Ғылыми жұмыс (жоба): География | Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев
Тақырыбы: Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың өмір жолы
Кіріспе
Әрбір тарихи кезең өзіне сай көсемдері, шешендері, батырлары, бастаушыларды іріктейді. Олар қоғамдық өмірдің «тар жол, тайғақ кешулерін»табандылықпен бастан өткізіп, жалындай жанып, жұлдыздай жарқырап, келешек мәселелерін елінің, жерінің, туған халқының мәңгілік мүдделерімен байланыстыра біледі. Отан болашағы алдындағы жан-жақты жауапкершілік, адамгершілік, ақыл, парасат, қажырлы қайрат, шебер ұйымдастырушылық қабілет таныта білген тұлғалар тарих төрінде, тарихи жадыда қала береді.
Біздің Ғаниымыз қазақтың Ғани Мұратбаевы осы алып тұлғалар тобында. Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, Шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі болған қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер күшпен ақыл –парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады.
1. Ғани Мұратбаевтың өмір жолы
Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев Қазалының қасиетті топырағында, қазіргі өзінің атымен аталынатын ауылда Мұратбай болыс шаңырағында 1902 жылы 3маусымда дүниеге келген. Кеңес дәуірі кезінде «Ғани жарлы-жақыбай отбасында дүниеге келді»деп жазылып жүрді. Қазалының көнекөз қариялары мен шежірешілердің айтуынша Мұратбайдың ұзақ жылдар бойы болыс болып, ел билеген парасатты адам екендігі тәуелсіздік алғалы ашық жариялана бастады.
Ғанидың әкесі Мұратбай баласы 4 жасқа толғанда қайтыс болады. ол ер жеткенше әкеден қалған азды-көпті дүние-мал таусылып, көзге көрінерлік асырып –артылған ешнәрсе бола қоймаған. Сондықтан да Ғани тек қана күн көретін дәрежеде өскен. Анасы Батима баласының зеректігін байқап, Ғаниды 9 жасында көп қиыншылықпен Қазалы қаласындағы орыс –қазақ осы күнгі Горький атындағы №16 аралас мектепке оқуға береді. 1916жылы Ғанидың анасы Батима қайтыс болады. Ғани сол кезде небәрі 14жасында жетім болып қалады. мектепті үздік бітірген соң, орысша сауаттанған Ғани 1914-1917жылдары Қазалыдағы орыс бастауыш училищесінде оқып, ақпан - қазан төңкерісіне байланысты түрлі саяси жұмыстарға қатысады. Училищені бітірген соң, 1917-1918жылдары Қазалыда тұңғыш рет Кеңес үкіметі құрылғанда Ғани Мұратбаев революциялық комитет мүшелігіне қабылданып, оның құрамында белсене жұмыс істейді.
2. Жалынды жас ғұмыр
Елдің екі жақ боп, еш нәрсеге көзі жете қоймаған төңкерісті толқынды осы кезеңінде Ғанидың алғашқы демократиялық көзқарасы оянды десек қателеспейміз.
Алайда, білімге құмартқан жас Ғани 1918 жылы Қазалыдан Ташкентке келіп, қазақ-қырғыз училищесіне оқуға түседі. Бұл училище 1920жылдан бастап Халық ағарту институты болды. 1919жылы Ғани Мұратбаев жастар ұйымына мүшелікке қабылданады. Міне осы күннен бастап Ғанидың жалындаған өмірі жастар ұйымымен үнемі тығыз байланыста өтті. Сол кезеңде саяси сана сезімі де, өмірге көзқарасы да көп жастардан озық Ғани Мұратбаев комсомолдың алдыңғы қатарлы белсенді мүшесі, жастар жұмысын үлгілі ұйымдастырушылардың бірі болды.
1916жылғы және одан кейінгі оқиғалар салдарынан аштыққа, жалаңаштыққа ұшыраған Түркістан республикасының байырғы тұрғындарының қаңғырып жүрген жетім балаларын интернаттарға, балалар үйлеріне, мектептерге тарту ісіне қызу араласады. Оның бұл тараптағы ісі сол кездегі Түркістан әскери кеңесі саяси басқармасының бастығы В. В. Кубышовтың назарын аударды. В. В Кубышов Ғаниды Қызыл армия қатарына алғаш шақырылған қазақ, қырғыз, тәжік, өзбек, түркімен, ұйғыр жастары арасында саяси үгіт жұмысын жүргізуге тартты.
1919жылы Коммунистік Жастар Ұйымына мүше болып қабылданып, училище комсомолдары Ғаниды комсомол ұйымының хатшысы етіп сайлайды. Бірер жыл қалалық, уездік комитетте жұмыс істейді. Жетісу аймағының педагогикалық курсында сабақ беру мақсатында Верный қаласына жіберіледі. Нәтижесінде Жетісу облысында мұғалімдер даярлайтын курстар ұйымдастырады. Бір сөзбен айтқанда комсомол ұйымының жұмысының жандануына Қазалының өз түлегі, Шығыс жастарының жалынды жетекшісі атанған Ғани Мұратбаевтың ықпалы зор.
Қорытынды
Ғани өз заманына сай, уақыт толқынына ілесе білген асқақ ойлы, ер кеуделі өрен еді. Елдің жоғын жоқтады, халқымен бірге мұңайды, бірақ болашаққа сенді. Халқымыздың ардақты да, абзал азаматы, аққан жұлдыздай аз жасап, артына мол мұра қалдырған, Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі, көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы –демократ Ғани Мұратбаевтың ел мүддесі үшін жасаған жанқиярлық еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ортаймаған қазаны - Қасетті Қазалы 1998жыл
2. Ғани тағылымы 2008жылы
3. Мен Ғанимын 2007жыл
4. Тұран қазалы, Сыр бойы газеттері.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: