Ғылыми жұмыс (жоба): Этнодемография | Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы
Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толады. Тарихи өлшеммен алғанда бұл онша көп уақыт емес, дегенмен, ғасырлар бойы азаттық пен теңдікті аңсаған қазақ халқы мен елімізде тұрып жатқан өзге ұлт үшін осынау аз ғана белестің өзінің маңызы орасан зор.
Қазақстан әлемдегі көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Оның аумағында тегі, тілі, мәдениеті әртүрлі, бірақ тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстардың өкілдері (этностар) тұрады. Республикада негізгі ұлт – қазақтардан басқа орыс, украин, белорусь, неміс, өзбек, ұйғыр, татар, корей және т. б. ұлт өкілдері бар.
Халық қоғамның өндірістік күшінің негізгі көзі болып табылады. Ал, этнодемография қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі. Бұл мәселелерді демографиялық саясат тұрғысынан дер кезінде шешу көп ретте қоғамның, соның ішінде ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, тәуелсіздігіміздің жетістігіне тығыз байланысты. Сондықтан этнодемографиялық мәселе қазіргі таңда еліміздің алдында тұрған көкейкесті, кезек күттірмейтін мәселенің біріне айналды.
Жұмыстың мақсаты: Семей өңірінде қалыптасқан қазіргі этнодемографиялық жағдайға толық сараптама жасау. Осы мақсатта тарихи жағдайларға байланысты белгілі кезеңдерде елімізге келіп қоныстанған түрлі ұлт өкілдерінің тағдыры, аумалы - төкпелі кезеңдерде тарыдай шашылып шет елге кеткен қандастарымыздың ата-мекеніне оралуы, демографиялық жағдайы (туу, өсу, өлім, миграция) жаңа деректер негізінде зерттелген.
Осы жұмыс арқылы мен Семей өңіріндегі этнодемографиялық жағдайдың мәнін ашуды міндет етіп қойдым. Сондай - ақ бұл міндетті орындау үшін нақты материалдарға сүйендім.
Өзектілігі: Осы жұмыс арқылы мектеп бағдарламасына және сыныптан тыс оқулыққа қажетті материалдарды толықтыруға болады.
Жаңалығы: Жұмыста алғаш Семей өлкесінде өмір сүріп жатқан ұлттардың тарихы, демографиялық жағдайы, көші - қон, оралмандар жайы сөз болады.
Ерекшелігі: Оқу бағдарламасынан тыс мол материалдардың қамтылып отырғандығында және оның жүйелі талданғандығында. Гипотеза: Егер осы
«Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы» атты жұмыстың нәтижесі мектеп жасындағы балаларға жеткізілсе, онда олардың туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігі артып, өзге ұлт өкілдерімен достық қатынасы нығайып, ынтымақ, бірлік туралы түсініктері кеңейеді деп ойлаймын.
Семей өлкесінің этнодемографиялық жағдайына тоқталар болсам, қаламызда негізгі ұлт – қазақтардан басқа оның территориясында орыс, неміс, украин, татар, өзбек, ұйғыр, шешен, әзірбайжан, күрд, кәрістер, цыган ұлт өкілдері тұрады.
Өзім оқитын мектеп аралас мектеп болғандықтан да әр ұлттың балалары білім алып жатыр. Мектеп оқушыларынан сауалнама алғанда: 798 - қазақ, 87 - орыс, 2 – украин, 1 - әзірбайжан, 2 - қырғыз, 3 - тәжік, 4 татар, 1 неміс, 3 ұйғыр, 1 қытай, 5 түрік балалары оқитынын білдім.
Осы ұлттардың арасынан татар, өзбек, неміс диаспорасына тоқталып кетейін. Орыстың этнографтары В. Радловтың, В. Абрамовтардың жазып кеткен естеліктеріне қарағанда Семей өңіріне татарлар орыс патшасы Алексей Михайловичтің тұсында, 1676 жылдардан бастап, қоныс аудара бастаған. Ғалым В. Радлов өзінің 1862 жылғы жазған жазбаларында Семей қаласы туралы: «Семей – 6000 тұрғыны бар, едәуір үлкен қала. Мұндағы тұрғындардың үштен бірі ғана орыстар да, қалғаны татарлар мен қазақтар» деп, қаланың Сібір мен Батыс Қытай, Орта Азиямен сауда жүргізетін орталық екенін жазады. Сауда жасаумен негізінен татарлар айналысатындығы айтылған. Сол кезде татарлардың қолымен салынған 60 үйді Мәскеу маңындағы жақсы үйлермен салыстырған. Ол да тұтас қоршалып, татар Слободкасы аталыпты. «Кейінгі уақытта татар азаматтары көбейіп, мұнда Орта Азиядан Бұхар көпестері де көшіп келіп жатыр» деп, Радлов ойын қорытындылайды......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қазақ баспасөзінің пайда болуы
» Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Алаштың тағдырлы тұлғасы Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев
» Ғылыми жоба: Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессионалды саясаты
» Ғылыми жоба: Аралдың ежелгі мәдениеті
» Ғылыми жұмыс (жоба): Дінтану | Қазақстандағы діни бірлестіктер қызметі

Іздеп көріңіз: