Ғылыми жұмыс (жоба): Қазақ тілі | Арабизмдердің қазақ тілінде игерілуі
Қазіргі қазақ тіліндегі арабизмдердің күнделікті өмірде қолданылуы, сингорманизм заңына бағынбауы.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің қалыптасуы тереңнен бастау алғанымен, сөздік жасау тәжірибесінің жарты ғасырдан аса ғана тарихы бары белгілі. Сол тарихтың бойында түрлі ғылыми - практикалық мақсаттарға орай үлкенді – кішілі сөздіктер басылып шықты.
Араб тілінен енген кірме сөздер негізінен есім сөздер болып келеді. Оларды бір - бірінен ажырата білу үшін сол тілдердің ерекшеліктерін айыра тани білу керек. Араб тілдерінің кейбір грамматикалық тұлғалары сөз жасаудың өнімді тәсілі ретінде қолданылады: араб тіліндегі и (- иййун) аффиксі тек араб тілінен енген кірме сөздердің құрамында ғана кездеспей, қазақ тілінің төл сөздеріне де жалғанған.
Араб әліпбиі 28 әріптен, қазақ әліпбиі 42 әріптен тұрады. Араб әліпбиінде бас әріп жоқ және оларда сөз оңнан солға қарай жазылады (22 әріп төрт түрлі көріністе алты әріп екі көріністе жазылады). Араб тілінде әр әріптің үстіне немесе астына қойылған нүктелер оқу үшін үлкен рөл атқарады, себебі жазылу графикасы бірдей әріптер бір - бірінен тек нүктелерінің саны мен қойылуы орнына қарай ажыратылады.
Қазіргі қазақ тілінің фонетика оқулықтарында әріп пен дыбыс бірінің орнына бірі талғаусыз қолданылып жүр. Соның нәтижесінде сөз қалай жазылса солай оқылып солай айтылады: «... Дыбыс пен әріп екеуі екі басқа нәрсе. Біріне - бірін қатыстырып, шатастырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, әріп көрінетін, естілмейтін нәрсе...» - деп, А. Байтұрсыновтың жазып кеткенінен бері 80 жылдан аса уақыт өтіпті. «Ендігі жерде дыбыс - сөздің өмір сүру формасы, әріп сол дыбыстың таңбасы деп түсінсек керек»
Қарастырып отырған арабизмдердің фонетикалық сипаты бірдей емес. Оларды үш топқа бөлуге болады:
1) Сыртқы фомасын сақтап, ешбір фонетикалық өзгеріске ұшырамаған, яғни фонетикалық тұлғасы мүлде өзгермеген сөздер. Мысалы: уыктун - уақыт, таркун - тәрк, кадиимун - қадим т. б
2) Сыртқы формасын жартылай жартылай сақтап, қазақ тілінің фонетикалық заңдылығына жарым - жартылай бағынған, яғни тұлғалары сәл ғана өзгеріске ұшыраған сөздер. Сөздердің дыбыстың өзгеруімен ерекшеленеді. Оның себебі - бұл сөздер құрамында қазақ тілінен жат дыбыстың болуында. Мысалы: харакатун - әрекет, хаакимун - әкім, имааратун - ғимарат, алифбааун - әліппе.
3) Сыртқы формасы мен дыбысталуы мүлде өзгерген сөздер. Бұл сөздердің өзгеру себебі – лексемалардың құрамында қазақ тіліне жат екі немесе одан да көп дыбыстардың кездесуінен. Мысалы: астафиру атаһа - астапыралда. Бұл топқа қазақ тіліне орыс тілі арқылы еніп, орысша фонетикасын өзгертпеген сөздерді де жатқызуға болады. Мысалы: әл - бахри – адмирал, қаһуатун - кофе, таърифатун - тариф т. б.
Вариант сөздерге жіті қарап, оларды елек - екшеп алуда бірізділік сақтаудың маңыздылығы айырықша. Әсіресе, фонетикалық вариантты сөздердің бәрін шетінен тізіп ала беру сөздіктің сапасына нұқсан келтірері анық. Кейбір сөйлеу тілінде кездесуі күмәнді варианттар да сөздікке еніп кеткен. Орфография - жарыспа тұлғаларды бір жүйеге келтіруде ең негізгі бағыт беруші құрал. Ғажайып - ажайып, ғажап - қажап варианттарының соңғы сыңары ертеректе басылған шығармаларда ғана кездеседі, яғни сөздікке әдеби вариантын ғана алса жеткілікті болар еді.
Әдеби варианттар – қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық даму ерекшелігі тудырған сөз тұлғалары. Үндестік заңы ықпалынан түрленген варианттар поэзиядағы, мақал - мәтелдердегі ұйқастық пен қиысу сәттеріне қарай бір - бірінен алшақ тұрған сөздерге де тән; мәлім - мағүлүм, замана - заман, ғашық - асық. Тұрақты варианттардың қолдану жиілігіне, айтылу ретіне қарай жүре келе өзгеріске ұшырауы - заңды құбылыс.
Кейбір морфологиялық тұлғалардың синонимдік қатары мен жарыспа варианттарын шатастырмай дәл айқындауда шешімін күтер даулы мәселелер жоқ емес. Сөздің көп мағыналығы жарыспа сөздердің ара - жігін ашып, қолдану аясын анықтау үшін қолайлы. Қазіргі әдеби тілімізде айтылмайтын вариант қатарлы қос сөздерде, сөз тіркестерінде одағай түрінде сақталыпты: мыс: әз тұтты, тәркі дүние. Алда (Алла) варианты көңіл - күйді білдіретін одағай мен қос сөз құрамында берілген; алда қарағым - ау, алда - жалда, т. б.
Сонымен қазіргі қазақ тілінде араб элементтерінің фонетикалық варианттарының тұлғалық өзгерісі төмендегідей:
- Үндестік заңына сәйкес өзгеріс: тағылым - тәлім; мағұлым - мәлім, т. б.
- Айтылуы ауырлау дыбыс тіркесінің ықшамдалуы немесе дәнекер дыбыстың үстемелеп айтылуы арқылы болған өзгеріс: қарып - әріп; халал - адал; хәкім - әкім, т. б.
Қорыта келгенде, қазіргі тіліміздегі арабизмдердің орфографиялық, орфоэпиялық варианттары жалаң қарапайым сөйлеу тілінде ғана емес, сөз тұлғаларының фонетикалық, семантикалық, тарихи дамуына қатысты теориялық та, тәжірибелік те маңызы бар элементтер жатады.
Жарыспа варианттар – әр қырынан көріне алатын оралымдық мүмкіндігі мол тілдік категория. Демек, тілдегі ала - құлалық пен тұрақсыздықты аластауға жағдай жасай отырып, тілді байытуға үлес қосу керек.
Сөз құрамында әр алуан дыбыстық өзгерістер болады.
- Ассимиляция: сифатун - сипат; заалимун - залым; китаабун - кітап; мақсадун - мақсат, т. б.
- Этентеза: сабрун - сабыр; даурун - дәуір; фикрун - пікір, т. б.
- Редукция: мисалун - мысал; ахбарун - ақпар; иммун - ілім; манан - мағына, т. б.
- Апокопа: молла - молда; мақтабун - мектебін; китаабун - кітабын; дарсун - дәріс, т. б.
Арабизмдердің тақырыптық топтары
Кез келген тілдің сөздік құрамы - сол тілдің ежелгі төл сөздерінің және шет тілдерден алынған кірме сөздерден тұратын күрделі құбылыс. Өйткені түрлі елдердің өзара экономикалық, саяси, мәдени қарым - қатынастарына, қоғамның дамуына, ғылыми - техникалық өзгерістерге байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестері пайда болып, сөздік құрамды үнемі толықтырып отырады. Қазақ тіліне кірген араб сөздері өмірдің әр саласын қамтиды. Өзімнің зерттеуіме сүйене отырып, мен оларды мынадай бес топқа бөлдім: 1) ғылым - білімге арналған арабизмдер; 2) қоғамдық, саяси өмірге арналған арабизмдер; 3) тәрбие және тұрмысқа байланысты арабизмдер; 4) ислам дініне қатысты арабизмдер; 5) дерексіз ұғымдарды білдіретін арабизмдер.
Аталған топтардың ішінде үлес салмағы жағынан тілімізде қалыптасып кең тараған – дерексіз ұғымды білдіретін арабизмдер. Бұлар - 787 сөздің 340 - ы, яғни 50 пайызға жуығын қамтиды. Екінші кезекте тәрбие және тұрмысқа байланысты топқа жататын арабизмдер - 147 сөз, яғни 25 пайызға жуығы. Үшінші кезекте ислам дініне қатысты арабизмдер - 102 сөз, яғни 15 пайызға жуығы. Соңғы кезекте қоғамдық, саяси өмірге қатысты сөздер.
Арабизмдер қазақ тілінде Ислам дінін қабылдаған уақыттан бері қолданыста. Олар бізге түсінікті де терең мағыналы сөздер. «Оларды біз біліп, қолдана білуіміз керек!»- деген көптеген ғалымдар пікірімен толық келісемін......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Х әрпі бойынша ат қою)
» Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Л әрпі бойынша ат қою)
» Қыздардың есімдері мағынасымен
» Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Р әрпі бойынша ат қою)
» Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ғ әрпі бойынша ат қою)

Іздеп көріңіз: