Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Жаяу Мұса әнші ақындар тобының көрнекті өкілі
Мазмұны
I. Кіріспе
II. Зерттеу бөлімі
1. Қазақтың ән өнері.
2. Халық әндерінің маңызы
3. Қазақтың әншілік өнері туралы пікірлер.
4. Жаяу Мұса - әнші - ақындар тобының көрнекті өкілі.
*Жаяу Мұса Байжанұлының өмірбаяны.
*Жаяу Мұса өмір сүрген қоғам сипаты.
*Жаяу Мұсаның әдеби - мәдени мұрасы.
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
«Ән — өмір шежіресі, өмірдің сәулесі, музыка мектебінің негізгі керегетасы, халықтың игілігімен ақыл - парасаты» (А. Толстой)
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.
Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс - салтымен, наным - сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.
Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне заманнан келе жатқан ән - күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал - мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:
Құлақтан кіріп, бойды алар
1
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй,- деген.
Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуанилар, бақсылар, жыршылар, сал - серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той - томалақ, түрлі ойын - сауық отырыстардың көркі болды. Ақын әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый - құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз әңгімеге айналып ауыздан - ауызға, ұрпақтан - ұрпаққа жетті.
Ән сезімнің кейбір кезеңдерін сыртқа шығару да адамның табиғи құралының бірі болды. Халық әндерінің тартымды келетіні, жүрегіңе қона қалатыны, олардың баста өнер қуу мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым болуында. Осы күнге дейін музыкалық тәжірибесі мол құлағымыздың өзі, жаңа шығарманы тыңдап отырғанда, бейтаныс әуен теңізі ішінен халық әнінің тақырыбы естіле қалса біраз уақыттан бері көрмеген, кездеспеген бір досыңның төбесі көрінгендей болады. Өйткені сол ән тақырыбы есіңе сан алуан оқиғаларды түсіреді. Өйткені ол ән көркемөнер жасаймын деген алдын ала сызылған жоспар бойынша шыққан емес, өмірдің, табиғаттың өз туындысы. Халық әндерінің үлкен қазына екендігі де сол қасиетінде, сол әндерде халық өмірінің сәулесі болуында.
2
Қазақ халқы әнге бай. «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» деп, қазақ халқының әдебиеті мен өмірін зерттеген Шоқан Уәлихановтың досы Г. Потанин айтқандай, қазақта әнсіз өмір жоқ. «Тойбастар» айтқан жігіт, кешкі ауыл сыртында алтыбақан тепкен қыз - бозбала, шілдехана күткен жас - кәрі, «Жар - жар» айтқан екі топ, елінен еріксіз ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын жоқтаған жесір, түйеге мініп әр үйдің сыртында қақсаған жарапазаншы, ақ киім киіп, өгізге мініп ауыл аралаған дуана, «жынын» шақырып, зікір салған бақсы – бәрі де әндетеді. Бәрі де жай сөзбен айтқанда жетпейтін сезім тасқынын ән арқылы шығарады. Әннің осы қасиетін қазақ халқы: «Жігітке өнер де - өнер, өлең де - өнер», «Ақылың болса жыр тыңда» деген сөздер арқылы жақсы айтқан.
Данышпан Абай:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,-
деген жолдарында әннің өмірдегі орнын нақ суреттеген. Халық аузындағы: «Бір әнді сатып алдым құнан нарға» немесе «Сұрасаң менің атым - Таңжармаймын, Болсам да малға жарлы, әнге баймын» деген әннің аса жоғары бағалағанын, әншілердің өз өнерін сасық байлардың үйірлеген жылқысы мен қоралаған қойынан төмен санамайтын көкірегін көрсетеді. Қазақтың халық әндері орыс зерттеушілерінің назарына ерте ілікті. Әрине, бұл жөнде қазақ халқының Ресейге қосылуының үлкен рөлі болды. Орыстың этнографтары, саяхатшылары, тіпті жорық себебімен барып қалған көзі ашық офицерлері қазақтың халық әндері жөнінде көп нәрселер жазып қалдырды. Өткен ғасырдың басында бірен - саран, бірлі - жарым болса да әндер нотаға түсіп, түрлі журнал, жинақтарда басылып шықты......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қырандар қанаттанған ұя Гурьев жаяу әскер училищесі
» Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Қазақ ою өрнегінің даму тарихы
» Ғылыми жоба: Ұмытуға болмайтын оқиғалар
» Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қазақ баспасөзінің пайда болуы
» Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

Іздеп көріңіз: