова.
Аннотация
Зерттеу мақсаты: Бесік жырының сырын ашып, оның тәрбиелік
мән - мағынасын түсіну. Бесік жырының сәби тәрбиесіндегі орнын көрсету.
Зерттеу міндеттері:
1. Қазақтың даналығы мен тапқырлығынан туындаған «Бесік жырының» тарихына зер салу
\2. Бесік жырының бала тәрбиесіндегі маңызына тоқталу
3. Сыныптас достарыма «Бесік жыры» туралы айтып түсіндіру, іздену жұмысымызбен таныстыру.
Зерттеудің әдісі: Зерттеу, бақылау, іздену, әдебиеттермен жұмыс.
Зерттеудің жаңалығы: Кейінгі кездерде жастардың халық әніне назар аудармауы, өлеңге әуестенбеуінің бір себебі – бесік жырының ұмытылуында.
Қазақы мінезіміз бен болмысымызға қайта оралу үшін әр ана бесік жырын сәбиінің бойына сіңіре білуі.
Зерттеудің өзектілігі:
Бұрынғы ата - бабаларымыз «Бесік жырын» тәрбиенің қайнар көзі деп танып, оған үлкен мән берген. Ал қазіргі кезде бесік жыры мүлдем айтылмай жүр. Оның үлкен тәрбие құралы екені ескерілмей барады.
Сондықтан, мен өз жұмысымды кішкентай болсам да, осы бесік жырының қазіргі заман жастарының құлағында естулі, ауыздарында айтулы болсын деген мақсатпен зерттедім.
Зерттеу нәтижесі: егер біз бесік жырына көп мән беріп, оны тыңдап, әуенге салып айтып отырсақ, ана тілімізге деген құрмет арта түспек.
Зерттеудің қорытындысы: Сәби санасына ұлттық тәрбиені, халықтың дүниетанымы мен салт - дәстүрін сіңіртуге таптырмас құрал болып табылатын бесік жырының халыққа берері мол. Оны жаттап, айтып, таратып, түрлі нұсқаларымен танысу біздің болашағымызды нұрландыра түсері сөзсіз. Халық мұрасының ең бір биік үлгісі болып ел жадында жүрген бесік жырлары ұмыт болмай, әр шаңырақта шырқалуы керек. Арнасының кеңейіп, ғұмырының ұзақ боларына сенемін.
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Бесік жыры туралы не білеміз?
2. 2.«Бесік жырын айтып беріңізші, әже...»
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Ұсыныстар
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақтар жас сәбиді бесікке салуды қуаныш етіп, тойлап өткізген. Онда айтылатын өлеңдерден жас баланың дені сау, ер - азамат болып өсуін халықтың тілейтіндігі де көрініп отырады. Кейіннен, бесіктегі жас баласын тербете отырып, аяулы ана көңіліндегі ой - арманын, жақсы тілегін білдіреді. Мұны халық «Бесік жыры» деп атайды.
Бесік жыры — тұрмыс - салт жырларының көне түрінің бірі. Бұл – әлемдегі ең тәтті, ең жұмсақ, ең сүйікті әуен. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ десе де болады және бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Тіпті, кейбір елдерде ана өз баласына арнайы бесік жырын шығару керек, ал сәби оны өле - өлгенше жеке әні деп қабылдап, сақтауы керек.
Дәстүрлі бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным - сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының Бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы мен саз - әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру.
Халқымыздың ұлттық дүниетанымы мен мағлұматының, нәрестенің жастайынан құлағына құйып өскен тағылымының бірден - бір айнасы есептелінетін жырларының бірі – бесік жыры. Сәби тәрбиесі мен мінез - құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан - жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл - күйін көтереді. Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі.
Тәлім - тәрбиенің бүгінгі көрінісі өз халқының өткені мен бүгініне дұрыс байланыс арқылы іске асады. Соңғы жылдардағы тарихи өзгерістері есепке ала отырып, бұл күндері бүкіл ел болып өткендегі адамдық қасиетті құрайтын барлық жарқын, өшпейтін озық дәстүр - салтымызға, әдет ғұрпымызға, кәде сыйымызға, жол - жоралғымызға іздеу салып, ең қажеттерін ғасырлар қойнауынан аршып ала бастадық. .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: