Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Айналамыз толы графиктер

Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Айналамыз толы графиктер

I. Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
«Графиктер өмірде қерек пе, оларды өмірде пайдалана аламыз ба?» деген сұраққа мен жауап іздеп, оны зерттеу барысында сұрағыма жауабымды таптым. Біз графиктер тақырыбын 6 сыныпта өткен болатынбыз. Оқулықта бұл тақырып өте қысқа болғандықтан, графиктердің басқа салада қолданылу менің қызығушылығымды тудырды. Сол уақыттан бастап, графиктерді зерттеуді бастадым. Зерттеу жұмысы кезінде жоба жетекшім Маржан Жұмағазықызы екеуіміз басқа сала қызметкерлерімен танысып, графиктерді өз тілінде қалай оқитынын біліп қайттық. Зерттеу жұмысымның өзектілігі - графиктің өмірде қолданысын көрсету, сабақта алған білімдерін күнделікті өмірді пайдалана алу болып табылады.
Мен алда «Айналамыз толы графиктер» зерттеу жұмысымды одан әрі жетілдіріп, графиктердің басқа да салаларда қолданылатынын зерттегім келеді.

II. Негізгі бөлім
МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ГРАФИК
Семей қалалық Диагностикалық орталығының кардиологы – дәрігер Баратова Наргис Аскарқызымен кездесуге бардым.
«Біздің орталық қаламыздағы ең халықты көп қабылдайтын медициналық орталықтың бірі. Күнделікті жүздеген науқастар қаралып, мамандардан кеңес алып жатады. Мұнда медициналық қызметтердің түрі сан алуан.» - дейді.
Сонымен қатар ол ең маңызды рөл - кез - келген науқасты емдеуде диагнозын дұрыс қойып, дұрыстап диагностика жүргізу дейді.
Өзі дәрігер - кардиолог болып жұмыс істейді, яғни жүрек ауырумен ауыратын адамдарды емдейді. Әдетте қазіргі таңда жүрек ауыруымен ауыратындардың көбі – жастар. Оның себебі, олар жүрекке шамадан тыс жүктеме түсіреді. Және бұл қарт адамдарға да қатысты. Олардың жүректерінің жұмыс істеу өзгерісі де әртүрлі себептерге байланысты болады.
Бұл жағдайда дәрігер барлық жағдайды ескере отырып, дәрілік препараттарды тағайындайды. Тағайындаған емі дұрыстығына көз жеткізу үшін, дәрігер электродиаграмманың көмегіне сүйенеді
Кардиограмма деп қисықты (графикті) айтады, соның көмегімен жүрек бұлшықетінің белсенділігін анықтауға болады. Кардиограмманың арқасында адамның:
• жүректің жиырылу жиілігін,
• қан айналымның өзгерісін,
• инфаркт миокардты, және тағы да басқа жүрек жұмысының өзгерістерін анықтауға болады.

Қисық кардиограмма иілімдерден тұрады. Егер кардиограмма қалыпты (жүрегі қалыпты жұмыс жасаса) болса, онда 6 иілім болу керек. Кардиограмма кардиорегистрдің көмегімен жүргізіледі. Ол компьютерге қосылады да зерттеулер мониторда жүргізіле береді.
Кардиограммаға мысал.
Жас спортсменнің кардиограммасы:
Мына графиктен дәрігер - кардиолог келесідей мәліметтерді байқады.
1. Бұл арақашықтық синустық брадикардияны көрсетеді. Яғни өте төмен жүрек қағысы, минутына 45 рет соғады. Нәтижесінде ағза жеткілікті оттегін алмайды. Бірақ спортсмендерге бұл – қалыпты жағдай. Жүзумен айналысатын адамдарда қағыс бұдан да төмен.
2. Жүректің электр осі аздап оңға ауытқыған. Бұл өзгеріс адамның денсаулығына еш әсер етпейді.
3. Мына сызықтар миокард қабықшалары жуан және жаттыққандығын көрсетеді
4. Осы мәліметтерге сүйене отырып, бұл адамның жүрегі қалыпты жұмыс жасайды деген қорытындыға келуге болады.
Бірақ мұны кардиограммада оқу кез - келген адамның қолынан келмейді, ол үшін арнайы білімің болуы қажет.

БАНК ЖӘНЕ ГРАФИКТЕР
Мен Семей қаласының «Сбербанк» АҚ - да тікелей сату секторының бас менеджері – Жуматаев Естай Мурзанбекұлымен жолықтым. Адресі: Семей қаласы, Дулатова 218 - үй.
Сбербанк жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға (ұйымдарға, кәсіпкерлікке және т. б) көптеген қызмет көрсетеді. Соның ішіндегі қызметтің бір түрі - валюта айырбастау операциясы (шетел валютасын сату және сатып алу).
Бұл не үшін керек екен?
Адамдар жинаған шетел валюталарын пайдаға жарату үшін, ұлттық валютаға (теңгеге) айырбастайды, өйткені қаламыздың көп сауда орталықтары және т. б. ұйымдар төлемді шет ел валютасымен алмайды. Және керісінше, шетелден тауарларды сатып алу үшін ұлттық теңгені шетел валютасына айырбастайды.
Сбербанктің барлық бөлімшелерінің валюта айырбастау операцияларының түрлері: АҚШ доллары, евро, австралия доллары, канада доллары, швейцария франкі, жапон йенасы.

Бұл валюта айырбастау операцияларын жүргізу үшін, әлем нарығында валюталардың курсын қадағалап отыру қажет. Банк үшін бұл маңызды, себебі жүргізілген операциялардың арқасында табысқа ие болады, яғни бұлда бір табыс көзі болып саналады, сол арқылы банк қызметкерлердің жалақысын қамтамасыз етіп отырады.
Валюта курсы күн сайын емес, минут сайын ауысып отырады, бұл экономикалық кризис кезінде қатты байқалады, және осы кезде көптеген банктер шығынға ұшырап жатады. Әрине мәліметтер өте көп және оларды диаграмма немесе график түрінде ұсынған ыңғайлы. Графиктің ыңғайлылығы оның ықшам және көзге тартымды болуында. Графикке қарап көптеген сұрақтарға жауап беруге болады, мысалы:
• валюта курсының өсуі қай кезеңдерде байқалды;
• валюта курсының құлдырауы қай кезеңдерде байқалды;
• валюта курсы қай кезеңдерде тұрақты болды;
• евро мен АҚШ долларын салыстыру;

Сынымен қатар маған мына сайтты берді.
SUBSCRIBE. RU – бұл сайттан валюта курсының өзгеруіне байланысты әртүрлі графиктерді көруге болады, және валютаны өзің қадағалап отыруыңа болады екен, сонымен қатар өзің графиктің қалай өзгеретінін байқауда қиынға соқпайтыны, соған сүйеніп болжам жасауға да болады екен.

Мен осы 2015 жыл бойы зерттеп АҚШ долларын теңгеге шаққандағы графигін салдым:

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ГРАФИКТЕР
Семей қалалық Қазынашылық бөлімінде ішкі әкімшіліктендіру бөлімінің меңгерушісі - Жанузаков Ернар Динслямұлымен экономика жайлы сұхбат алдым. Ернар Динслямұлының айтуынша экономика – бұл адам қызметінің өте маңызды бағыты. Ол әртүрлі салаларды қамтиды (білім, мәдениет, өндіріс, ауыл шаруашылығы және т, б). Экономистер барлық салаларды дамытуға терең әрі жан - жақты талдау жасайды. Яғни олардың арасындағы байланысты: табыстың шығынға сәйкес болатынын қадағалайды. Бір сала қоғамға табыс әкелсе, (ауыл шаруашылығы және т. б), ал басқалары бюджетті шығындандырады (білім, мәдениет, спорт және т. б). Қоғам немесе жеке аудан, қала, облыс дамуы үшін, «табыс - шығыс» таразысы әрқашан тепе - теңдікте болуы шарт. Сондықтан терең жан - жақты талдау және экономика керек. Әрине бұл талдау алдымен цифрлық мәліметтермен байланысты, ал цифрлық мәліметтерді диаграмма немесе графиктің көмегімен қабылдау оңай.
Экономика тілімен айтқанда үлкен маңызды рөл жалпы ішкі өнім көрсеткіші (ЖІӨ), яғни барлық экономика салаларындағы жыл бойы өндірілген тауарлар мен қызметтердің құны. Неғұрлым бұл көрсеткіш жоғары - соғұрлым сол аймақ жақсы дамып келе жатыр дегенді білдіреді. Жалпы Қазақстан Республикасының экономикасының жақсы дамып келе жатқанының арқасында біз Ресейден осы жылы жалпы ішкі өніміміздің көрсеткіші жоғары болды. Ол төмендегідей:

Ал дүниежүзінде ЖІӨ көрсеткіші бойынша алғашқы ондықта мына мемлекеттер:

Яғни, графиктен өздеріңіз көргендей біздің мемлекет бұл ондықта жоқ.
Біз – еліміздің болашағы, біз осы елде тұратын болғандықтан, еліміздің ертеңі біздің сабақты қалай оқуымызбен тікелей байланысты. Озат оқушы – жақсы маман, біздің жағдайымызда мықты экономист. Ал мықты экономист – Қазақстанымыздың экономикасын ілгері жылжытушы. Мүмкін болашақта біздер мына ондықтың ішінен орын табуымызда бізге байланысты. Керісінше, үлгермейтін оқушы – нашар маман, яғни еліміз құрдымға кетеді де біз дамымаған, экономикасы төмен елде өмір сүруімізге тура келеді.

III. Қорытындылау

Қорытындылай келе графикті оқи алу қазіргі таңда аса қажет екенін түсіндім. Өйткені графикке үлкен мәліметті сыйғызып, оны оңай қабылдауға болатынына көзім жетті. Ол мәліметтерді талдап, одан әрі керегімізге жаратуға болады. Күнделікті теледидардан, интернеттен, көп мәліметтер график түрінде беріледі, себебі осылайша халыққа оңай жетеді және ұғынықты. Әртүрлі сала қызметкерлерімен кездесу кезінде олар да графиктермен жиі жұмыс жасайтынын айтты.
Енді қазіргі таңда графиктер жайлы білмей өмір сүру, оны оқи алмау мүмкін емес.
Зерттеуім графиктердің көп салаларда қолданылатынын көрсетті......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
гылыми Айналамыз толы графиктер жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар физика ғылыми жұмыстар пән, Айналамыз толы графиктер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]