Жарылғап батыр (шамамен 1733 — өлген жылы белгісіз) — батыр, би, шешен. Бұқар жырау "Қарашорда Сәңкібай, Алтекеде — Жидебай, Тобықтыда — Қараменде, Кернейде — Жарылғап” деп, Жарылғап батырды жоңғарларға қарсы шайқастарда ту ұстаған батырлар .....
1.Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам-жеке адам болып сипатталады. «Жеке тұлға» түсінігімен қатар біздің қолданымымызда «тұлға», «дара тұлға» терминдері бірге жүр.Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшіліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, оғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік- тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде- дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесіне бөлектенбейді. Дара адам - «homo sapiens» тектілердің өкілі,адамдық даму нышандарының иесі-нақты адам ....
Тәшенев Жұмабек Ахметұлы (20.03.1915 жылы Ақмола облысы Аршалы аудан Танагүл ауылында дүниеге келіп – 18.11.1986 жылы Шымкент қаласында дүниеден озған) – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962). Ақмола құрылыс техникумын (1932), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1955) бітірген. Қызметі: • 1934 – 1939 жылдары Бейнетқор ауданы атқару комитетінің хатшысы, аудан жер бөлімінің меңгерушісі • 1939 – 1943 жылдары Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары • 1944 – 1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі • 1947 – 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948 – 1952) • 1952 – 1955 жылдары Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы • 1955 –19 60 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы • 1960 – 1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы • 1961-1975 жылдары Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары....
Ұлы Түркі қағанаты. Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды. .....
Пролиферация (лат. proles - ұрпақ, fero - әкелу) қабынуға қатысатын әсіресе макрофагтар мен лимфоциттердің, жергілікті тін жасушаларының өсіп-өнуі. пролиферацияны дамытатын бірнеше медиаторлар белгілі, пролиферация үрдісі белгілі бір мөлшерде болуы қажет. Оның тым артық болуы ағзаның сыртқы пішінін өзгертетін және қызметін бүзатын артық тыртық тіннің өсіп-өніп кетуіне әкеледі. Бұл әсіресе жүрек қақпақшаларының, ми қабықтарының қабынуы кезінде өте қауіпті. Сондықтан қабыну ошағында дәнекер тіні же.сушаларының өсіп-өнуі белгілі мөлшерде шектеліп тұруы қажет. Сайын келгенде, тіннің кішігірім бүлінулерінде, жарақаттануында асқынбай бітетін қабыну үрдісі толық қалпына келумен аяқталады. Тым көп жасушалар тіршілігін жоғалтқанда ақау дәнекер тінге ауысып артынан тыртық пайда болады. .....
Жедел ринит-мұрынның шырышты қабатының қабынуы. Этиологиясы: вирустар, микроорганизмдер, аллергиялық, механикалық, химиялық, гипертермиялық тітіркендіргіштер. Осы этиологиялық факторлардың әсерінен мұрынның шырышты қабатының ісінуі және гиперсекрециясы дамиды.
Клиникалық көрінісінің 3 кезеңі бар:
1. Құрғақ ринит, ұзақтығы 1 тәулік.
2. Серозды бөліністер кезеңі- 2-3 тәулік.
3. Іріңді бөліністер кезеңі- 3-4 тәулік, кейде бірнеше аптаға созылады.
Үлкен жастағы балаларда мұрнында және жұтқыншағында құрғақтық сезімі пайда болады. Тыныс алу қиындайды, жас ағу, бас ауыру байқалады, иіс сезуі төмендейді. Жалпы жағдайы нашарлайды. Тыныс алудың нашарлауы емудің нашарлауына әкеледі. Дұрыс тамақтанбауы ұйқынуының бұзылуына, мазасыздыққа әкеледі. Дене салмағы төмендейді. Дене қызуының көтерілуі бірнеше тәулікке созылады. Жұтқыншақтың артқы қабырғасымен шырыштың ағуы әсіресе түнде жөтелге әкеледі.
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді. Бүгін мен сіздерге еліміз бен қоғамымыздың одан әрі дамуы жайындағы өз пайымымды баяндамақпын. Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік туғызады. Әңгіме еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің клубына қарай ілгерілеуі жөніндегі нақты қадамдары туралы болмақ, бұл жайында алдыңғы Жолдауда да айтылған еді. 1997 жылы сіздер мен ұсынған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын қолдадыңыздар, онда біздің қоғамның келешек мүмкіндіктері мен біздің мемлекеттің ұлық мұратына деген көзқарас таныстырылған болатын. Бұл әлі қанаты қатая қоймаған жас тәуелсіз мемлекеттің ұлы таңдауы еді. Сол кезде осы Стратегия турасында күмән аз бола қоймағанын білемін. Сол уақытта, естеріңізде болар, біздің жинақтаған қорымыз негізінен зілбатпан әлеуметтік-экономикалық проблемалардан және егеменді даму мен либералдық реформалардың азын-аулақ алғашқы тәжірибелерінен ғана тұратын. Сол тұста, 10 жыл бұрын, біз өз таңдауымызда қателескен жоқпыз.....
Апоптоз-өте қызықты феномен.Бұл термин пайда болғанына көп уақыт өткен жоқ.жасушаның бөліну процессін бақылау, оның тірі қалу уақытын анықтау үшін қажет. Жасушаның даму жылдамдығын анықтау үшін пролиферация жылдамдығы мен өлу мерзімін салыстырады.жасушаның көбею компоненттері стимуляция жылдамдығынан және басу жылдамдығына байланысты. Жасушаның жойылу жылдамдығына стимуляция және ингиберлеу жылдамдықтарына байланысты. Каскад процестеріне: -хроматин конденсациясы -ядроның ыдырауы -плазматикалық мембраннаның күптенуі -жасуша фрагментациясы аоптоз денешіктерінің дискреттігімен байланысты. Бұл процесс жасушаның бағдарламаланған өкілі.Апоптозға әкеп соқтыратын процесстер әртүрлі болдаы.Норма ббойынша жасушалардың жойылуы: -ағза дамуында -жасушалардың физилогиялық жаңаруы -цитокиндер әсерінен пайда болған атрофия -вирустық аурулар Апоптоз инициациясында молекулаларды процестер қатысады 1) екі валенті катионың әсері ( Са(2+) және Zn(2+)) 2) апоптоз жасушаларының мембраналарының өзгеруі 3) сигналдық тарау жолдары Әрбір клеткада өзіндік жеке «гильотинасы» болады.Егерде жасушаның өзінде немесе оның айналасында экстраординарлық шұғыл жағдайлар орын алса, жіп үзіліп гильотин төменгісі жасушаның «ұқыпты» өліміне соқтырады.Бұл «ұқыптылықта» айта кететін нәрсе көрші клеткалар зардапқа ұшырамауы тиіс. Жалпы айтқанда, ағзадағы жеке клеткалардың өлімі бұрыннан белгілі.Бірақ алғашында бұл құбылыс дегенеративтік құбылыс ретінде қабылданып келеді.Яғни бұл процесс терминальдық дифференцировка нәтижесіндегі жасушаның біртіндеп өлімі ретінде қарастырылды.Бұл көзқарастағы басқа тұжырымдар тек «Өмірге қабілетті жасушалар да өлімге ұшырайды» деген басқа тұжырымдар анықталғаннан кейін белгілі болды.Әрине, бұл клеткаларды басқаша қалай сипаттауға болады.Мсыалы үшін эмбриогенез барысында өлімге ұшырайтын жасушалар пронефрос немесе саусақ аралық қалқалық клеткаларын келтіруге болады.....
ОЖЖ-ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми, ораңғы ми, мишық, аралық ми, алдыңғы ми, жатады.Орталық жүйке системасы организмнің барлық системаларының қызметін біртұтас біріктіріп, сыртқы ортамен өзара қатынасын реттейді. Жүйке системасының біртұтастық қызметі үш түрге бөлінеді: сенсорлы, моторлы және вегетативті. Адамның сенсорлы және моторлы қызметі қосылып, соматикалық болып аталады.Соматикалық қызметті қамтитын бағыт барлық орталық жүйке системасына таралады-жұлыннан бастап ми сыңарларына дейін. Жұлын. Жұлын омыртқа жотасының қуысында орналасқан. Жұлын рефлекторлық және өткізгішті қызмет атқарады.Афференттік талшыктар жұлынның арттқы түбірлеріне келіп жанасады да, эфференттік талшықтар оңың алдыңғы түбірінен шығып таралады. Адамда байқалатын көптеген рефлекстер жұлыннын кызметіне байланысты. Мысалы, тізе рефлексі. Бұл рефлексті санның төрт басты бұлшық етін тітіткендіріп байқауға болады. Тізе рефлексінің жасқа тәуелді айырмашылықтары болады. Бір жастан кейін жасқа әруақытта пайда болуы мүмкін, бірақ та айқын болмайды. 8-23 жас аралықтарында тізе рефліксін әруақытта байқауға болады. Жұлын өткізгіштік қызмет атқарады, соның нәтижесінде ми мен барлық органдардың арасындағы байланыс жүзеге асады. Қозу импулстерін өткізетін екі түрлі жол болады: жоғары көтерілуі жолы және төмен түсу жолы. Жоғары көтерілу жолы арқылы шеткі органдардан (теріден, бұлшық еттерден т.б.) импульстер жұлынға және миға барады. Соның нәтижесінде ми қыртыстарында және оның жеке аймақтарында әртүрлі сезім түйсіктері пайда болады: жылыны сезу, суықты сезу, ауыртуды сезу т.б... Төмен түсетін жол рқылы импульстер нейрондардың бойымен шеткі бөлімге-органдарға барады. Осы импульстердің әсерінен әртүрлі органдардың қызметі өзгереді: екелет еттері жиырылады, несеп бөлінеді және нәжіс шығады т.б. Жұлын зақымдалса (ісік пайда болу, жарақаттану т.б.) оның өткізгіш жолдары зақымдалса, дененің түрлі бөлімдерінің сезімталдығы жоғала бастайды, бұлшық еттердің өздігінен жиырылуы бұзылады (сал болу) және басқа да өзгерістер байқалады. Жұлынның жүйке орталықтары зақымдалса, рефлекстер пайда болмайды немесе пайдп болған рефлекстер жойылып кетеді. Жұлынның алдыңғы және артқы бетіндегі ұзыннан ұзақ созылып жатқан сай болады, пішіні цилиндр тәрізді болып келеді. Бала төрт жасқа келгенде алдыңғы және артқы диаметрі ересек адамдарға жақындау болады. Алты жастан кейін жұлын көлденеңіне қарай көбірек өседі. Мойын және бел бөлімдері жуандау болып бітеді. Он екі жаста жұлынның диаметрі екі есе өседі. Жұлын жатқан омыртқа қуысының диаметрі 5-7 жасқа дейін едәуір үлкейеді. Омыртқа қуысының бұл жаста өсуі жұлын көлемінің жоғарлауына байланысты. ....
Семіздік, май басу — ағзада артық майдың жиналуы, тері асты клетчаткасын, шарбыны, т.б. тіндер мен органдарды май басу. Мұндай жағдайда майдың пайда болу процесі оның ыдырауына қарағанда жылдам жүреді. Көбінесе, семіздік үнемі артық тамақ ішкеннен болады. Бұл жерде қабылдайтын тағамның мөлшері мен калориясынан гөрі, адамның атқаратын жұмысына байланысты (ой еңбегі не дене еңбегі) тағамды организмнің қалай сіңіретіні үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ семіздікке дұрыс тамақтанбау, тәуліктік рационда сіңімді көмірсулар, қант, кондитерлік, тәтті тағамдар мен мал майларының (сары май, майлы ет) мөлшерден тыс көп болуы және организмнің тұқым қуалаушылық — дене бітімдік ерекшелігі де белгілі бір дәрежеде себеп болады. Маскүнемдік, ішімдіктерді үнемі ішу де семіздікке әкеледі, себебі олардың калориясы жоғары, ал оны ішкен кезде адамның тамаққа тәбеті ашылады. Кей жағдайда семіздік ішкі секреция органдарының ауруларымен де байланысты. семіздіктің 4 сатысы бар. .....