Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Абай қара сөздеріндегі ар ұят және адамгершілік мәселесі

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Абай қара сөздеріндегі ар ұят және адамгершілік мәселесі

Осы зерттеу жоба Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі адамгершілік пен ар – ұят мәселесін қазіргі жас ұрпақ бойында қалай қалыптасқанын, оны қалай түсінетіндіктерін, қандай жерлерде қолдану керек екендігін табуға байланысты.
Мақсаты:
Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар – ұят мәселесін іздеу.
Міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.
2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар – ұят, адамгершілік туралы мәселені ашып көрсету.
3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.
Гипотеза: Егер аға буын және отбасы жас буынның тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, қазіргі жастардың адамгершілік рухы жоғары болады.
Зерттеу әдістері: сауалнама жүргізу, жағдаяттарды шешу және қорытынды шығару, ар – ұятты суреттеу, ұят туралы ұрпақтар сабақтастығы.
Объектісі: Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Зертеу пәні: Адамгершілік пен ар – ұят
Зерттеу мәселесі: Абай өз заманында жазып қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келес таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады.
Менің ойымша осы таңдап алынған тақырыбымның өзектілігі – адамгершілік пен ар – ұят бар жерде шындық пен әділдік болады және тәрбиесі бар жас ұрпақ адамгершілік рухы жоғары болады.

Кіріспе
Қазіргі кездегі елімізді толғандыратын мәселелердің бірі жастарды адамгершілікке, әдептілікке, адалдыққа, имандылыққа баулу. Сондықтан мен осы тақырыпты таңдауға шешім қабылдадым.
Ел жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу – білімге шақырған. Адамның сол кездегі жаман қасиеттірінің бәрін санап, атап көрсетіп, содан арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға, яғни тәрбиеге көп көңіл бөлген. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашу сияқты, рулық тартыс, бітпейтін дау - жанжал елдің сиқын бұзөатынын, еш мақсатсыз бос жүрген халықты көріп, қатты қынжылған. Ел ішіне іріткі салатын, өтірікпен мал жиып, байыған би – болыстарды өлеңмен шенеген.
Қазақ даласында қазіргі психология ғылымы тұрғысынан, бірінші болып Абай «адам» деген ұғымға анықтама берген. Адам – ұғымы – педагогика мен психология ғылымында негізгі пәндік ұғым. Абай түсінігіндегі «адам – ақылдылық пен еңбек сүйіспеншіліктің әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың, адамгершіліктің жиынтығы».

Тек осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі ғана – нағыз Адам деп ойлаймын. Орыстың ұлы педагог ғалымы К. Д. Ушинский де өзінің басты еңбегін адамға арнаған. «Адам тәрбие пәні қақында» осы тұрғыдан Абайадың ойлары, пікірлері орыс ғалымдарымен үндес келеді.
Абайдың адамгершілік идеалы, мұраты, принципі – қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу – кісіліктің кісісі, шын мәнінде азамат болу, қара бастың қамы, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін - өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адам болу. Абай қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді.

Жастардың мінез – құлық, адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген Абай: «Тез үйреніп, тез жайма,
Жас уақытта көңіл – гүл» деп жазған.
Зерттеу мақсатым Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар – ұят мәселесін іздеу.
Оны жүзеге асыру үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым: 1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау. 2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар – ұят, адамгершілік туралы мәселені ашып көрсету. 3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.
Менің ойымша, менің таңдаған тақырыбым қазіргі күн талабына сай, себебі ар – ұят, адамгершілік бар жерде әділдік, бейбітшілік, шыншылдық, ең басты тәрбие орнайды. Мен Абай қара сөздерін оқып, зерттей келе, ар – ұят, адамгершілік, тәрбие барлық жерде керек екеніне көзім жетті.
Ар – ұят пен адамгершілік қай жерде, қандай жағдайда адамның бойында болу керектігін анықтау мақсатында әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген кітаптарды оқып, сараладым. Осылай зерттей келе Абайдың отыз алтыншы қара сөзін зерделей келе, ар – ұят, адамгершілік мәселесіне көп көңіл бөлдім.

1. Абай – дана, Абай – дара қазақта
1. 1. Абай өміріне шолу
Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарабұлақ жайлауында дүниеге келген. 1904 жылы Балашақпақ жайлауында қайтыс болған. Бейіті Жидебайда. Ол – ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ақынның арғы бабасы – Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Айдостан Ырғызбай, Ырғызбайдан Өскенбай тарайды, Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай дүниеге келеді. Құнанбайдың әйелі Ұлжаннан Абай дүниеге келеді. Абайдың үш әйелі болған. Бәйбішесі Ділдәдән – Ақылбай, Әбдірахман, Күлбәдән, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайыл, Кенже, барлығы жеті ұл, үш қыз сүйген. Әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.

1. 2. Білім алған жері және шығармашылығы
Абай Ескітам қонысында әкесі ашқан медреседе, оқып, ауыл молдасы Ғабитханнан дәріс алған. Әкесі Абайды он жасқа толған соң, Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда үш жыл оқиды. Медресенің үш жылында Абай осы қаладағы «Приходская школаға» да қосымша түсіп, онда үш ай орысша оқиды. Осы жылдары шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Жәми еңбектерін оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А. И. Герцен, И. А. Крылов, Ф. М. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Есейген шағында солардың ішіндегі өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударады. Абай өлең жазуды он жасында бастаған («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абыралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы – «Қансонарда» 1882ж. жазылған.
Абайдың көркемдік ойлау, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін, икемді, поэзиядағы қалыптасқан дайын үлгілерді қайталамайды.

А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтовтың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты.
1885 жылы мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семей облысының генерал – губернаторы Цеклинскидің басқаруымен Семей облысына қарайтын 5 уездің 100 - ден астам би - болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» әзірлеу тапсырылады. Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті.
Абай музыка саласында да мол мұра қалдырып, қазақтың музыка өнерін дамытты. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген. Абай әндерінің бір саласы тек өз шығармасы ғана тән өлең өлшемдеріне сай, соңы ырғақпен өріс табады.
2. Абай Құнанбаевтың қара сөзіндегі «Адам болу мәселесі»

2. 1. Абайдың қара сөздері
Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері.
Абайдың қара сөздері ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары бар. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Кеңес Одағының батыры Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнес батырлық тұлғасы
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты
» Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
» Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Математиканың қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде қолданылуы
» Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Ою өрнектің мәні мен мағынасы

Іздеп көріңіз:
гылыми Абай қара сөздеріндегі ар ұят және адамгершілік мәселесі жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Әдебиет ғылыми жұмыстар пән, Абай қара сөздеріндегі ар ұят және адамгершілік мәселесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]