Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты

Кіріспе
Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу - білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.

Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру – қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі.
Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді. «Отан - от басынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі - Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті, тілі мен салт - дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі.

Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету - бүгінгі таңда ең басты мақсат болып табылады.
Өйткені еліміздің болашағы жас ұрпақ - ұлттық сана - сезімі оянған, адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары дамыған, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, салауатты, бойында жоғары патриоттық санасы, өз елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп тәрбиеленуі тиіс

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Имандылық, ізгілік, адамгершілік, елжандылық және де толып жатқан кісілік қасиеттер мектеп қабырғасында қалыптасады.. Мектептегі оқушы - болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы шарт. Сонымен қатар, тәуелсіздігіміздің тірегі - білімді әрі саналы, парасатты, жан - жақты мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы әбден керек - ақ...

Еліміз тәуелсіз даму жолына түсе отырып, біртіндеп дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылуды мақсат етеді. Мұны жүзеге асыратын еліміздің жас азаматтары мен мектеп оқушылары. Білімді еліміздегі халықтың тілін, тарихын, әдеп - ғұрпын сыйлайтын, елі үшін білімі мен күш жігерін аянбай жұмсайтын нағыз азамат, Отаншыл азамат керек.

Тарих – әрбір халықтың өткен өмірі мен жүріп өткен жолының айнасы іспеттес, тәрбиелік мәні зор, жас ұрпаққа өте қажетті ғылым. Қоғамдық өмірде халқымыздың тарихының үлкен рөл атқаратындығы жөнінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» деген еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынадай мақал бар: «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз»,- деп жазды.

Тарихты білу әрбір адамға қажет болса, өлке тарихын білудің маңыздылығы, өзектілігі одан кем емес. Туған өлке тарихын біле отырып, адам өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы орнын, істейтін қызметін дұрыс анықтай алады. Өйткені әрбір адамның өз туған үйінен кейінгі алтын бесігі - оның алғаш оқитын мектебі. Балалық шақтың алаңсыз тәтті де қызық күндері, өзімен күліп, ойнаған, құрбы - құрдастары әр затқа еліктеп, қызық көріп алыс арманға қол созып, үміт артқан шақ, жамандық атаулыны жадына сақтамай, жақсылыққа бой ұратын бөбек сол бір балалық бал шағын кейін ересек болғанда ұмытпайды. Сондықтан мектеп өмірінің тарихы – жүздердің, мыңдардың өсу, есею адам болу хикаясы десек артық айтқандық емес. Оның әрқайсысы білім ордасымен, әлденеше әр қилы адамдардың шартарапты тағдырымен тікелей байланысты.

Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің
оқушысы Ағзамқызы Наркес
жетекшісі тарих пәні мұғалімі Өтепова Тойған .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары
» Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының еркіндік жолындағы күресі негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру
» Ғылыми жоба: Этнопедагогика

Іздеп көріңіз:
гылыми Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Педагогика ғылыми жұмыстар пән, Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]