Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиеті | Қазақ аңыз әңгімелеріндегі Абылай хан бейнесі
Аннотация
“Қазақ аңыз әңгімелеріндегі Абылай хан бейнесі” тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты - биыл туылғанына 300 жыл толған қазақ тарихында өшпес орны бар Абылай бейнесіне қатысты аңыз бен ақиқат мәселесін зерделеу, идеалды билеушінің бейнесін жасаған қазақ аңыздарындағы Абылай ханның ерекше қасиеттерін ашу. Зерттеу жұмысында маңызды оқиғалар мен көрнекті тұлғаларға берген халықтың бағасын, қарым - қатынасын көрсетуде аңыз әңгімелердің орны ерекше екендігі айтыла келе, Абылай туралы аңыздар мен қазақ фольклорында жиі кездесетін тұрақты мотивтер талданған. Қазақ аңыздарындағы Абылай ханға берген халықтың бағасын көрсету үшін Абылай хан туралы аңыздарды жинақтай отырып, Абылай бейнесі, оның мінез қырлары жан - жақты ашылған. Атақты ханның бейнесі елдің рухында азаттықтың рәмізіндей болып сақталып, бүгінгі күнге дейін жетуі Абылайдың тектілігінен, елді жаудан қорғаған батыр, дарынды қолбасшы, халқын даналық істермен басқарған билеуші болғандығынан екендігі көрсетілген.
Мерзімдік басылымдарда, жинақтарда жарияланған ақпараттар мен аңыз әңгімелерді, Абылай хан туралы айтылған лебіздерді пайдалана отырып, өзіндік тұжырым жасалып, ұсыныстар енгізілген.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Қазақ фольклоры мен Абылай хан туралы аңыздар сабақтастығы
Аңыз әңгімелер бір жағынан әдеби мұра болса, екінші жағынан тарихи мәні бар мұра. Өйткені аңыз әңгімелер тарихи қайраткерлер жайында әңгімелейді, халықтың тарихқа қатысын, көзқарасын танытады. Маңызды оқиғалар мен көрнекті тұлғаларға берген халықтың бағасын, қарым - қатынасын көрсетеді.
Фольклорлық шығарманың жүйелі сюжетін құруда мотивтер ерекше қызмет атқарады. Қазақ аңыздарында жиі кездесетін тұрақты мотивтерді Абылай туралы аңыздардан да кездестіреміз.
Жетімдік. Атақты тұлғалардың жас күнінде жетімдік күйін шегіп, елден жыраққа кетіп аңшылықпен, болмаса қарапайым кісілердің қолында малшы болып күн кешіп, кейін өзіне лайықты орынға (таққа) ие болуы - фольклорда жиі кездесетін мотив. Жетімдік – болашақ билеушінің ғұмырнамасындағы ажырамас, тұрақты бөлік. Ол – кейіпкерді төменнен жоғарыға қарай өрлетудің тұрақты формасы, халық эстетикасының қаһарманды дәріптеу мақсатынан туындаған көркемдік тәсілі. Халық аңсары мен тілегі билік басындағы ханның тағдырын қара бұқараның тағдырына ұқсас болуын қалайды және билікке өз басының жеке қадір - қасиеті арқылы көтерілген кісінінің келгенін көксейді.
Бұл мотив Абылай хан туралы аңыздарға да тән. Әкесі Түркістанды жаулап алған көрші билеушінің қолынан қаза тапқан он үш жасар Абылайды оған қалтқысыз берілген бір құлы аман алып қалады. Ол оны қазақ даласына алып қашады. Қазақ даласына келген Абылай Жақсылық руының бір бай кісісіне қызмет етеді
Лақап есім. Эпикалық сюжеттердегі тұрақты кездесетін мотивтердің бірі - болашақ лауазым иесінің немесе батырдың лақап есіммен жүруі.
Қазақ аңыздары лақап есімді таңуда қаһарманның лауазымы мен атқарған ерлік істеріне байланысты беретін көне түркілік дәстүрді сақтаған. Ел билеген хандардың бір тобына даналық, данышпандық қызметтері үшін (Әз - Жәнібек, Әз - Тәуке хан) «әз» деген лақап қосылса, жауға қарсы ерлік, батырлық істерімен көзге түскен хандарға «арыстан, ер, салқам, баһадүр» (Еңсегей бойлы ер Есім, Салқам Жәңгір, Әбілқайыр баһадүр, Абылай баһадүр ) деген лақап есімдер қосылып отырады.
Болашақ батырлардың жастайынан жетім қалып, халық арасында қиындық көріп өсуі, лақап есіммен жүруінің арғы түбінде халықтың елді, жерді қорғаған қаһарманды дәріптеуі жатыр. Жұртшылық өзінің сүйікті батырын барлық қиындықтарды жеңе білетін, қарапайым халықтың мұң - мұқтажын көріп өскен, өзі де соны басынан кешкен, қалың халықтың арасынан шығып, құдай берген қадір - қасиетінің, ата - анасынан дарыған тектіліктің арқасында биік тұғырға көтерілген ұлы қайраткер етіп көрсетуге тырысады, оны барынша көтермелеп, асқақтата бейнелейді. Бұл - халықтың арман - тілегіндегі қаһарманды төменнен жоғары қарай көтеру жолы.
Абылай алғашқы ерлік көрсеткенге дейін Сабалақ деген есіммен ұсқынсыз, көріксіз кейіпте тегін әдейі жасырып жүреді. Қолайлы сәтті күтеді. Тегін жасырған, сырты ұсқынсыз, киген киімі көріксіз, шашы таз кейіпкерлер қазақ фольклорында жиі кездеседі. Олар керекті уақытында ақылды, қу, тапқыр болып шыға келеді.
Алғашқы ерлік. Түркілік аңыз - жырларда батырлар көрсеткен алғашқы ерлік түрлері сан алуан. Қаһарманның алғашқы ерлігіне жеке дара жауға шауып, асқан батырлық көрсету, жабайы аңды өлтіру, түрлі күрес, сайыста жеңіп шығу, т. б. жатады. Алғашқы ерлік сынына дейін болашақ батыр елеусіз, атақ - даңқсыз жүреді. Ал аталмыш сыннан өткеннен кейін ол шексіз құрметке, атақ - даңққа ие болады, ер атанады. Сабалақтың жаңа батырлық «Абылай» есімі қалмақ батыры Шаршыны жеңгеннен кейін қойылады. Кісі қолында жалшы болып, елеусіз күн кешіп жүрген жетім бала Сабалақ ел назарына бірден батырлығымен ілінеді. Батырлық – оның өзін танытудағы аса маңызды бекет. Қаһарманның мұндай сын бекеттен өтуі – бүкіл фольклорға тән көрініс. Ерлік істен кейін Абылай қайта «түлеп», өзіне лайықты есімге ие болады, қолдаушы, жанашыр туыс табады. Алғашқы ерлікке дейін жас жетім қаншалықты елеусіз болса, одан кейін, керісінше, соншалықты шексіз құрметке бөленеді. Абылайдың халық құрметіне ие болуына жол ашқан басты қадір - қасиеті, әрине, оның жеке басының жауынгерлігі, ер жүрек батырлығы.
Қаһармандық істері мен жорықтары. Абылайдың қаһармандық жорықтары дін немесе шексіз билікке ие болам деген билікқұмарлық емес, қазақ халқының қалмақ пен қырғызға кеткен кегін, өзге жұрт билеген қазақтарға өз биліктерін қайтару мақсатында болды. «Орыспен жауласпады - ел болды, шүршітпен жауласпады – ел болды, екеуіне де тіл болды. Өзіне - өзі әбден келді, кемеліне толды. Енді Үргеніш, Бұқара, Қоқан, Ташкент жанындағы қазақты сыртқа билетіп қоймаймын деп, үш жүздің баласына жар шақыртып, қосын жинап аттанады», - деп баяндайды аңыз [3]......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ғылыми жоба: Сартай батырдың өшпес ерліктері
» Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Асан Қайғы туралы аңыз
» Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Бекет ата Аңыз бен ақиқат
» Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қазақ баспасөзінің пайда болуы
» Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Ою өрнектің мәні мен мағынасы

Іздеп көріңіз: