Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Алоэның пайдасы

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Алоэның пайдасы

Шығармашылықтың мақсаты: Мектеп оқушыларының денінің сау және үйлесімді түрде дамуы үшін оларға салауатты өмір сүруге, алу үшін, дәрілік өсімдіктерді пайдаланып, оның құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың ағзаға әсері бар екендігін қалыптастыру.
Шығармашылық міндеттері:
1. Салауатты өмір салтын сақтауға баулу, сауығудың практикалық әдіс - тәсілдерін қолдану.
2. Ғылымның соңғы жетістіктері негізінде денсаулық нығайту мен салауатты өмір салтын сақтау тәсілдерін оқып үйрену.

Болжам:
1. Егер оқушының салауатты өмір сүру салтын арттырса, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптасады.
2. Денсаулық нығайту мақсатында дәрілік өсімдіктердің бірі алоэны пайдалану жолдарын жүзеге асырады.

Күтілетін нәтиже:
1. Емдік қасиетіне байланысты «Үй гүлдерінің королі» алоэны баптап күтуге атсалыса білуі.
2. Алоэ шырынын әр түрлі ауруларға қолдана білуге қол жеткізу.

Зерттеудің әдіс - тәсілдері:
• сұхбат
• сауалнама
• пікірталас
• ақпарат жинау
• мәселені шешу

Жоспары:
І бөлім: Кіріспе
ІІ бөлім; Зерттеу бөлімі.
1. Алоэ туралы не білеміз?
2. Алоэның емдік қасиеттері жайында түсінік беру.
3. Алоэны қандай ауруларға ем екендігін анықтау.
ІІІ бөлімі; Қорытынды.

«Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады» (халық даналығы).

І. Кіріспе.
Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды далалы, таулы аймақтан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік, шипалық жағынан да көңіл бөлген.
Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.
Әбу - Насыр әл - Фараби, Әбу - Әли ибн - Сина, Беруни. Әл - Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген т. б. ғылымдар халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануға зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады.
Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі - дәрмектің 78%, ішек - қарын, бауыр дәрілерінің 75%, ауруларының шипалы дәрі - дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілерінің 80%, қан тоқтататын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады.

Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктерде жатады. Сондай - ақ, бау - бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы.
Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарды. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналады.
Ерте заманнан - ақ ата - бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген.

Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ерітінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі - дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.
Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу - фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем-домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі - дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім. Сонымен қатар химиялық тәсілмен жасалатын дәрі - дәрмектерге қарағанда дәрілік өсімдіктердің артықшылығы өз алдында.
Өсімдіктерден жасалатын дәрі - дәрмектердің адам организміне әсерін анықтау үшін ең алдымен оларды жан - жануарларға қолдану жолымен тәжірибе жасау арқылы зерттеп тексереді.

Қазақ емшілерінің ауру - сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектерінің қайнар көзі - ұлы табиғат және табиғат дүниесіндегі хайуанаттар мен жәндіктер. Нақтылап айтқанда бұлар 3 топқа бөлінеді.
1. Өсімдіктер
2. Хайуанаттар мен жәндіктер
3. Минералды заттар
Өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі, шәйірі және тұқымынан дәрі - дәрмекке жасалады. Хайуанаттардың сүйегі, еті, сүті, майы, жүні, тб. дәрі - дәрмекке пайдаланылады. Мысалы: аю еті, бұғы мүйізі, жолбарыс сүйегі, сиыр сүті, шаян, сүлік т. т.
Сол сияқты мыс, сынап, күкірт, ашудас тәрізді минералдық заттардың да емдік қасиеттері бар.
Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі - өсімдіктер. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі - дәрмек алуға болады. Дәрілік өсімдіктер жиналып алынғаннан кейін, жас күйінде пайдалану және кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады.
Мұндай өсімдіктердің дәріге бірден пайдаланылмайтын бөліктерін топырақтан арылтқаннан кейін, әрқайсысының ерекшелігіне қарай күнде кептіру, самалдатып кептіру әдістері қолданылады. Шөптік дәрі - дәрмекті ұзақ уақыт ұстағанда құрт түсуден, көгеріп шіруден сақтауға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Осындай дәрілік мақсатта қолданылатын өсімдіктердің бірі бөлмеде өсірілетін алоэ өсімдігіне тоқталайық. .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау
» Ғылыми жұмыс: Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
» Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Туған өлкеде өсетін және бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері
» Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
» Ғылыми жұмыс (жоба): Медицина | Колледждер ортасында денсаулықты сақтаудағы мәдени денсаулықты қалыптастыру факторлары

Іздеп көріңіз:
гылыми Алоэның пайдасы гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Биология ғылыми жұмыстар пән, Алоэның пайдасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]