Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Су тіршілік нәрі

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Су тіршілік нәрі

Зерттеудің мақсаты: Адам денсаулығы үшін ауыз су сапасының маңыздылығын айта отырып, судың қасиеттерімен химиялық, құрамымен, ағзада әсер ететін факторлардың болуы не болмауын сипаттау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Жер бетінде адамзат баласы өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, өзі аясында тіршілік ететін табиғатынан тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болмақ.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі: Зерттеу жұмысы барысында газет, журнал, кітаптар, интернет арқылы материалдарын қолданылды, зерттеу жүйелеу қорыту әдістері қолданылды..
Зерттеудің жаңалығы мен дербестігі: Судың құрамын, сапасын зерттей отырып, қолданылатын судың экологиялық жағынан қауіпсіз болуын көрсету.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Жоғары сапалы суды пайдалану қоғамның салауатты өмір салтының кепілі, демек оның тұрмыс жағдайының жақсартуының кепілі екенін көрсетеді.
Мазмұны

І. Кіріспе............................................................................................. 3 - 4
ІІ. Зерттеу бөлімі
2. 1 Судың физикалық - химиялық және биологиялық қасиеті............. 5 - 6
2. 2 Ауыз судың сапасы........................................................................... 7 - 12
2. 3Экологиялық таза су адам денсаулығының кепілі........................ 13 - 23
ІІІ. Қорытынды.................................................................................. 24
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер......................................................... 25

Кіріспе

Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі су. Су - тірішілік көзі, жердің нәрі. Жердің климатын жасаған су. Егер су болмаса, біздің планетамыз баяғыда – ақ суынып, жер бетіндегі тіршілік жойылған болар еді. Сусыз ешбір организм өмір деуге болады. Су жердің геологиялық тарихында, ғаламшарда, климаттың қалыптасуында, тіршіліктің пайда болуында аса маңызды рөл атқарады.
Су – қасиетті зат. Судың маңызды рөл атқаратының мына қасиеттерінен көруге болады.
Су - еріткіш. Басқа сұйықтармен салыстырғанда заттар суда жақсы ериді.
Судың жылу өткізгіштік қасиеті жоғары болады. Тірі организмде жүріп жатқан химиялық реакциялардың нәтижесінде бөлінетін жылудың белгілі бір мөлшері денедегі су арқылы біркелкі таралып және сыртқы ортаға шығарылып отырады;
Су қайнау температурасы жоғары болғандықтан, жер бетіндегі судың қайнап кетуі және организмдердің қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етеді. Тірі организмдердің тіршілігінде судың биологиялық маңызы зор.
Судың қасиетін халқымыз ертеде білген, өйткені сумен жуынғанда адам денесіндн мынадай он түрлі қасиет пайда болады деп есептеген: ақыл ойы анықталады; адам бетіне жас өң береді; сергектік; денсаулық; күш; сұлулық; жасару құбылысы; тазалық адам терісі жұмсарып, әрленеді; сұлу әйелдер көңіл аударады. Осыдан барып «Судай сұлуға жолық» деген қанатты алғыс сөз шыққан.

Су адам денсаулығының кепілі екені бәрімізге белгілі. Қоғамдық өндірістің жедел дамуы, қалалардың урбанизациясы, халық санының тез өсуі, қоғамның тұрмыс жағдайының жақсаруы, халықтың мәдени деңгейінің өсуі осының бәрі судың қажеттілігін өсіреді және қолданылатын су экологиялық жағынан қауіпсіз болуы керек.
Ішетін су барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған жағдайда ғана өзінің физиологиялық қызметін орындай алады. Тазалығы жөнінен су мөлдір, иісі дәмі жоқ болып, ең бастасы, құрамында ағза үшін зиянды химиялық заттар және ауру туғызатын микробтар болмауы тиіс. сонымен қатар, адам үшін судағы еріген химиялық заттардың құрамы мен мөлшерінің де мәні зор. Ішетін судың құрамында хлордың, темірдің, күкірттің марганецтің, мыстың, мырыштың және басқа да химиялық заттардың қоспалары бар.
Химиялық элементтердің мөлшеріне қарай кейбір су көздерінің емдік қасиеттері де бар. Сулар емдеу орындарында екі түрлі жолмен – ауыз суы ретінде және шомылатын су ретінде пайдаланады.
Табиғатта судың орнын ауыстыратын зат жоқ. Су дегеніміз – өмір.

Су – жер бетіндегі тіршілік көзі. Су – бір тұтас және бөлінбейтін зат.
Су - сутек пен оттектен тұрады. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77, 5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3 - ге жетті. Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12 - 18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200 - 400 литрге жетіп отыр. Су ресурстарының “мұхит - атмосфера - жер - мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.

Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады. Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк - жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.
Ауыз су міндетті түрде таза болу керек және құрамында хлор мен оның табиғи қоспалары, ауыр металды тұздар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, бактериялар, вирустар және басқалары болмауы қажет. .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
гылыми Су тіршілік нәрі жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Биология ғылыми жұмыстар пән, Су тіршілік нәрі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]