Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Ыбырай Алтынсарин өмірінің ерекше белестері
КІРІСПЕ
Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай жасаған оқулық ең алдымен, орыстың қала берді Еуропа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс - тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам - талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік - танымына сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып қарастырған хрестоматиясына қосты. Сөйтіп, ұлы ағартушы - ұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойыңдағы бар күш - қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады. Ыбырай ауыл шаруашылық, қолөнер мектептерін ұйымдастырады. Ол қазақ жерінде алғаш қыздар мектебін ашқан.
Жұмыстың өзектілігі: Ыбырай Алтынсарин – ғасырлар өтсе де, заман өзгерсе де өзі өмір сүрген заманы мен өмірінде қазақ балаларына “Кел, балалар, оқылық” деп жар салудан тынбаған, сол арқылы қазақ балаларының надандық қамытын киюіне жол бермеген бірден - бір тұлға болып қала бермек. Оның осы қанатты сөздері әлі де өз күшін жойған емес. Сондықтан, Ыбырай атамыздың ісін жалғастыратын, арманын орындайтын біздер үшін осы жолдан өту үлкен құрмет және зор міндет.
Мен Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп - интернаттың 6 «В» сынып оқушысымын. Мектепті Ыбырай атаның өзі 1889 жылы ашқан. 1960 жылдан бастап мектепке ұлы ағартушының есімі берілді. Осы мектепте оқығаннан кейін менің Ыбырай атаның өмірбаянына, ағартушылық қызметіне, шығармашылығына деген қызығушылығым оянды. Ыбырай Алтынсаринмен терең танысқым келді. Осыны мен жадымда сақтап, алдыма мынадай мақсат қойып, жұмысымды жаздым.
Жұмыстың мақсаты: Халқын қалтқысыз сүйген, сол кездегі аянышты халіне күйінген, болашағына зор үміт артқан Ыбырай атамыздың өміріне, шығармашылық жолына және ғылыми жетістіктеріне шолу жасау және қазіргі уақыттағы қазақ жастары үшін Ыбырай Алтынсарин қалдырған өсиетінің өзекті болып табылатынын көрсету.
Жұмыстың міндеттері. Қойылған мақсаттан шыға отырып, келесідей міндеттер қойылды және шешілді:
Ыбырай Алтынсариннің шыққан тегі мен қызметін қарастыру;
ғылыми зерттеу салаларын анықтау;
шығармалары мен аудармаларын зерттеу;
қазіргі уақыттағы Ыбырай Алтынсарин еңбектерінің рөлі мен маңыздылығын көрсету.
І. Ыбырай Алтынсарин өмірінің ерекше белестері
1. 1. Өмірбаяны мен отбасы, туған - туысқандары
Талай дана – данышпан, дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан ұстаз Ыбырай Алтынсарин да туған.
Ыбырай (шын аты Ибраһим) Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай қаласындағы Затобол ауданында дүниеге келген. Ыбырай үш жасқа келгенде әкесі Алтынсары қайтыс болады. Оны Кенесары шапқыншылығында өлтіріп кетеді. Ыбырайды әкесінің досы Жетібай Өтемісұлы құтқарып қалады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін тәлім - тәрбиені атасы Балғожа биден алады. 1846 жылы Балғожа би Орынбордағы Шекара комииссиясы жанынан ашылатын мектепке Ыбырайды жаздырып қояды. 1850 жылы 22 - тамызда сол мектепке Ыбырай алғашқы 30 баланың бірі болып қабылданады. Ол уақытын жан - жақты білім алуға ерекше ынтамен кіріседі......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ғылыми жоба: Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі
» Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қазақ газеті елдіктің жаршысы
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Ұстаз еңбегі ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми тәжірибелік конференция
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Ұстаз болу борышым
» Ғылыми жұмыс (жоба): География | Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев

Іздеп көріңіз: