Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі
І.Кіріспе бөлім.
Жалпы білім беретін орта мектепті қайта құру жағдайындағы ынтымақтастық педагогика.
ІІ.Негізгі бөлім.
А.) Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі.
Ә.) Озат педагогикалық тәжірибені пайдалану.
Б.) Оқыту технологиялардың түрлері және қолданудың тиімділігі.
В.) В.Т.Кабум технологиясы. Тәрбиелеуді ізгілендіру жүйесі.
ІІІ.Практикалық бөлім.
Сабақ жоспары: «Тік белдемше , шығу тарихы»
Тәрбие сағатының жоспары: «ХХІ –ғасыр көшбасшысы.»
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені, олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жаңашыл-экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке-жеке, керек десе бірін-бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген.
Экспериментшіл мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бір-бірімен кездесуді, пікірлесуді, тәжірибе нәтижесін ортаға салып, талқылауды ойластырып жаңа педагогикалық шешімдер қабылдауды қажет деп тапты. Бұл пікірлердің мазмұны «Учительская газета» беттерінде жарияланды. Осы газеттің шақыруы бойынша экспериментшіл мұғалімдер үш жылдың ішінде төрт рет кездесті. Бірінші кездесуінде (18-қазан, 1986 ж.) «Ынтымақтастық педагогика», екінші кездесуінде (17-қазан, 1987 ж.) «Тұлғаны демократияландыру», үшінші кездесуінде (19-наурыз, 1988 ж.) «Жаңарту әдістемесі» және төртінші кездесуінде (18-қазан, 1988 ж.) «Жаңа мектепке кіреміз» тақырыптары бойынша эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп, білім және тәрбие саласында көптеген жаңа үздемелі педагогикалық пікірлер ұсынды. Бұл пікірлердің біразын атап өткен жөн. Мысалы: балалар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы ынтымақтастық, ұжымдық шығармашылық тәрбие, орындаушылық және шығармашылық қабілеттер, балаларды дербес және ұжымдық өзін-өзі талдау.
Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде тек қана мұғалімдер емес,әсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады.
1
Оқудың нәтижесі ынталылық пен қабілеттердің көбейтіндісіне тең. Егер ынталық нөлге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөлге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынтымақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген екен олар. Мұңдай педагогика балаларды ынтымақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолы іздестіреді.
Адамгершілік және ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйренуі мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтымақтастық педагогикасы –құлық педагогикасы – даму педагогикасы. Іс жүзінде бұлардың үшеуінде бір текті құбылыс: мұғалім мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым-қатынасы, істегі ынтымақтастығы .
Әрбір педагогикалық әсер, әрібір шешім, әрбір әрекет балалардың даму барысында тексеріліп отыруы қажет. Ал дамудың бірқалыпты немесе оның қалысуы әрбір мұғалімге мәлім.
І.Қ.М.Нұрғалиевтың(1925-1988ж.ж) өмірбаяны және ұстаздық
көз-қарасы.
Шығыс.Қазақстан облысының Марқакөл ауданында дүниеге келген. «Шыңғысхан» мектебінің 6-сыныбын бітіріп,еңбекке араласты, 19 жасында Ұлы Отан соғысына аттанады. 1944ж жараланып екі аяғы, бір қолынан айырылды, Мәскеу госпиталында екі жыл емделіп, көптеген операциядан өткен. Сол гопитальда емделген жылдарында 8-ші,9-шы, 10-шы сыныптар аралығында емтихан тапсырып, орта білім туралы аттестат алып, сонымен қатар бухгалтерлік курсты сырттай бітіріп алады.
Ауылға оралған бойда бірінші топтағы мүгедектігіне қарамастан ұстаздық еңбек жолын орыс- тілі нәнінен сабақ беруден бастайды.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік институтының тарих факультетін сырттай оқып бітіріп, Боран орта мектебінде 30 жылдан астам уақыт үздіксіз директор қызметін атқарды. Ол Ленин, Қызыл Ту ордендерімен, 5 мақтау қағазымен марапатталды.
КСРО Халық мұғалімі және Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі. 2005жылдың қазан айында Құрмаш Нұрғалиұлының 80 жылдық мерей тойы атап өтілді. Бұл есім республикада педагогикаға бар ғұмырын арнап, педагогикалық қызметін жалғастырушылардың кітабына ең алғашқыларының бірі болып енді. Осынау тамаша адам туралы Дінмұхаммед Қонаев былай деген: «Бұл ғажап адамның өз өмірі – ерлік,шәкірттерді биік рухқа,адамгершілікке тәрбиелеуде, олардың азаматтық санасын қалыптастыруда ғибратты өнеге болып танылады.» Боран ауылындағы оның авторлық мектебін қазір баласы, педагогика ғылымдарының кандидаты Талант Құмашұлы басқарады. Түлектерінің 30 пайыздан астамы жоғары оқу орындарына грант арқылы түсіп, көптеген мектеп бітірушілер «Алтын белгіге» ие болды. Мектеп ақпараттық – коммуникациялық технология негізінде білімді ақпараттандырудың педагогикалық идеясын жүзеге асырып, теледидар- техникалық студиясы арқылы ауыл эфиріне шыға алады. «Қашықтан оқыту» жобасы бойынша бұл мектеп Юнеско зерттеу институтының арнайы мәртебесіне ие болған Құрмаш Нұрғалиұлы туралы толығырақ «Халық мұғалімі Құрмаш Нұрғалиев Педагогикалық әулет» атты кітаптан оқуға болады.
ІІ. Қ.М.Нұрғалиевтің негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі. Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету,
4
жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу.
Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттері ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті,адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы.
Еліміздің таңдаулы мектептерінің бірі Боран мектебі мыңға жуық оқушы оқыған ауылдық жердегі аралас мектеп болған. Мектеп жанындағы оқу өндірістік кешенінде 9-10 сыныптағылар екі жыл ішінде жүргізуші, тракторшы, электрик мамандықтарын алып шыққан. Мектептің бүкіл оқу тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға негізделіп, барлық 40 кабинеттің техникалық орталығы республикамызда тұңғыш рет осы мектепте жасалып, мыңдаған дыбыстық фонограммалардың, диофильмдер,диопозитивтердің, кинофильмдер мен кино-фрагменттердің, магнитафон жазбаларының үлкен қоры жинақталған орталық телестудиясы болған. Студиядағы операторлар да,режиссерлар да 7-сыныптан жоғары оқитындар болды.
Мектеп жанында зәулім спорт залы, екі дене шынықтыру залы, ән-күй, саз кабинеті мен бөлмелері 200 орындық жиын залы, 200 орындық кинотеатр,мединицалық кабинет, 240 орындық асхана жас буынның игілігіне айналған.Сол кездегі совхоз малшыларының балаларына арналған 6 орындық интернат үйі, толық жабдықталған өнер бөлмесі (көрмесі), екі оқу залы жұмыс істеген. Қазақтың ұлы ағартушыларына, көрнекті педагогтарға арналған стеділер , мәңгі от алаулары тұрған жауынгерлік даңқ залы тәрбие орталығына айналған.Ұжым барлық пәндер бойынша толық үлгерімге жетіп,құқық тәртібін бұзу оқиғасы кездеспеген. Жыл сайын мектеп бітірушілердің көбі совхоз өндірісінде қалып, жөндеу, көгалдандыру, т.б. мектеп жұмыстарын оқушылар атқарған. Мектеп директоры – Қ.Н.Нұрғалиев: «Мектепті алға бастыруды анық ойласақ, істі кадрдан бастауымыз қажет. Келешектің адамын қалыптастыру, еңбекке баулу, адамгершілікті дамыту, мұның бәрі сегіз қырлы бір сырлы дейтін мұғалімдердің қолдарынан келетінін үнемі ескеріп отырғанда ғана жақсы ұстазбен жас шәкірт арасында мәңгі үзілмес алтын желі тартылады. Ол мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі » - деп оқу-тәрбиесін, ізгілендіру идеясын қолдады.
І.Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың өмірбаяны және ұстаздық қызметі.
А.Ысқақов 1953 жылы туған, жаңашыл ұстаз, 1975 жылы Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің физика- математика
5
факультетін бітіріп, Алматы, Ресей мектептерінде математика пәнінен сабақ беріп мол тәжірибе жинақтаған дарынды ұстаз. 1988-89 оқу жылынан бастап ерекше тәрбиені қажет ететін жоғары сынып оқушыларына арналған эксприменттік мектептің директоры қызметін атқарады. Білім саласы бойынша «Тарлан-2000» сыйлығының иегері.
ІІ.Негізгі идеялары мен тәжірибелері: Көпшілік Архимед мектебін «Болашақ» мектебі дейді. Оқу – тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып,әр оқушының еркін дамуына , азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясын ұсынды.Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде жүргізуде Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары.Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді. 200 жасөспірімнің барлығын да, өздерінің бейімділігі мен ынта- ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің пайдасына көздерін жеткізеді.
Архимед мектебінің міндеті – балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, олардың өмірдегі өз жолын табуына көмектесу. Бұл мектеп сол кезде жартылай шаруашылық негізде жұмыс істеп, оқушылар түске дейін қаланың жүзден астам өндіріс орындарында міндетті түрде 4 сағат еңбек еткен. Тапқан табыстарының 50 сомын мектеп қорына өткізіп, оны бос уақыттарымен каникулдарын мазмұнды ұйымдастыру үшін жұмсаған. Оқуға деген ынтасына қарай оқушыларға 10 сомнан 50 сомға дейін шәкірт ақысы төленген. Бағдарламаның ерекшелігі- жалпы білім беретін пәндерден басқа әр оқушының қалауына сай бір-екі пәнді тереңдетіп оқытуында, бейнелеу өнері, кино , театр, саз, дін тарихы пәндерін енгізілуде, биология курсының «Экология негіздері» деген қосымша сабақтармен толықтырылуында. Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатымен дене шынықтыру сабағы аптасына 5 рет өткізіліп, бір сабағы міндетті түрде бассейнде өткізілген. Сондай-ақ ағылшын тіліне аптасына 4 сағат бөлініп, компьютер сыныбымен қатар, «Журналистика негіздері», «Социология және психология негіздері», т.б. курстар оқылып,балалардың толықтай орта білім алуына,өздігінен білім алуына деген құштарлығы мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасалды.
Оқушылар отандық және дүниежүзілік мәдениет байлығымен танысып, адамгершілік және ерік- жігерлерін қоғамдық дәрежеде шынықтыра алады.
Мектепте барлығы 25 мұғалім және жоғары оқу орындарымен мекемелерден шақырылған мамандар тобы еңбек етіп, 8 оқушы, 8 мұғалімнен тұратын мектеп кеңесі болды......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ғылыми жоба: Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі
» Ғылыми жұмыс (жоба): Өзін өзі тану | Өзін өзі жетілдіре алатын бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі оқыту технологияларының тиімділігі
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру
» Ғылыми жұмыс (жоба): Медицина | Ішкі жұқпайтын аурулар клиникалық диагностикасымен пәнін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері

Іздеп көріңіз: