Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Электрофор машинасын CD R дискісінен жасау

Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Электрофор машинасын CD R дискісінен жасау

«Жас техник» байқауы
• Электрофор машинасын CD-R дискісінен жасау
Электрофор машинасының маңызы, шығу тарихы
Электрофор машинасын алғаш 1865 жылы немістің физик экспериментаторы Август Теплер жасап шығарды. Сол мезгілде Август Теплерге тәуелсіз басқа неміс ғалымы Вильгельм Гольц (1836 –1913) жасады. Гольц машинасы Теплер машинасымен салыстырғанда потенциалдар айырмасын көбірек алуға мүмкіндік алды және оны тұрақты электр тогы көзі ретінде пайдаланылды.
Қолдану аймағы:
Электрофор машинасы физика пәні бойынша электростатика тарауын оқыған кезде демонстрациялық тәжірибелер көрсету кезінде үлкен зарядтарды және жоғары потенциалдар айырмасын алуға негізделген.

Электрофор машинасын CD-R дискісін пайдаланып жасалу жолдары
Электрофор машинасы компакт дискісі мен екі кулерден жасалған. Конденсатор дискісінің арасындағы саңылаудан 20000 Вольтка дейін жинақтайды. Жасалу жолымен суретін ұсынып отырмын. Оңай жасақталатын прибор.

2 CD-R дискасын алып ( ондағы информациясы бар кабатты оңай тазалауға болады) және оны жабындысынан тазартып, содан кейін спиртпен сүртіп тазаладым. Содан кейін желдеткішті герметизация жасауға пайдаланатын алюминий түсті скотчтан сектор қиып, дискаға жапсырдым (сурет.1). Ондай скочты құрылыс дүкендерінен сатып алу қиынға түспейді. Содан кейін компьютер ИБП – сынан 2 кулер алып, жан-жағындағы қанаттарын электрофор машинасының щеткасына кедергі келтірмес үшін қиып тастадым. Дискілер двигательге n қашықтықта бекітілген. Диск арасындағы алшақтық өте аз болуы шарт, себебі оған машинаның ПӘК – і тәуелді болады. Щетка ұстағышы диаметрі d = 1 мм болатын жез сымнан жасалған. Ал щетканың өзі көп тінді сымнан жасалған.

Машинаны жүргізу. ... Щетка дұрыс орналасқан жағдайында және олар диск айналасына дұрыс жанасқан жағдайда двигательді іске қосқан кезде ақ машина кернеуді өндіре бастайды. Бірақ мұндай жағдай ұзаққа бармайды және щеткамен диска арасында саңылау пайда болады. Бірақ оны жою қиынға соқпайды. Двигательді жүргізу үшін щетканы шамалы қысу керек немесе дисканы электрлік емес затпен зарядтау қажет( машинаның дұрыс жұмы жасап тұрғанын диск айналасынан озон иісінің шығуымен сипатталады).
Ескерту !!!
Құрылғы жоғарғы кернеуге арналған ! Оны пайдалану кезінде өте сақ болған жөн!
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
гылыми Электрофор машинасын CD R дискісінен жасау гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Физика ғылыми жұмыстар пән, Электрофор машинасын CD R дискісінен жасау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]