Рефераттар

Реферат: Қазақ әдебиеті | Бөлек Қараұлы

Бөлек Қараұлы (1700, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы — 1785, сонда) — батыр, қолбасы. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының асыл руынан. Сатай батырдың немересі. Сатайдың тұңғыш немересі болғандықтан Сатай баласы атанып кеткен. Бөлек 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Михаил Сергеевич Горбачёв

Михаил Сергеевич Горбачёв — 20 ғасырдың соңғы опжылдықтарындағы Ресей саясаткерлерінің ішіндегі ең танымалы. Оны ұлы реформатор деп те, Кеңес Одағын өлтірген адам деп те атайды.
Михаил Сергеевич 1931 жылдың 2 наурыз күні Ставропольенің Привольное селосында крестьяндар отбасында дүниеге келді.
1948 ж ол әкесімен бірге комбайнда жұмыс жасап, «Трудовой Красного Знамени» деген орден алған. 1950 ж Горбачёв мектепті күміс медальға бітіріп, Мәскеу университетінің Заң факультетіне түсті.Кейінірек ол былай деп айтатын: «юриспруденция және құқықтың не екенін мен ол кезде дұрыс түсінбейтінмін, бірақ соттар мен прокуратура орны маған қатты ұнайтын ».
Ол кезде ол Мәскеуде алғаш рет болған. Көп жылдар өткеннен соң ол былай деп есіне алатын
«Салыстырыңызшы: Привольное селосы және ... Москва. Айырмашылығы өте үлкен... Бәрі де мен үшін ең алғаш рет болды: Красная площадь, Кремль, Үлкен театр — алғашқы опе¬ра, алғашқы балет, Третьяковка, сурет салу өнерінің музйі... Москва өзенімен ең алғаш рет катермен қыдырғаным, Подмосковьедағы экскурсия, алғашқы қазан демонстрациясы... Әрбір кезде ештеңемен салыстыруға келмейтін жаңа нәрсені білу сезімі туады». Жас про¬винциалдың білім мен мәдениетке деген құштарлығы мол болды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | БІРЖАСУШАЛЫ ЖӘНДІКТЕР

БІРЖАСУШАЛЫ ЖӘНДІКТЕР
Денесі цитоплазмадан, бір немесе бірнеше ядродан (опалина) тұратын өте ұсақ жәндіктер қарапайым жәндіктер типіне жатқызылады. Олардың табиғатта 70 мыңға жуық түрі бар деп есептеледі.
Қарапайым жануарларда ішкі қаңқа және омыртқа жотасы болмайды. Сондықтан бұларды жәндіктер тобына жатқызамыз. Біржасушалы жәндіктердің құрылысы өте қарапайым. Олар жалғанаяқтың, талшықтың, кірпікшелердің жәрдемімен қозғалады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері

Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жүйке және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы,әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жок, дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудін, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) кимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Алғашқы қауымдық құрылыс

Адамзаттың даму сатысының ең алғашқы құрылымы алғашқы қауымдық құрылыс болып саналады. Дүние жүзіндегі барлық халықтар осы сатыны бастарынан кешірді. Жалпы адамның пайда болуы туралы ғылымда осы күнге дейін екі пікір қалыптасқан. Біріншісі — креационизм, екіншісі эволюция теориясы. Креационизм (латын сөзі- create — жасау) бүкіл әлемнің барлығын, соның ішінде адамды да аяқталған күйінде құдайдың жаратуымен түсіндіреді. Құран, Библия сияқты қасиетті кітаптар осы теорияны уағыздайды. Мысалы, қасиетті Құран-кәрім былай дейді: «Ол: «Бол» деген күні бола кетті. Оның сөзі шын» (әнғам сүресі, 73-аят). «Көктер мен жердің кілттері Оның иелігінде... жер бүтіндей Онын уысында» (зүмәр сүресі, 63, 67 аяттар).
Эволюция теориясы жалпы әлемнің жердің пайда болуын Үлкен Жарылыс теориясымен түсіндіреді. Эволюционистердің пайымдауы бойынша әлемдік кеңістікте осыдан 9-18 миллиард жыл бұрын тығыз массалы, температурасы триллион градус болған әлемдік дүниедегі материяның үлкен Жарылысы болған. Соның нәтижесінде ұзақ уақыт аралығында шашыраған атомдар мен молекулалар планеталар мен жерді қалыптастырды. Келе-келе дамудың барысында молекулалар бір-бірімен қосылып, қарапайым өмірдің пайда болуына себепші болды. Миллион жылдар өте олар күрделі өмірдің формаларын қалыптастырды. Бірақ, жарылыс жасап, басқа күрделі зат немесе өмір пайда болады дегенге сену киын. Осыған байланысты жер бетінде адамдардың пайда болуы туралы мәліметтер де бір-біріне қарама-қайшы келеді. Көптеген тарихи әдебиеттерде адамзаттың тарихы осыдан 2,6 миллион жыл бұрын бастағаны тілге тиек етіледі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Саясаттану | Саяси режим

Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика

Педагогика өзінің даму кезеңінде тәрбие мен білім беру жайлы жалпыға ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, оларға педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, оқыту және білім беру теориясы — дидактика т. б. жатады. Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты мәдени – ағарту қызметкерлерінің педагогикасы түзеле - еңбек педагогикасы пайда болады.
Мектепке дейінгі педагогика үйелмендегі, балалар бақшасындағы, демек, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді.
Мектеп подагогикасы кіші, орта және жоғары жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін зерттейді.
Педагогика тарихы — педагогиканың өз бетінше жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуыным, заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан біздің заманымыздағы педагогикалық теория мен практиканы дамыту үшін өткен кезеңдердегі педагогикалық бай мұраларды терең зерттеп, шығармашылықпен қолданудың маңызы өте зор. Міне, осы жағдайда болашақ ұстаздар оқыту мен тәрбие мәселелерін озат педагогтардың мұраларымен байланыстыра шешетін болады.
Дефектология — педагогика ғылымының арнаулы саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи комектігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттеп жетілдіреді. Дефектология төрт салаға белінеді: о еурдопедагогика — санырау, мылқау және керең балаларға, тифлопедагогика — соқыр балаларға, олигофренопедагогика — ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия—тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттеді.
Біздің еліміз мұндай кемістігі бар балаларға зор қамқорлық жасайды. Олар мемлекет есебінен мектептерде тегін оқытылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Франция

 Жерінің ауданы - 551 мың км2
 Халқы – 60,2 млн адам
 Астанасы – Париж
 Мемлекеттік құрылымы - республика
 Мемлекет басшысы – президент
 Үкімет басшысы – премьер-министр
 Заң шығарушы органы – екі палаталы парламент
 Мемлекеттік тілі – француз тілі
 Ақша бірлігі – еуро
Экономикалық – географиялық жағдайы және құрамы .Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет,жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен .Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді . Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника,Оңтүстік Америкадағы Гвиана ,Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады.Жалпы ауданы 127 мың км2 болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады.Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды.Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария ,ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен,оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі.Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді.Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр . Жағалауларында кеме тоқтайтын қолайлы қойнаулардың болуы Францияның ежелден – ақ теңіз көлігінің дамуына және Еуропа ғана емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан елдермен де сыртқы сауда экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт болды.Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады.1958 жылы генерал Шарль де Голль елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – Бесінші республиканы орнатты. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар,ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді .Президент тағайындаған премьер – министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді.Елдегі заң шығарушы орган – екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ТАЙҚАЗАН

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің есігінен аттаған адамның көзіне алғаш түсетін зат – қазандық бөлмесінің қақ ортасынан орын тапқан қасиетті Тайқазан.
Бойына талай сыр бүккен бұл қазанды бабалардың көзі деп, қолымен ұстап көруге әркім-ақ құмар. Кесенені салдырған Көреген Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25-маусымда, ( хижр. 801 жыл, 20-шәуәл) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Жол апатының келеңсіздіктерін алдын алу шаралары

Көптеген елдерде автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғасынан болатын материалдық және адам шағынының өсуі салдарынан қозғалысты ұйымдастыру және қауіпсіздікті қаматмасыз ету мәселелеріне баса назар аударылып отыр. Жол қозғалысы қауiпсiздiгінің негізгі мақсаты: жол-көлiк оқиғаларынан жарақаттану мен өлiм-жiтiмдi төмендету. Негiзгi мiндеті: адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың арасындағы заңға құлықтылықтың және жол қозғалысы саласында құқық бұзушылыққа келеңсiз қатынастардың стереотиптерiн қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және ақпараттық жұмыстардың кешендi жүйесiн құру. 2013 жылға қарай ЖКО нәтижесiнде қайтыс болғандардың санын 2009 жылғы деңгейден (2898 адам) 10 %-ға, 2015 жылға қарай 14 %-ға төмендету. 2013 жылға қарай зардап шегушiлерiмен ЖКО-ның санын 2009 жылғы деңгейден (14788 адам) 8%-ға, 2015 жылға қарай 10%-ға қысқарту
Осы мәселелердің тиімді шешіміне қол жеткiзу жолдары мен тиiстi шаралар: Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық танымын арттыру және қауiптi мiнез-құлқының алдын алу мақсатында жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша әлеуметтiк бейнероликтер, ақпараттық-талдау телевизиялық бағдарламаларды шығару, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша республикалық журнал басып шығару арқылы, қауiпсiз жол қозғалысын қамтамасыз ету саласында, профилактика және халықпен ақпараттық жұмыс iстеу жүйелiлiгiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және қамтамасыз ету жоспарлануда. ....
Рефераттар
Толық
0 0