Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Математиканың қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде қолданылуы

Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Математиканың қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде қолданылуы

Гипотеза: Жаратылыстану пәндерінің элементтері - қазақ халқының танымдық мұрасы мен мәдениетінде бірге дамыған ілім.
Өзектілігі: Қазақ халқының танымдық мұрасы, мәдениетінде математика пәнінің маңыздылығын көрсету. Қазақ халқының сәулет өнеріне жаратылыстану (математика, физика) пәндерінің қолданылу даналығы.
Мақсаттары:
1. Қазақ халқының салт - дәстүрлерімен танысып, математиканың қолданылуына зерттеу жүргізу
2. Ата - бабамыздың қолданған бұйымдарының жаратылыстағы белгілі бір жүйелігі мен заңдылықтарын зерттеу
Зерттеу әдістері:
1. Жаркент қаласындағы Уәлибай мешітіндегі сақталып келе жатқан бұйымдарды суреттеп, зерттеу
2. Аудандық және мектеп кітапханаларынан кітаптар алып, мәліметтер жазу
Зерттеу бөлімі: математика ғылымының қазақ халқының күнделікті тіршілігіндегі жоғарғы орны зерттелді.
Қорытындылар: Ұлттық тұрмыстың бұйымдар жасалуы мен бала тәрбиесіне математика кеңінен қолданылғанын, қазақ халқының танымдық мұрасы, мәдениеті қазіргі математика пәніне қызығушылығын арттыруға үлесі көп екенін көрсеттік. Қорыта келгенде біз өмір сүріп отырған тылсым дүние құпия күштерге толы, ол белгілі бір заңдылыққа бағынады. Оны зерттеп, ашу ұрпақ міндеті.

Жұмыстың мазмұны
Кіріспе бөлімі
I тарау
1. Жұмыстың мақсаты мен міндеті
2. Зерттеу жаңалығы
II тарау
1. Қазақ халқының тұрмыс - тіршілігінде математиканы қолдану
2. Ұлттық тұрмыстық бұйымдар жасалуы, бала тәрбиесіне математика кеңінен қолданылуы

Жұмыстың мақсаты
Қазақ халқының танымдық мұрасы, мәдениетінде математика пәнінің маңыздылығын көрсету. Қазақ халқының сәулет өнеріне математика пәнінің қолданылу даналығы.
Жұмыстың міндеттері:
1. Қазақ халқының салт - дәстүрлерімен танысып, математиканың қолданылуына зерттеу жүргізу
2. Ата - бабамыздың қолданған бұйымдарының жаратылыстағы белгілі бір жүйелігі мен заңдылықтарын зерттеу.

Бізге келіп жеткен салт - дәстүр мен әдет - ғұрыптардың, мәдени мұралардың өзінен қазақ халқының асқан даналығын көруге болады. Қазақ халқының танымдық мұрасының молдығы кімді болса да таң қалдырғандай. Сол мол мұраның кей біреулерінде жаратылыстану элементтерінің қолданылуына тоқталып өтейік. Қандай да бір құбылысты түсіну үшін адам ғылымды меңгеру керек. Табиғаттағы кез - келген құбылысты қарастырғанда оны нақты бір бейнеге келтіреді. Нәрсенің табиғи - физикалық кескінін геометриялық денелер арқылы бейнелейді. Қандай нәрсе болса да бұйым немесе құбылыс ғарыштағы алып нысандар, яғни көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектер бәрі белгілі бір геометриялық пішінмен сипатталады.

Шаруашылық есебін жүргізу үшін қарапайым есептің білімдер негізін білу қажет екендігі белгілі. Бес саусақтың әр түрлі есептеулерге пайдаланудың бірнеше әдісі бар. Мысалы, әр саусақты бүгіп санау немесе жұмылған саусақтарды жазып санау. Енді бір түрі төрт саусақтағы буындар саны он екі. Сондықтан санаудың бұл түрі қайыру - мүшел есебіне, ай ретінде санауға, бір тәуліктегі сағат санын есептеуге өте ыңғайлы. Әр саусақтағы буын саны үштен, олай болса төрт саусақ жылдың төрт мезгіліне сәйкес келеді.
Сұқ саусақ – наурыз, сәуір, мамыр – көктем
Ортан саусақ – маусым, шілде, тамыз – жаз
Аты жоқ қол – қыркүйек, қазан, қараша – күз
Шынашақ – желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
гылыми Математиканың қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде қолданылуы жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Математика ғылыми жұмыстар пән, Математиканың қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде қолданылуы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]